Қа­жы­лық­тың уә­жіп­те­рі
Қа­жы­лық­тың уә­жіп­те­рі
9 жыл бұрын 3047
Қайрат Жолдыбайұлы, Мұхитдин Исаұлы

Қа­жы­лық ғи­ба­да­тын­да қа­жы­лық­тың па­рыз­да­ры мен шарт­та­ры­нан бас­қа уә­жіп мін­дет­тер бар. Қа­жы­лық­та уә­жіп­тер­ді ша­ри­ғат­та үзір са­на­ла­тын се­беп­тер­сіз тас­тау – тах­ри­ман мәк­рүһ яғ­ни, ха­рам­ға жа­қын мәк­рүһ. Қа­жы­лық­тың па­рыз­да­ры орын­да­лып, уә­жіп­те­рі іс­тел­ме­ген жағ­дайда, қа­жы­лық дұ­рыс деп есеп­те­лі­не­ді. Бі­рақ ша­ри­ғат­та үзір са­на­ла­тын се­беп­тер­ден тыс, бас­қа се­беп­тер­мен уә­жіп­тер орын­дал­май қал­са, қа­жы­лық­тың дұ­рыс бо­луы үшін әр­бір орын­дал­ма­ған уә­жіп үшін жа­за ре­тін­де құр­бан ша­лу ке­рек. (Қа­жы­лық­та жә­не ум­ра­да іс­те­ле­тін кем­ші­лік­тер жә­не өте­ле­тін жа­за­лар бө­лі­мі­не қа­ра­ңыз).

Іс­тел­мей қал­ған уә­жіп қайта­дан жа­сал­ған жағ­дайда жа­за өтел­мейді. Мы­сал­ға, тауап­тың па­ры­зы са­на­ла­тын төрт айна­лым­ды жа­са­ған­нан кейін, уә­жіп үш айна­лым­ды жа­са­ма­са, орын­дал­ма­ған әр айна­лым үшін жа­за бе­ру ке­рек. Бі­рақ тауап­ты қайта­дан то­лық жа­са­ған жағ­дайда жа­за өтел­мейді.

 

Ха­на­фи мәз­һа­бын­да үзір са­на­ла­тын се­беп­тер

Ауру, қат­ты кә­рі бо­лу, қат­ты әл­сіз бо­лу, та­лып қа­лу, әйе­лер­дің хайыз бо­луы сияқ­ты самауи[1] се­беп­тер. Мы­сал­ға, Ара­фат­та уақ­фа жа­сап жат­қан­да та­лып, құр­бан айт­тан кейін оян­ған адам­ға, қа­жы­лық­тың уә­жіп­те­рі­нен са­на­ла­тын Муз­дә­ли­фә уақ­фа­сын, шай­тан­ға тас лақ­ты­ру­ды тәрк ет­ке­ні үшін жә­не шаш ал­ғы­зу­ды не­ме­се қыс­қар­ту­ды ке­шік­тір­ге­ні үшін жа­за өтеу қа­жет емес. Қа­жы­лы­ғы дұ­рыс ат­қа­рыл­ды деп есеп­те­ле­ді. Бі­рақ се­беп­тер адам­дар­дың қалауы­мен бол­са, мы­сал­ға, бір қыл­мыс іс­теп, түр­ме­де тұ­тыл­са, орын­дай ал­ма­ған уә­жіп­те­рі үшін жа­за өтеу ке­рек.

 

Муз­дә­ли­фә­да уақ­фа жасау

(қа­жы­лық­тың бі­рін­ші уәжі­бі)

Муз­дә­ли­фә – Ара­фат пен Ми­на­ның ор­та­сын­да ор­на­лас­қан жер­дің аты. Қа­жы­лық­та Ара­фа кү­ні­нің құр­бан айтқа қа­ра­ған тү­нін то­лық Муз­дә­ли­фә­да өт­кі­зу – сүн­нет, уақ­фа (бір ме­зет ғи­ба­дат ниеті­мен тұ­ру) жа­сау – уә­жіп. Муз­дә­ли­фә­ның «мұ­хас­сар» де­ген же­рі­нен бас­қа бар­лық же­рін­де уақ­фа жа­сауға бо­ла­ды.

 

Уақ­фа­ның дұ­рыс орын­да­луы­ның шарт­та­ры:

  1. Қа­жы­лық жа­сау ниеті­мен их­рам­ды бо­лу
  2. Ара­фат уақ­фа­сын жа­са­ған бо­лу
  3. Уақ­фа­ны Муз­дә­ли­фә аума­ғын­да жасау. «Ма'шар-Ха­рам» жақ­та жа­сау – сүн­нет.
  4. Құр­бан айт кү­ні таң­ның атуы­нан бас­тап, күн­нің шы­ғуына дейін­гі уа­қыт­та жасау. Кім­де-кім таң ат­пас­тан ке­тіп қа­лып, қай­тып Муз­дә­ли­фә­ға кел­ме­се уақ­фа­сы дұ­рыс бол­майды. Бұл – Ха­на­фи мәз­һа­бын­да. Ал Ша­фи­ғи, Хан­ба­ли мәз­һаб­та­рын­да уақ­фа­ның уақы­ты түн­нің екін­ші жар­ты­сы­нан бас­та­ла­ды. Бұл мәз­һаб­тар­да таң­ның атуы­мен уақ­фа уақы­ты шы­ғып, таң ат­қан­нан кейін жа­сал­ған уақ­фа дұ­рыс бол­майды.

Түн­ді Муз­дә­ли­фә аума­ғын­да өт­кі­зіп, таң на­ма­зын ер­те­рек оқып, на­маз­дан кейін тәк­бір, зі­кір ай­тып, дұ­ға жа­сап, уақ­фа­ны жа­рық бол­ған­ға дейін жал­ғас­ты­рып, күн шық­пас­тан Ми­на­ға қа­рай бет алу – сүн­нет.

 

Ақ­шам жә­не Құп­тан на­маз­да­рын «жам­ғу-та­хир­мен» оқу

Жам­ғу-та­хир – бі­рін­ші на­маз­дың уақы­ты шық­қан­нан кейін екін­ші на­маз­дың уақы­тын­да екі на­маз­ды бір­ге қо­сып оқу. Ара­фа кү­ні ақ­шам жә­не құп­тан на­маз­да­рын құп­тан уақы­тын­да Муз­дә­ли­фә­да бір­ге, қо­сып оқу – уә­жіп. Азан оқы­лып, қа­мат тү­сі­ріл­ген­нен кейін ақ­шам на­ма­зы­ның па­ры­зы оқы­ла­ды. Сә­лем бер­ген соң, тәш­риқ тәк­бі­рі айты­ла­ды. Со­сын азан ша­қы­рыл­мас­тан, қа­мат тү­сі­ріл­мес­тен құп­тан на­ма­зы­ның па­ры­зы оқы­ла­ды. Сә­лем­нен кейін тәш­риқ тәк­бі­рі айты­ла­ды. Осы­лайша ақ­шам мен құп­тан на­маз­да­ры бір азан, бір қа­мат­пен құп­тан уақы­тын­да оқы­ла­ды. Со­сын құп­тан­ның соң­ғы сүн­не­ті мен үтір уәжі­бі оқы­ла­ды. Ақ­шам на­ма­зы­ның па­ры­зын оқы­ған­нан кейін сүн­не­тін оқу – мәк­рүһ.



[1] Адамның қалауынсыз, еркінен тыс себептер.

0 пікір