Қа­жы­лық­қа ке­дер­гі кей­бір жағ­дай­лар
Қа­жы­лық­қа ке­дер­гі кей­бір жағ­дай­лар
9 жыл бұрын 3611
Қайрат Жолдыбайұлы, Мұхитдин Исаұлы

1.  Әке – ше­ше

Әке-ше­ше ба­ла­сы­ның нә­піл қа­жы­лық­қа не­ме­се ум­ра­ға ба­руына бө­гет жа­сай ала­ды. Өйтке­ні, Ис­лам ді­нін­де әке-ше­ше­ге қыз­мет ету – жи­һад. Бі­рақ па­рыз қа­жы­лық­қа бө­гет бо­ла ал­майды. Па­рыз қа­жы­лық­та әке-ше­ше­ден рұқ­сат сұ­рау – сүн­нет.

 2.  Их­сар

Дұш­пан­ның бө­гет бо­луына не­ме­се ауру сияқ­ты се­беп­тер­ге байла­ныс­ты қа­жы­лық не­ме­се ум­ра жа­сау үшін их­рам­ға кір­ген адам­ның қа­жы­лық­ты не­ме­се ум­ра­ны аяқ­та­мас­тан, их­рам­нан шы­ғу­ға мәж­бүр болуы. Бұн­дай бө­гет­тер­ге мәж­бүр боп қал­ған адам­ға «мұх­сар» де­лі­не­ді. Мұх­сар атал­мыш бө­гет­тер­дің ашы­луы мүм­кін бол­ма­ған жағ­дайда их­рам­нан шы­ға­ды. Шық­қан жағ­дайда құр­бан ша­лу мін­дет.

 

Қа­жы­лық ғи­ба­да­ты­ның дұ­рыс орын­да­лу шарт­та­ры

1. Мұ­сыл­ман бо­лу. Қа­жы­лық ғи­ба­да­ты­ның па­рыз­ды­ғы­ның әрі орын­да­луы­ның дұ­рыс­ты­ғы­ның шар­ты.

2. Ар­найы жер­лер: Ара­фат жә­не Қағ­ба.

3. Ар­найы уа­қыт. Зия­рат тауабы­ның уақы­ты – құр­бан айт та­ңы­нан бас­тап, өмі­рі­нің со­ңы­на дейін. Бі­рақ зия­рат тауа­бын құр­бан айт­тың ал­ғаш­қы үш кү­нін­де орын­дау уә­жіп бол­ған­дық­тан, кім­де-кім бұл уа­қыт­тан ке­шік­тір­се, қа­жы­лы­ғы­ның дұ­рыс бо­луы үшін құр­бан ша­лу­ға мін­дет­ті. Ал Ара­фат тауын­да тұ­ру­дың уақы­ты – ара­фа кү­ні түс ау­ған­нан кейін құр­бан айт кү­ні таң на­ма­зы­ның уақы­ты кір­ген­ге дейін­гі уа­қыт.

4. Их­рам. Қа­жы­лық не­ме­се ум­ра яки екеуін бір­ге жа­сау ниеті­мен, бас­қа уа­қыт­та ха­лал бол­ған кей­бір іс­тер­ді, қа­жы­лық не­ме­сі ум­ра уақы­тын­да кі­сі­нің өзі­не ха­рам қылуы.

0 пікір