Қа­жы­лық ғи­ба­да­ты­ның бас­тан-аяқ то­лық орын­да­лу ба­ры­сы
Қа­жы­лық ғи­ба­да­ты­ның бас­тан-аяқ то­лық орын­да­лу ба­ры­сы
9 жыл бұрын 3457
Қайрат Жолдыбайұлы, Мұхитдин Исаұлы

1. Их­рам

Қа­жы­лық амал­да­ры их­рам­ға кі­ру ар­қы­лы бас­та­ла­ды. Их­рам­ға кір­мес бұ­рын тыр­нақ­та­рын жә­не қол­тық­тың, ұят­ты жер­дің түк­те­рін алып, мүм­кін­ші­лік бол­са ғұ­сыл[1] құйы­нып, бол­ма­са дә­рет ала­ды. Де­не­ге байла­ныс­ты осы атал­мыш дайын­дық­тар­ды ат­қар­ған­нан кейін ер кі­сі­лер әдет­те­гі киім­де­рін ше­шіп, ри­да[2] жә­не изар[3] деп ата­ла­тын екі бө­лік ма­та­мен ора­на­ды. Бас­та­ры­на еш нәр­се жа­бу­ға бол­майды. Аяқ­та­ры­на тә­піш­ке киеді. Ал әйел­дер әдет­те­гі киім­де­рін ауыс­тыр­майды. Олар­ға ті­гіл­ген киім, жа­бық аяқ киім, шұ­лық киюле­рі­не бо­ла­ды. Тек қа­на бет­те­рін жап­пайды. Ер кі­сі­лер де, әйел кі­сі­лер де мәк­рүһ уа­қыт бол­ма­са, екі рә­кат «их­рам на­ма­зын» оқи­ды. Бұл на­маз­дың бі­рін­ші рә­ка­тын­да «Ка­фи­рун» сү­ре­сін, екін­ші рә­ка­тын­да «Ық­ылас» сү­ре­сін оқи­ды. Одан кейін ниет етіп, тәл­бия ай­тып, их­рам­ға кі­ре­ді.

 

Иф­рад қа­жы­лы­ғын орын­дай­тын­дар

«Аллаһым, се­нің ри­за­лы­ғың үшін қа­жы­лық ғи­ба­да­тын орын­дауға ниет ет­тім, қа­жы­лық­ты ма­ған же­ңіл­дет жә­не оны ме­нен қа­был ал» – деп, тек қа­на қа­жы­лық­қа ниет етіп, ар­ты­нан «Ләб­бай­кАллаһум­ма ләб­байк, ләб­байка лә шә­ри­ка лә­кә ләб­байк, ин­нал­хам­да уан­ни'мә­тә лә­кә уал­мул­ка лә шә­ри­ка ләк», – деп тәл­бия айта­ды.

  

Тә­мат­туғ қа­жы­лы­ғын орын­дай­тын­дар

«Аллаһым, се­нің ри­за­лы­ғың үшін ум­ра жа­сауды ниет ет­тім. Ум­ра­ны ма­ған же­ңіл­дет жә­не ме­нен оны қа­был ал» – деп, тек қа­на ум­ра­ға ниет етіп, ар­ты­нан тәл­бия айта­ды.

 

Қи­ран қа­жы­лы­ғын орын­дай­тын­дар

«Аллаһым, се­нің ри­за­лы­ғың үшін ум­ра жә­не қа­жы­лық ғи­ба­да­тын орын­дауды ниет ет­тім. Қа­жы­лық пен ум­ра­ны ма­ған же­ңіл­дет жә­не олар­ды ме­нен қа­был ал» – деп, қа­жы­лық пен ум­ра­ға бір­ге ниет ете­ді. Со­сын тәл­бия айта­ды.

Ниет жә­не тәл­бия айту ар­қы­лы их­рам­ға кі­ре­ді. Их­рам­ға кір­ген­нен кейін их­рам­да тыйыл­ған бар­лық тыйым­дар бас­та­ла­ды. Қағ­ба­ға жет­кен­ге дейін жол бойы тәл­бия: «Ләб­бай­кАллаһум­ма ләб­байк, ләб­байка лә шә­ри­ка лә­кә ләб­байк, ин­нал­хам­да уан­ниғ­мә­тә лә­кә уал­мул­ка лә шә­ри­ка ләк» жә­не тәк­бір: «Аллаһу әк­бар, Аллаһу әк­бар лә ила­һә ил­лал­ло­һу уАллаһу әк­бар, Аллаһу әк­бар уә лил­ла­һил­хамд» жә­не тәһ­лил: «Лә илә­һә ил­лал­ло­һу уах­да­һу лә шә­ри­ка ләк, лә­һул-мул­ку уә лә­һул-хам­ду уә һуа а'ла кул­ли шайин қа­дир» – дұ­ға­ла­ры жә­не Пай­ғам­ба­ры­мыз­ға салауат айты­ла­ды.

Әсі­ре­се, жо­ға­ры шық­қан уа­қыт­та, тө­мен түс­кен уа­қыт­та, бас­қа қа­жы­лар­мен кез­дес­кен уа­қыт­та, на­маз­дар­дың со­ңын­да жал­пы әр мүм­кін­ші­лік­ті осын­дай қа­сиет­ті зі­кір­лер­ді айту­мен өт­кі­зу ке­рек.

Тәл­бия қа­жы­лық­та құр­бан айт­тың бі­рін­ші кү­ні Үл­кен шай­тан­ға (Ақа­ба жәм­ра­сы­на) тас лақ­ты­ру­ды бас­та­ған уа­қыт­та, ум­ра­да Мәс­жи­дул-Ха­рам­ның есі­гі­не жет­кен уа­қыт­та тоқ­та­ты­ла­ды.

Мек­ке­де­гі тұ­ра­тын үйіне не­ме­се қо­нақ үйіне бар­ған­нан кейін, мүм­кін­дік бол­са, ғұ­сыл бол­ма­са дә­рет алып, Мәс­жи­дул-Ха­рам­ға тәл­бия ай­тып ба­ра­ды. Бай­тул­лаһ­ты (Қағ­ба­ны) кө­рі­сі­мен үш рет тәк­бір жә­не тәһ­лил ай­тып, дұ­ға жа­са­ла­ды. Па­рыз на­ма­зы оқы­лып жат­па­са, де­реу тауап­қа бас­тайды.

 

2. Тауап

Мәс­жи­дул-Ха­рам­да тауап жа­сау «тахйиа­тул-мәс­жид» (ме­шіт­ке сә­лем бе­ру) на­ма­зы ре­тін­де жүр­ген­дік­тен, егер па­рыз на­ма­зы оқы­лып жат­па­са, де­реу тауап­ты бас­тайды.

Иф­рад қа­жы­лы­ғын­да ал­ғаш­қы жа­са­ла­тын тауап – «қа­дум тауабы», ал тә­мат­туғ жә­не қи­ран қа­жы­лы­ғын­да бол­са – ум­ра тауабы.

Иф­рад қа­жы­лы­ғын орын­дау үшін их­рам­ға кір­ген­дер: «Аллаһым, се­нің ри­за­лы­ғың үшін қа­дум тауа­бын жа­сауды ниет ет­тім. Қа­дум тауа­бын ма­ған же­ңіл­дет жә­не оны ме­нен қа­был ал», – деп ниет етіп, тауап­қа бас­тайды. Ара­фат­тан қайт­қан­нан кейін зия­рат тауабы­ның ар­ты­нан жа­са­ла­тын қа­жы­лық са­ғиін қа­дум тауабы­нан кейін де жа­сауға бо­ла­ды. Қа­дум тауабы­нан кейін жа­сал­ған жағ­дайда, зия­рат тауабы­нан кейін жа­сал­майды. Егер қа­дум тауабы­нан кейін қа­жы­лық са­ғиін жа­сауды қа­ла­са, бұл тауап­та «из­ти­ба»[4] жә­не «рә­мәл»[5] жа­са­ла­ды. Әйел­дер из­ти­ба жа­са­майды.

Қа­дум тауабы­нан кейін қа­жы­лық са­ғиі жа­сал­май­тын бол­са, тауап­та из­ти­ба жә­не рә­мәл жа­сал­майды. Тауап жа­са­ған соң на­маз оқи ала­тын­дай орын тап­са, Иб­ра­һим ма­қа­мын­да, ал, егер қат­ты ты­ғыз бо­лып, орын бол­ма­са ме­шіт­тің кез кел­ген же­рін­де екі рә­кат тауап на­ма­зы оқы­лып, ар­ты­нан тауап дұ­ға­сы жа­са­лып, зәм­зәм суы іші­ле­ді. Со­сын қа­ла­са тә­мат­туғ жә­не қи­ран қа­жы­лы­ғын орын­даушы­лар ум­ра са­ғиін, иф­рад қа­жы­лы­ғын орын­даушы­лар қа­жы­лық са­ғиін жа­саула­ры­на бо­ла­ды. Иф­рад қа­жы­лы­ғын орын­дай­тын­дар қа­жы­лық са­ғиін жа­сау ар­қы­лы их­рам­нан шық­пайды. Их­рам­ды күйде қа­жы­лық­тың қал­ған амал­да­ры­ның орын­да­ла­тын күн­де­рін кү­те­ді.

Тә­мат­туғ қа­жы­лы­ғын орын­дай­тын­дар ми­қат­та тек қа­на ум­ра үшін ниет ет­кен­дік­те­рі үшін: «Аллаһым, мен се­нің ри­за­лы­ғың үшін ум­ра тауа­бын жа­сауды ниет ет­тім, ум­ра тауа­бын ма­ған же­ңіл­дет жә­не ме­нен қа­был ал», деп ниет етіп, ум­ра­ның тауа­бын жа­сап, екі рә­кат тауап на­ма­зын оқы­ған­нан кейін зәм­зәм суын іше­ді. Со­сын ум­ра­ның са­ғиін жа­сау үшін Са­фа тө­бе­сі­не ба­рып, ум­ра са­ғиін жа­сап, ша­шын ал­ғы­зып яки қыс­қар­тып их­рам­нан шы­ға­ды. Қа­жы­лық­қа ниет етіп, қайта­дан их­рам­ға кі­ре­тін зил­хиж­жа­ның се­гі­зін­ші кү­ні­не дейін Мек­ке­де их­рам­сыз күйде бо­ла­ды. Зил­хиж­жа­ның се­гі­зін­ші кү­нін­де: «Аллаһым, се­нің ри­за­лы­ғың үшін қа­жы­лық ғи­ба­да­тын орын­дауға ниет ет­тім. Қа­жы­лық­ты ма­ған же­ңіл­дет жә­не оны ме­нен қа­был ал», – деп ниет етіп, тәл­бия ай­тып, қайта­дан их­рам­ға кі­ре­ді. Нә­піл тауап жа­сап, ар­ты­нан зия­рат тауабы­нан кейін жа­са­ла­тын қа­жы­лық са­ғиін жа­сауға бо­ла­ды. Нә­піл тауап­тан кейін қа­жы­лық са­ғиі жа­сал­ған жағ­дайда зия­рат тауабы­нан кейін екін­ші рет жа­сал­майды.

Қи­ран қа­жы­лы­ғын орын­дай­тын­дар ми­қат­та их­рам­ға кі­рер кез­де ум­ра­мен бір­ге қа­жы­лық ғи­ба­да­тын да орын­дауды ниет ет­кен­дік­те­рі үшін: «Аллаһым, се­нің ри­за­лы­ғың үшін ум­ра тауа­бын жа­сауды ниет ет­тім. Ум­ра­ны ма­ған же­ңіл жа­са жә­не оны ме­нен қа­был ал», деп ниет етіп, ум­ра­ның тауа­бын жа­сап, ар­ты­нан тауап на­ма­зын оқи­ды. Со­сын зәм­зәм суын ішіп, Са­фа жә­не Мә­руа тө­бе­ле­рі­не ба­рып, ум­ра­ның са­ғиін жа­сайды. Ум­ра са­ғиін жа­са­ған соң шаш­та­рын ал­ғы­зу­ға, қыс­қар­ту­ға бол­майды. Их­рам­нан шық­пайды.

Бі­раз уа­қыт дем ал­ған­нан кейін қа­дум тауа­бын жа­сап, тауап на­ма­зын оқы­ған соң қа­ла­са, қа­жы­лық са­ғиін жа­саула­ры­на бо­ла­ды. Там­мат­туғ жә­не қи­ран қа­жы­лық­та­рын­да ум­ра тауап­та­ры­нан кейін ум­ра­ның са­ғиі орын­да­ла­тын­дық­тан тауап­та из­ти­ба жә­не ал­ғаш­қы үш айна­лы­мын­да «рә­мәл» жа­са­ла­ды.

Қа­жы­лық­тың иф­рад, тә­мат­туғ, қи­ран түр­ле­рі­нің қайсы­сын орын­да­са да, бар­лық қа­жы­лар зил­хиж­жа­ның се­гі­зін­ші кү­ні Мек­ке­ден шы­ғып, Ми­на­ға ба­рып тү­неп, ер­те­сі Ара­фат­қа ба­ра­ды не­ме­се се­гі­зін­ші кү­ні ті­ке­лей Ара­фат­қа ба­ра­ды. Бұ­дан кейін бар­лық қа­жы­лар­дың орын­дай­тын амал­да­рын­да еш өз­ге­ріс жоқ.

 

1. Тәруия кү­ні (зил­хиж­жа­ның 8-ін­ші кү­ні)

Бар­лық қа­жы­лар тәруия кү­ні (зил­хиж­жа­ның 8-ін­ші кү­ні) таң на­ма­зын Мек­ке­де оқи­ды. Күн шық­қан­нан кейін тәл­бия, тәк­бір, таһ­лил ай­тып, Ми­на­ға қа­рай бет ала­ды. Өйтке­ні, Тәруия кү­ні бе­сін, на­маз­ды­гер, ақ­шам, құп­тан жә­не ара­фа кү­ні­нің таң на­ма­зын Ми­на­да оқу – сүн­нет. Бі­рақ қа­зір­гі кез­де оңай бол­сын деп Ми­на­ға бар­май бір­ден Ара­фат­қа ба­ру­да.

 

2. Ара­фа кү­ні (зил­хиж­жа­ның 9-ын­шы кү­ні)

Қа­жы­лар ара­фа кү­ні таң на­ма­зын Ми­на­да оқып, күн шық­қан­нан кейін Ара­фат тауына қа­рай бет ала­ды. Түс­ке дейін Ара­фат­қа ба­ру – сүн­нет. Ара­фат­та түс­ке дейін ша­тыр­лар­да ғи­ба­дат жа­сап, дем ала­ды. Түс­тен кейін мүм­кін­ші­лік­ке қа­рай ғұ­сыл не­ме­се дә­рет ала­ды. Бе­сін жә­не на­маз­ды­гер на­маз­да­рын бе­сін уақы­тын­да бір­ге қо­сып, На­ми­ра ме­ші­тін­де не­ме­се ша­тыр­да оқи­ды. На­маз­дан кейін Ара­фа тауы­ның «Жә­ба­лул-рах­ма» де­ген же­рін­де не­ме­се Ара­фа тауы­ның кез кел­ген же­рін­де уақ­фа[6] жа­сайды. Кә­рі кі­сі­лер уақ­фа­ны өз­де­рі­нің ор­на­лас­қан ша­тыр­ла­ры­на жа­қы­ны­рақ жер­де жа­са­ған­да­ры аб­зал. Өйтке­ні, ша­тыр­лар бір-бі­рі­не қат­ты ұқ­сас жә­не көп бол­ған­дық­тан ада­сып ке­ту­ле­рі әб­ден ық­ти­мал. Кү­ні бойы күн бат­қан­ға дейін тәл­бия, тәк­бір, таһ­лил, зі­кір ай­тып, дұ­ға жа­сап, Аллаһ Та­ға­ла­дан кү­нә­ла­ры­ның ке­ші­рі­луін сұ­рап, жал­ба­ры­нып ті­лек ті­лейді.

Қа­жы­лар күн бат­қан­нан кейін ақ­шам на­ма­зын оқы­мас­тан Муз­дә­ли­фә­ға қа­рай бет ала­ды. Ақ­шам жә­не құп­тан на­маз­да­рын құп­тан уақы­ты кір­ген­нен кейін Муз­дә­ли­фә­да бір­ге қо­сып оқи­ды (Муз­дә­ли­фә уақ­фа­сы­на қа­ра­ңыз). Құр­бан айтқа қа­ра­ған түн Муз­дә­ли­фә­да тәл­бия, тәк­бір, таһ­лил, зі­кір жә­не ис­тиғ­фар ай­тып, ғи­ба­дат­пен жә­не дем алып, ты­ны­ғу­мен өт­кі­зі­ле­ді. Шай­тан­ға тас лақ­ты­ру­да қол­да­ну үшін Муз­дә­ли­фә­дан 70 тал тас жи­нап алу аб­зал. Әри­не, бас­қа жер­ден жи­науға да бо­ла­ды.

 

3. Құр­бан айт­тың бі­рін­ші кү­ні (зил­хиж­жа­ның 10-ын­шы кү­ні)

Таң ат­қан­нан кейін Муз­дә­ли­фә­да таң на­ма­зы оқы­ла­ды.Таң на­ма­зы­нан кейін Муз­дә­ли­фә уақ­фа­сы жа­са­ла­ды. Жер­ге жа­рық түс­кен­ге дейін дұ­ға еті­ліп, ті­лек ті­ле­не­ді. Со­сын қа­жы­лар күн шық­пай Ми­на­ға қа­рай бет ала­ды.

Ми­на­да ша­тыр­лар­ға ор­на­лас­қан­нан кейін шай­тан­ға тас лақ­ты­ру үшін Үл­кен шай­тан­ға (Ақа­ба жәм­ра­сы­на) ба­ра­ды. Құр­бан айт­тың бі­рін­ші кү­ні Үл­кен шай­тан тас­қа (Ақа­ба жәм­ра­сы­на) же­ті тас лақ­ты­ры­ла­ды. Әр тас­ты:

{بِسْمِ الَّلهِ , أللهُ أكْبَرُ رَغْمًا لِلشَّيْطَانِ وَ حِزْبِهِ}

«Бис­мил­ла­һи, Аллаһу әк­бар, рағ­ман лиш-шайта­ни уа хиз­биһ» деп ай­тып, лақ­ты­ра­ды. Ма­ғы­на­сы: «Аллаһтың атымен! Аллаһ ұлы, шай­тан жә­не оған ер­ген­дер қа­ла­ма­са да». Ал­ғаш­қы тас лақ­ты­рыл­ған­да тәл­бия айту тоқ­та­ты­ла­ды.

Үл­кен шай­тан­ға же­ті тас лақ­тыр­ған­нан кейін тә­мат­туғ не­ме­се қи­ран қа­жы­лы­ғын орын­даушы­лар Ха­рам аума­ғы­ның кез-кел­ген же­рін­де мойын­да­ры­на уә­жіп құр­бан­да­рын ша­ла­ды не­ме­се бас­қа бі­реуді өкіл жа­сап шал­ды­ра­ды. Иф­рад қа­жы­лы­ғын орын­даушы­лар­ға құр­бан ша­лу­ла­ры уә­жіп бол­ма­ған­дық­тан нә­піл құр­бан ша­лу­ла­ры­на бо­ла­ды.

Иф­рад қа­жы­лы­ғын орын­даушы­лар Үл­кен шай­тан тас­қа (Ақа­ба жәм­ра­сы­на) тас лақ­тыр­ған­нан кейін, ал, тә­мат­туғ жә­не қи­ран қа­жы­лы­ғын орын­даушы­лар құр­бан­да­рын шал­ған соң, шаш­та­рын ал­ғы­зып не­ме­се қыс­қар­тып их­рам­нан шы­ға­ды. Их­рам­да ха­рам бол­ған нәр­се­лер­дің бә­рі қайта­дан ха­лал бо­ла­ды. Тек қа­на әйел­де­рі­мен бар­ған­дар зия­рат тауа­бын жа­са­ған­ға дейін жы­ныс­тық қа­ты­нас жа­сай ал­майды.

Их­рам­нан шық­қан­нан кейін, Мек­ке­ге ба­рып зия­рат тауабы жа­са­ла­ды. Бұл тауап бы­лай жа­са­ла­ды: Жақ­сы­лап дә­рет алып, бар ықы­лас­пен Мәс­жи­дул-Ха­рам­ға қа­рай зі­кір ай­тып, баяу жү­ріс­пен ба­ра­ды. Ер кі­сі­лер тауап­ты бас­та­мас бұ­рын ри­да­ла­рын (де­не­нің үс­тің­гі жа­ғы­на ора­ла­тын их­рам ма­та­сы) оң қол­тық­та­ры­ның ас­ты­нан өт­кі­зіп, сол иық­та­ры­ның үс­ті­нен тар­та орайды. Ри­да­ны бұ­лай орауды «Из­ти­ба» дейді. Әйел­дер из­ти­ба іс­те­мейді. Тауап­қа байла­ныс­ты осы әзір­лік­тер­ді іс­те­ген­нен кейін «Аллаһым, мен се­нің ри­за­лы­ғың үшін зия­рат тауа­бын жа­сауды ниет ет­тім. Зия­рат тауа­бын ма­ған же­ңіл ет жә­не ме­нен қа­был ал» – деп ниет етеп, Рук­нул-Йәма­ни жа­ғы­нан қа­ра тас­тың қар­сы­сы­на ба­ра­ды. Мүм­кін­дік бол­са, тәк­бір жә­не таһ­лил ай­тып, қа­ра тас­ты сүйеді. Ал егер мүм­кін бол­ма­са, қол­мен иша­рат етіп, сә­лем­де­се­ді. Қа­ра тас­тың ор­на­лас­қан бұ­ры­шын­да тауап­тың бас­та­ла­тын же­рін біл­ді­ре­тін қо­ңыр сы­зық бар. Мі­не, осы сы­зық­тың тұ­сы­нан тауап бас­та­ла­ды. Егер тауап бұл сы­зық­тың яғ­ни, қа­ра тас­тың дәл қар­сы­сы­нан емес кіш­ке­не ал­дың­ғы жа­ғы­нан бас­та­лын­ған жағ­дайда айна­лым то­лық бол­май қа­ла­ды. Қағ­ба­ны сол жа­ғы­на алып, оң жа­ғы­мен тауап­ты бас­тайды. Әр айна­лым­ның ба­сын­да қа­ра тас­қа сә­лем бе­ре­ді. Бар­лық айна­лым­дар­да Рук­нул-Йәмә­ни мен Рук­нул-Ха­жа­рул-Әсуәд­тің ара­сын­да мы­на дұ­ға оқы­ла­ды:

 

{رَبَّنَا آتِنَا فِي الدُّنْيَا حَسَنَةً وَ فِي الآخِرَةِِ حَسَنَةً وَ قِنَا عَذَاب النَّارِ. وَ أدْخِلْنَاالْجَنَّةَ مَعَ الأبْرَارِ,يَا عَزِيزُ يَا غَفَّارُ, يَا رَبَّ الْعَالَمِينَ}

 «Раб­бә­на әәти­на фид-дуниәә ха­са­на­тан уа фил-әәхи­ра­ти ха­сә­на, уа қи­на а'аза­бән-нар. Уа ад­хил­нал-жән­на­та ма'ал-аб­рар, Иа А'ази­зу иа Ғаф­фар. Иа раб­бал-а'ала­мин». Ма­ғы­на­сы: «Раб­бы­мыз біз­ге бұл дү­ниеде де, ақы­рет­те де тек жақ­сы­лы­ғың­ды бе­ріп, біз­ді от аза­бы­нан сақ­та! Біз­ді жақ­сы, игі құл­да­рың­мен бір­ге жән­нат­қа кір­гіз. Уа, А'азиз, уа, аса ке­ші­рім­ді Ғаф­фар, уа, бү­кіл әлем­нің Раб­бы­сы»

Ал­ғаш­қы үш айна­лым­да ер кі­сі­лер адым­да­рын жиі-жиі алып иық­та­рын сіл­кі­ген бойда, жыл­дам-жыл­дам жү­ре­ді. Бұ­лай іс­теуге «рә­мәл» де­лі­не­ді. Рә­мәл іс­теу – сүн­нет, іс­те­лін­бе­ген жағ­дайда тауап­тың дұ­рыс­ты­ғы­на зиян кел­тір­мейді. Тауап аяқ­тал­ған­нан кейін мүм­кін бол­ған жағ­дайда, Иб­ра­һим ма­қа­мын­да, бол­ма­са ме­шіт­тің кез кел­ген же­рін­де екі рә­кат на­маз оқып, дұ­ға жа­са­ла­ды. Со­сын зәм­зәм суын іше­ді.

Егер ара­фа кү­ні­нен бұ­рын қа­жы­лық са­ғиі жа­сал­ма­ған бол­са, зия­рат тауабы­нан кейін жа­са­ла­ды. Зия­рат тауабы­ның құр­бан айт­тың үшін­ші кү­ні ақ­шам уақы­ты­на дейін жа­са­луы Имам Әбу Ха­ни­фа бойын­ша – уә­жіп, ал Имам Әбу Юсуп жә­не Имам Мұ­хам­мед бойын­ша – сүн­нет. Жал­пы Ха­на­фи мәз­һа­бын­да бұл тауап­ты құр­бан айт­тың бі­рін­ші кү­ні жа­сау – аб­зал.

Зия­рат тауа­бын жа­са­ған соң Ми­на­ға қайта қай­тып, шай­тан­ға тас лақ­ты­ру күн­де­рі­нің түн­де­рін сол жер­де өт­кі­зу Ха­на­фи мәз­һа­бын­да – сүн­нет, ал бас­қа мәз­һаб­тар­да – уә­жіп.

 

4. Құр­бан­ның екін­ші, үшін­ші жә­не төр­тін­ші күн­де­рі

(зил­хиж­жа­ның 11,12,13-ін­ші күн­де­рі)

Құр­бан айт­тың екін­ші жә­не үшін­ші күн­де­рі күн тас тө­бе­ден ау­ған­нан кейін бі­рін­ші, Кіш­кен­тай, екін­ші, Ор­та, со­сын Үл­кен шай­тан тас­тар­ға же­ті-же­ті­ден тас лақ­ты­ра­ды. Кіш­кен­тей жә­не Ор­та шай­тан тас­тар­ға тас лақ­ты­рып бол­ған­нан кейін дұ­ға жа­са­ла­ды. Үл­кен шай­тан тас­қа тас лақ­тыр­ған соң дұ­ға жа­са­май, де­реу ол жер­ден ке­те­ді. Құр­бан айт­тың екін­ші жә­не үшін­ші күн­де­рі күн тас тө­бе­ден ау­май шай­тан тас­тар­ға тас лақ­тыр­майды.

Құр­бан айт­тың төр­тін­ші кү­ні шай­тан тас­тар­ға тас лақ­тыр­май­тын­дар (бұл кү­ні лақ­ты­ру аб­зал, бі­рақ уә­жіп емес) төр­тін­ші кү­ні таң ат­пай Ми­на­дан қайту­ла­ры шарт. Әйтпе­се, төр­тін­ші кү­ні де тас лақ­ты­ру­ла­ры уә­жіп боп қа­ла­ды.

Айт­тың төр­тін­ші кү­ні де Ми­на­да қал­ған­дар үш шай­тан тас­тың әр­қайсы­сы­на же­ті-же­ті­ден тас лақ­ты­рып, Мек­ке­ге қайта­ды.

Ми­қат ше­ка­ра­ла­ры­ның сыр­ты­нан кел­ген­дер Мек­ке­ден шы­ғар кез­де қош­та­су тауа­бын жа­сайды. Бі­рақ одан да бұ­рын жа­саула­ры­на бо­ла­ды. Егер бұ­рын жа­са­лып қойса, Мек­ке­ден шы­ғар кез­де қайта жа­сау шарт емес. Қош­та­су тауа­бын жа­са­ған­нан кейін Қағ­ба­ға ба­рып, на­маз оқып, нә­піл тауап жа­сауға бо­ла­ды. Бұн­дай жағ­дайда ең соң­ғы жа­са­ған нә­піл тауабы – уа­дағ (қош­та­су) тауабы деп есеп­те­ле­ді. Хайыз жә­не ни­фас жағ­дайын­да­ғы әйел­дер қош­та­су (уа­дағ) тауа­бын жа­са­майды. Мәс­жи­дул-Ха­рам­ның есі­гі­не дейін ба­рып, Қағ­ба­мен қош­та­сып қайта­ды. Иб­ну Аб­бас бұл ту­ра­сын­да «Әйел адам хайыз жағ­дайын­да бол­са, қош­та­су (уа­дағ) тауа­бын жа­са­мас­тан жол­ға шы­ғуына рұқ­сат етіл­ді»,[7] – деп риуаят ет­кен. Мі­не, осы­лайша қа­жы­лық амал­да­ры тә­мам­да­ла­ды.



[1] Денені толық жуу.

[2] Рида: Белден жоғары қарай жабылатын сүлгі яки мата.

[3] Изар: Белден төмен қарай жабылатын сүлгі яки мата.

[4] Изтиба: Дененің үстіңгі жағындағы жапқыштың бір ұшын оң қолтықтың астынан өткізіп, сол иыққа тастап, оң қолды иықпен бірге ашық тастау.

[5]Рәмәл: Тауаптың алғашқы үш айналымында иықтарды сілтіген бойда, қысқа адымдармен жылдам-жылдам жүру.

[6] Ғибадат мақсатымен Арафат тауында тұру.

[7] Бухари, Хайыз/27, Хаж/144, Муслим, Хаж/382(1328).

0 пікір