Ора­за­ның шар­тта­ры
Ора­за­ның шар­тта­ры
9 жыл бұрын 28433
Қайрат Жолдыбайұлы

Ора­за­ның па­рыз бо­лу шар­тта­ры

  1. Мұ­сыл­ман бо­лу: Ора­за мұ­сыл­ман­дар­ға па­рыз. Сон­дық­тан жа­ңа мұ­сыл­ман бол­ған жан­дар­ға өт­кен жыл­дар­да­ғы ора­за се­кіл­ді ғи­ба­дат­та­ры­на қа­за ке­рек емес. Олар­дың бейне бір жа­ңа ту­ған сә­би­дей бар­лық кү­нә­сі ке­ші­рі­ле­ді: Құ­ран­да Аллаһ Та­ға­ла: (Мұ­хам­мед) «Кү­пір­лік ет­кен­дер­ге егер олар жа­ман­дық­тан тыйыл­са, өт­кен кү­нә­ла­ры ке­ші­рі­ле­ді. Ал егер олар қайта­ла­са, сон­да өт­кен­де­гі­лер­дің де үкі­мі орын­да­ла­ды» де»296.
  2. Ба­ли­ғат жа­сын­да бо­луы жә­не ақыл-есі тү­зу бо­лу: Ба­ла мен ақыл-есі ауыс­қан, тал­ған адам­ға не­ме­се мас адам­ға ора­за ұс­тау па­рыз емес. Бұ­лар­дың са­на­сы то­лық бол­ма­ған­дық­тан, мұн­дай әмір олар­ға жүк­тел­мейді. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «Үш адам­ға қа­лам жа­зыл­майды: Ба­ли­ғат жа­сы­на жет­пейін­ше ба­ла­ға, ақыл-есі тү­зу бол­ған­га дейін ақы­лы кеміске, оян­ған­ға дейін ұйқы­да жат­қан адам­ға²297. Яғ­ни, са­на аса ма­ңыз­ды. Аллаһ­тың әмі­рі са­на­лы жан­дар­ға кел­ген. Же­ті жас­қа кір­ген кез­ден ора­за­ға кү­ші же­те­тін қыз ба­ла мен ер ба­ла­ға ата-ана­сы ора­за ұс­та­тып үйре­ту ке­рек. Мақ­сат – ба­ла­лар­ды ора­за­ға баулу. Ақыл-есі кем­тар не есі­нен та­нып қал­ған адам­дарға уа­қыт­ша бол­са да ора­за па­рыз емес. Ақы­лға ор­ны­на кел­се, қа­за­сы өтел­мейді.
  3. Ора­за ұс­тауға кү­ші же­ту жә­не тұр­ғын бо­лу: Нау­қас не­ме­се жо­лаушы­лар­ға ора­за па­рыз емес. Бі­рақ ора­за ұс­та­са, ора­за­сы дұ­рыс. Ал ора­за ұс­та­ма­са, бас­қа күн­де­рі ора­за­сын қа­за ете­ді. Құ­ран­да олар жө­нін­де бы­лай дейді: «Ора­за са­наулы күн­дер­де. Кім­де-кім нау­қас­тан­са яки жо­лаушы бол­са, бас­қа күн­де­рі өте­сін»298. Кә­рі­лік жас­қа ке­ліп, ора­за ұс­тауға ша­ма­ла­ры кел­ме­ген жан­дар­ға ора­за па­рыз емес. Со­ны­мен қа­тар хайыз, ни­фас ке­зін­де­гі әйел­дер жә­не өзі не­ме­се ба­ла­сы­на зиян тиуі ық­ти­мал екі қа­бат әйел­дер мен ба­ла еміз­ген әйел­дер­ге де па­рыз емес. Кә­рі адам­дар ора­за ор­ны­на пи­дия бе­ре­ді. Олар ора­за­ның қа­за­сын да өте­мейді. Жо­лаушы­ға кел­сек, ол 90 ша­қы­рым­нан ас­там жер­ге жо­лаушы­лап шық­са, жо­лаушы са­на­лып, ора­за ұс­та­мауына рұқ­сат. Бі­рақ кейін ұс­та­ма­ған күн­де­рі­нің қа­за­сын өтейді.

 

Ора­за­ның дұ­рыс орын­да­лу шар­тта­ры

  1. Хайыз бен ни­фас­тан та­за бо­лу: Хайыз бен ни­фас жағ­дайын­да­ғы әйел­дер уақы­ты өт­кен­нен кейін ора­за­ның қа­за­сын өтейді. Бі­рақ бір адам­ның түн­де не­ме­се күн­діз жү­ніп күйін­де болуы, ора­за ұс­тауына ке­дер­гі емес. Бі­рақ мүм­кін­ді­гі­не қа­рай, ауыз бе­кіт­пес бұ­рын, ғұ­сыл алу – аб­зал.
  2. Ниет: Бар­лық ора­за­ға жү­рек­пен ниет ету – жет­кі­лік­ті. Бір адам түн жа­ры­мын­да ер­тең­гі күн­нің ора­за еке­нін бі­ліп, бұл айда ора­за ұс­тайты­нын жү­рек­тен өт­кіз­се не­ме­се сә­ре­ге тұр­са, бұл ісі ора­за ұс­тауға ниет са­на­ла­ды. Бі­рақ тіл­мен айту мән­дүп. Бар­лық ора­за­ға түн­де не­ме­се таң уақы­ты кір­мей тұ­рып ниет ету – аб­зал. Ра­ма­зан ора­за­сы­на ниет етер­де әр­бір кү­ні­не же­ке-же­ке ниет ету шарт. Се­бе­бі, әр­қайсы­сы өз ал­ды­на же­ке ғи­ба­дат. Бұл – фа­қиһ­тер­дің ба­сым көп­ші­лі­гі­нің пі­кі­рі.

Ора­за­ға ниет ету екі­ге бө­лі­не­ді. Бі­рін­ші – түн­де ниет ету. Бұ­лар­ға қа­рыз бол­ған ора­за­лар жа­та­ды. Яғ­ни, Ра­ма­зан қа­за­сы ұс­тап, бі­рақ аяқ­тал­май қал­ған нә­піл ора­за­ның қа­за­сы жә­не кәф­фә­рат ора­за­сы мен жал­пы атау (нә­зір) ора­за­сы осы топ­қа жа­та­ды. Мі­не, мұн­дай ора­за­ны ұс­тай­тын адам­дар түн­де не­ме­се таң ат­пай тұ­рып ниет ету шарт. Ақ­шам уақы­тын­да ше­шім қа­был­дау мен сә­ре­ге тұ­ру да ниет­ке жа­та­ды. Екін­ші – түн­де ниет­те­ну мен анық­тау шарт емес ора­за­лар: Бұ­ған Ра­ма­зан ора­за­сы, уақы­ты бел­гі­лен­ген атау ора­за­сы жә­не мұс­та­хап, мәк­рүһ, со­ны­мен қа­тар, бар­лық нә­піл ора­за­лар жа­та­ды. Мұн­дай ора­за­лар­ға ақ­шам­нан бас­тап, ер­те­сі кү­ні түс­ке дейін ниет ете ала­ды. Бі­рақ бе­сін­нен бұ­рын мұн­дай ора­за­ға ниет ете­тін адам екін­ші ша­пақ­тан бе­рі еш­ нәр­се ішіп-же­ме­ген бо­луы ке­рек. Бе­сін­нен бұ­рын нә­піл ора­за­ға ниет ете алу­ға мы­на ха­дис дә­лел: Аллаһ Ел­ші­сі бір кү­ні Айша­ға бы­лай де­ді: «Бе­сін­ге та­мақ бар ма?». Айша: «Жоқ», – деп жауап қай­тар­ды. Сон­да Аллаһ Ел­ші­сі: «Он­да мен ора­за ұс­тай­мын», – де­ді.

Кі­сі түн­де қан­дай да бір ора­за­ға ниет ет­се, бі­рақ екін­ші ша­пақ ат­пай тұ­рып, ниеті­нен бас тар­тса, бұл бас тар­туы дұ­рыс са­на­ла­ды. Сол се­кіл­ді ора­за­сын бұ­зу­ға ниет етіп, ау­зын аш­па­са, ора­за­сы дұ­рыс бо­лып са­на­ла­ды.

Ниет ет­кен­де екі ойлы не­ме­се шарт қою ар­қы­лы ниет ет­пеу ке­рек. Мы­са­лы: «Ер­тең пә­лен­ше қо­нақ­қа ша­қы­ра қал­са, ау­зым­ды ашу­ға, егер­де ша­қыр­ма­са, ора­за ұс­тауға ниет ет­тім» де­ген­дей ниет жа­рам­сыз. Ра­ма­зан тү­ні не­ме­се күн­діз есі­нен та­нып қа­лып, түс уақы­ты­нан бұ­рын айы­ғып ниет ет­се, ора­за­сы жа­рам­ды. Бір адам Ра­ма­зан айын­да уә­жіп не­ме­се нә­піл ора­за­ға ниет ет­се, ол Ра­ма­зан ора­за­сы­на ниет ет­кен бо­лып са­на­ла­ды. Бұл мә­се­ле­де мейлі тұр­ғын, мейлі жо­лаушы, тіп­ті нау­қас адам бол­сын еш­қан­дай айыр­ма­шы­лық жоқ. Сол се­кіл­ді бір ора­за­мен әрі кәф­фа­рат, әрі нә­піл ора­за­ға ниет ет­се, ора­за­сы кәф­фа­рат ниеті үшін жа­рам­ды. Бі­рақ бір ора­за­мен әрі қа­за­ға, әрі ант кәф­фа­ра­ты­на ниет ет­се, екеуі де жа­рам­сыз. Мұн­дай ора­за нә­піл ора­за­ға айна­ла­ды. Бір әйел хайыз ке­зін­де түн­де ора­за­ға ниет­тен­се, екін­ші ша­пақ­тың атуы­нан бұ­рын хайыз мер­зі­мі аяқ­тал­са, ора­за­сы жа­рам­ды. Қа­пас­та­ғы жан­дар Ра­ма­зан айы­ның кел­ге­нін бі­ле ал­май кү­мән­дан­са, өз­де­рі­нің иш­ти­һат­тар – бол­жам­да­ры бойын­ша, ше­шім қа­был­дап, бір ай ора­за ұс­тайды. Бұл – құ­бы­ла мен на­маз уақы­ты­ның анық­та­луына ұқ­сайды. Кейін­нен ра­ма­зан кү­ні­нен кем ұс­та­ған бол­са, ұс­та­май қал­ған күн­де­рі­нің қа­за­сын өтейді. Егер Ра­ма­зан­нан бұ­рын ұс­та­ған бол­са, бұл тек нә­піл ора­за­ға жа­та­ды.



296 Әнфал, 8/38.

297 Бухари, Талақ, 11. Әбу Дәәуд, Худуд, 17.

298 Бақара, 2/184.

0 пікір