Сыр­тқы па­рыз­да­ры
Сыр­тқы па­рыз­да­ры
9 жыл бұрын 4848
Қайрат Жолдыбайұлы

1. Ха­да­сат­тан та­за­лық (Ру­ха­ни та­за­лық)

Ғұ­сы­лы бол­мау, дә­ре­ті бол­мау, хайыз не­ме­се ни­фас жағ­дайы – «ха­дас ха­лі» деп ата­ла­ды. Дә­рет­сіз­дік – кі­ші ха­дас. Жү­ніп, хайыз, ни­фас – үл­кен ха­дас. Кі­ші ха­дас не­ме­се үл­кен ха­дас­тан та­за­ла­ну – жуыну, дә­рет алу не­ме­се тәйәм­мүм алу ар­қы­лы іс­ке аса­ды. Құ­ран­да Аллаһ бы­лай дейді: «Ей, иман ет­кен­дер! На­маз­ға тұ­рар­да жүз­де­рің­ді, қол­да­рың­ды шын­тақ­қа дейін жуың­дар. Бас­та­ры­ңа мә­сіх тар­тың­дар, жә­не екі то­бық­қа дейін аяқ­та­рың­ды жуың­дар. Егер жү­ніп бол­саң­дар, то­лық та­за­ла­ның­дар. Нау­қастанып қал­саң­дар яки са­пар­да бол­саң­дар, не бол­ма­са бі­реу түз­ге оты­рып кел­се яки әйел­ге жа­қын­дас­саң­дар, сон­да су та­ба ал­ма­саң­дар, та­за жер­ге тәйәм­мүм со­ғың­дар, оны­мен бе­ті-қол­да­рың­ды си­паң­дар. Аллаһ сен­дер­ге сал­мақ тү­сі­ру­ді қа­ла­майды. Бі­рақ сен­дер­ді та­зар­ту­ды, сон­дай-ақ, шү­кір­ші­лік ету­ле­рің үшін сен­дер­ге нығ­мет, ырыс-бе­ре­ке­сін то­лық­ты­ру­ды қа­лайды».143 Ха­дис­те: «Дә­рет­те­рің бұ­зыл­ған кез­де, қайта дә­рет ал­май, Аллаһ на­маз­да­рың­ды қа­был ет­пейді», – деп ес­кер­те­ді.144 Бас­қа бір ха­дис­те: «Аллаһ та­за­лан­бай оқы­ған еш­қан­дай на­маз­ды қа­был ет­пейді» – де­лі­не­ді.145

 

2. Нә­жі­стерден та­за­ла­ну (Зат­тық та­за­лық)

На­маз­дан бұ­рын де­не мен киім­ді не­ме­се на­маз оқы­ла­тын жер­де бол­ған лас­тық­тың та­за­ла­нуы қа­жет. Бұл на­маз­дың іс­ке асуы үшін шарт. На­маз­ға ке­дер­гі жа­сай­тын нә­жі­стер: ауыр нә­жіс жә­не же­ңіл нә­жіс бо­лып екі­ге бө­лі­не­ді. Ауыр са­нал­ған­дар: егер қат­ты бол­са, төрт грамм сал­ма­ғын­да, сұйық бол­са, ала­қан аясы­нан ас­там жер­ді қам­ты­ған мөл­шер киім­де, де­не­де не­ме­се на­маз оқи­тын жер­де бол­са, на­маз­ға ке­дер­гі жа­сайды. Же­ңіл­ге кел­сек, бұл де­не­нің яки киім­нің төр­ттен бі­рі­нен аз мөл­ше­рі на­маз­ға ке­дер­гі жа­са­майды.

 

3. Әуре­тін жа­бу

Әу­рет – ша­ри­ғат тер­ми­нін­де қарауы ха­рам, жа­бы­луы па­рыз ұят­ты мү­ше­лер.

Бұл мү­ше­лер­дің на­маз­да не­ме­се на­маз­дан тыс жер­лер­де жа­бы­луы – па­рыз. Ер­лер­дің әу­рет жер­ле­рі: кін­ді­гі­нен ті­зе­ле­рі­нің ас­ты­на дейін­гі жер­ле­рі. Бұ­ған Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) мы­на ха­ди­сі дә­лел: «Ер­кек­тің әу­рет же­рі – кін­ді­гі мен ті­зе­сі­нің ара­сы», «Кін­дік­тің ас­ты ті­зе­ден түс­кен­ге дейін­гі жер­лер»146. Әйел үшін әу­рет – жүз, қол, аяқ­тан бас­қа бар­лық де­не. Ха­зі­ре­ті Пай­ғам­бар бы­лай дейді: «Әсма! Әйел ба­ли­ғат жа­сы­на жет­кен кез­де оның мы­на мү­ше­ле­рі­нен бас­қа жер­ле­рі­нің кө­рі­нуі дұ­рыс бол­майды. Аллаһ Ел­ші­сі осы сөз­дер­ді айт­қан кез­де қол­да­ры мен жү­зі­не иша­рат ет­кен еді»147. Ха­зі­ре­ті Айша­дан біз­ге жет­кен бір ха­дис­те: «Аллаһ ба­ли­ғат жа­сы­на жет­кен әйел за­ты­ның на­ма­зын ора­мал­сыз қа­был ет­пейді»148 – деп айты­лып, шаш­ты жа­бу ке­рек­ті­гі­не мең­зейді.

На­маз­да бір мү­ше­нің төр­тен бі­рі ерік­сіз ашы­лып, «суб­ха­нАллаһил-а¢зим» дей­тін­дей уа­қыт тұр­са, на­маз бұ­зы­ла­ды. Ал егер өз ер­кі­мен аш­са, сол сәт­те бұ­зы­ла­ды.

 

4. Құ­бы­ла­ға бет бұ­ру

На­маз­ды құ­бы­ла­ға қа­рап оқу шарт. Мұ­сыл­ман­дар­дың құ­бы­ла­сы – Мек­ке­де­гі Қағ­ба. Тек қа­на са­лын­ған ғи­ма­рат емес, со­ны­мен қа­тар, сол ғи­ма­рат­тың ор­на­лас­қан же­рі де Қағба саналады. Мә­ди­на­ға көш­пес бұ­рын мұ­сыл­ман­дар құ­бы­ласы Қу­дус­та­ғы Ақ­са Ме­ші­ті еді. Мә­ди­на­ға көш­кен соң: «Жү­зің­ді Ха­рам Ме­ші­ті жақ­қа бұр»149 аяты ар­қы­лы құ­бы­ла Мек­ке­де­гі Қағ­ба­ға бұ­рыл­ды.

Қағ­ба­ны көр­ген адам жү­зін ту­ра сол Қағ­ба­ға қа­ра­тып оқи­ды. Егер одан алыс бол­са, ті­ке­лей Қағ­ба­ға емес, со­ның ба­ғы­ты­на қа­рай жү­зін бұ­ра­ды. На­маз­дың мақ­са­ты – жү­рек­пен Аллаһ Та­ға­ла­ға бе­рі­лу. Әл­бет­те, Аллаһ өл­шем, ба­ғыт­тан пәк. Бі­рақ жү­рек­тің кө­ңі­лі жай бо­лып, на­маз­да күл­лі мұ­сыл­ман­ның жү­зін бұ­ра­тын бір жер қа­жет. Сыр­ттай жү­зі­міз­ді Аллаһ­тың үйі – Қағ­ба­ға бұр­ға­ны­мыз­дай, іш­тей де Аллаһ на­зар са­ла­тын жү­ре­гі­міз бен кө­ңі­лі­міз­ді бар­лық нәр­се­лер­ден аластап, та­за­лап, тек Аллаһ­қа бет бұ­руы­мыз ке­рек150.

Қағ­ба­ның қай бағытта бол­ға­нын біл­ме­ген адам құ­бы­ла­ны бі­ле­тін адам­дар­дан сұ­райды. Мүм­кін­дік бол­ма­ған жағ­дайда, құ­бы­ла­ны өз иш­ти­һа­ды­мен (түйсігінің итермелеуімен) та­буы лә­зім. Яғ­ни, осы тұс­та бо­луы тиіс деп, айға, жұл­дыз­ға, т.б. қа­рап, на­ма­зын жо­ба­ла­ған жа­ғы­на қа­рай оқуы тиіс. Бі­рақ на­ма­зын бі­тір­ген соң оқы­ған жа­ғы құ­бы­ла бол­май шық­са, на­ма­зын қайта оқу­дың қа­же­ті жоқ. Құ­бы­ла жайлы кү­мән мейлі да­ла, мейлі қа­ла, мейлі күн­діз, мейлі түн­де бол­сын бә­рі­бір. Мұн­дай адам­ға бі­реу­дің есі­гін қа­ғып, құ­бы­ла­ны сұ­рап жа­ту­дың қа­же­ті жоқ151. Құ­бы­ла жайлы қү­мән­да­нған кі­сі жа­нын­да адам бо­ла тұ­рып, одан сұ­ра­май өз қөз­қа­ра­сы­мен бір та­рап­қа қа­рай оқы­са, сол оқы­ған жа­ғы құ­бы­ла бо­лып шық­са, на­ма­зын қайта оқу тиіс емес. Бұ­рыс шық­са, қайта оқуына ту­ра ке­ле­ді. Көз­де­рі көр­мей­тін адам да осы се­кіл­ді. Құ­бы­ла жайлы жөн бі­ле­тін се­нім­ді кі­сі­нің сө­зі­не қа­на­ғат­тан­ба­са да, оған се­ну қа­жет. Се­бе­бі, ха­бар – зер­ттеу­ден әл­де­қайда ба­сым тұ­ра­ды.

Құ­бы­ла жайлы әр түр­лі пі­кір­де­гі адам­дар әр­қайсы­сы бі­ле­тін жа­ғы­на қа­рай оқи­ды. Олар бір-бі­рі­не имам бо­ла ал­майды. Жа­бир ибн Аб­дул­лаһ айта­ды: Бір­де Аллаһ Ел­ші­сі бір топ адам­ды бір жақ­қа жі­бер­ді. Түн­де ас­пан бұлт бол­ған соң еш­кім құ­бы­ла­ны бі­ле ал­ма­ды. Осы­дан ба­рып әр­кім өз біл­ген жа­ғы­на қа­рай на­маз оқы­ды. Біз мұ­ны Аллаһ Ел­ші­сі­не жет­кіз­дік. Ләм-мим де­ме­ді. Бі­рақ көп өт­пей-ақ мы­на аят түс­ті: «Шы­ғыс та, ба­тыс та Аллаһ­ті­кі. Сон­дық­тан жүз­де­рің­ді қай жақ­қа қа­рат­саң­дар, Аллаһ­тың жү­зі сол жақ­та»152.

Ке­ме не­ме­се пойыз, ұшақ­та­ғы адам ша­ма­сы ке­ліп, мүм­кін­ді­гі бо­лып тұр­са, құ­бы­ла­ға қа­рап оқи­ды. Егер ке­ме бұ­рыл­са, ол да құ­бы­ла жақ­қа қа­рай бұ­ры­луы қа­жет. Бұ­ры­лу мүм­кін­ді­гі бол­ма­са, ал­ғаш тұр­ған жа­ғы­на қа­рай оқи­ды. Егер ті­ке­лей құ­бы­ла­ға қа­рай оқи­тын мүм­кін­дік ту­ма­са, құ­бы­ла­ға ең жа­қын ба­ғыт­қа қа­рай оқи­ды. Құ­бы­ла­ға бұ­ры­ла ал­ма­ған нау­қас адам­ның да жағ­дайы осын­дай. Өйтке­ні, міндеттің орындалуы атқарушының мүмкіндігіне қарай шектеледі.

Мі­ніс ат­та, ав­то­мо­биль мен ав­то­бус­та нә­піл на­ма­зы оқыл­ға­ны­мен, па­рыз на­маз­да­рын уа­қыт­та­ры өт­пей бас­қа жер­де оқу­ға мүм­кін­дік бар жағ­дайда, атал­мыш жер­лер­де оқу­ға бол­майды. Өйтке­ні, на­маз­дың па­рыз­да­ры­нан бол­ған қиям мен құ­бы­ла орын­дал­майды. Бі­рақ же­рі лай­саң на­маз оқу­ға лайық­сыз жер­лер­де ат, кө­лік­те­рін тоқ­та­тып, со­ның үс­тін­де құ­бы­ла­ға бет бұ­рып, оқи ала­ды.

Ха­на­фи мәз­һа­бын­да, екі на­маз­ды бі­рік­ті­ріп қо­сып оқу, тек қа­жы­лық мез­гі­лін­де Ара­фат пен Муз­дә­ли­фә­да ға­на рұқ­сат етіл­ген. Бұ­дан тыс жо­лаушы­лық се­кіл­ді се­беп­тер­ге байла­ныс­ты қо­сып оқи ал­майды. Бі­рақ бас­қа мәз­һаб­тар­да жо­лаушы­лық­та екі на­маз­ды қо­сып оқу бар. Сол се­беп­ті, жо­лаушы­лық­та ха­на­фи адам ша­фи­ғи мәз­һа­бы бойын­ша, ниет етіп, зә­ру жағ­дай­лар­да, екі на­маз­ды қо­сып оқуына бо­ла­ды.

Құ­бы­ла жақ­тан 45 ша­ма­дан (гра­дус) ар­тық оң­ға не­ме­се сол­ға бұ­ры­лу – құ­бы­ла­ның шар­тын бұ­за­ды. На­маз­да се­беп­сіз кө­кі­ре­гін құ­бы­ла­дан бұ­ру на­маз­ды бұ­за­ды. Егер тек жү­зін бұр­са, де­реу құ­бы­ла­ға бұ­ру ке­рек. Мұн­дай жағ­дайда, на­ма­зы бұ­зыл­майды. Бі­рақ ха­рам­ға жа­қын мәк­рүһ жа­сайды153.

 

5. Уа­қыт

На­маз – күн­нің ар­найы бел­гі­лі уа­қыт­та­рын­да іс­ке аса­тын па­рыз. Па­рыз на­маз­дар­ға уа­қыт шарт. Па­рыз сүн­нет­те­рі, тарауих жә­не айт на­маз­да­ры үшін де уа­қыт шарт. Уақы­ты кір­мейін­ше, па­рыз на­ма­зын оқу іс­ке ас­пайты­ны сияқ­ты, уақы­ты шық­қан соң оқыл­ған на­маз да қа­за деп есеп­те­ле­ді. Аллаһ Та­ға­ла Құ­ран Кә­рім­де: «На­маз мұ­сыл­ман­дар­ға ар­найы бел­гі­лен­ген уа­қыт­тар­да па­рыз етіл­ді»,154– дейді.

Бір на­маз­дың еш­қан­дай се­беп­сіз бел­гі­лен­ген уақы­ты­нан кейін қа­за етіп оқы­луы – дұ­рыс емес жә­не өте үл­кен кү­нә. Бі­рақ бір адам ұмы­ту не­ме­се ұйық­тап қа­лу се­беп­те­рі­мен на­ма­зын оқи ал­ма­са, қа­за­сын өтеуі қа­жет. Кей­бір ға­лым­дар се­беп­сіз на­ма­зын қа­за ет­кен­дер кейін­нен қа­за­сын өтер­де ал­ды­мен тәубе ету ке­рек­ті­гін айта­ды. Қа­за на­маз­ға бес уа­қыт па­рыз на­маз бен үтір на­ма­зы кі­ре­ді. Жұ­ма мен айт, сүн­нет на­маз­да­ры үшін қа­за қа­жет емес155. Жұ­ма­ны оқи ал­ма­ған кі­сі сол күн­нің бе­сін на­ма­зын оқи­ды.

 

6. Ниет

Ниет ету – на­маз­дың шар­тта­ры­ның бі­рі. Ниет – на­маз­ға кі­ру­ді қалау. Адам қан­дай на­маз­ға кір­гі­сі кел­се, сол на­маз­ды жү­рек­пен бі­луі шарт. Адам на­маз­ға кі­рер­де қай на­маз еке­ні­не кү­мән­дан­са, на­ма­зы дұ­рыс бол­майды. Қайта ниет ету қа­жет.

Ниет – жа­са­мақ іс­ке жү­рек­пен иілу. Мұ­ны тіл­мен айту шарт емес. Мүш­тә­һид имам­дар­дың бұл жайлы ит­ти­фақ­та­ры (ауыз­бір­лі­гі) бар. Ниет – ғи­ба­дат­ты жай іс­тер­ден бө­лек етіп көр­се­ту. Ниет өте ма­ңыз­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Іс-әре­кет­тер тек ниет­ке байла­ныс­ты», – дейді156. Сон­дық­тан рия­шыл­дық­пен жа­сал­ған ғи­ба­дат – Аллаһ үшін емес, адам­дар үшін жа­сал­ған нәр­се. Оған сауап жа­зыл­мауы бы­лай тұр­сын, кү­нә­сін ала­ды. Де­мек, ниет­тің ор­ны – жү­рек. Тіл­мен айту – кө­бі­рек ай­тыл­ған көз­қа­рас бойын­ша, мұс­та­хап. Сол се­беп­ті, жү­рек­пен ниет ету­мен қо­са, «Мы­на уа­қыт­тың на­ма­зы­на ниет ет­тім» деп тіл­мен айту аб­зал. Ай­тыл­ма­са оқа­сы жоқ.

Па­рыз бен уә­жіп на­маз­дар­ға ар­найы та­ғайын­дап біл­ді­ре­тін ниет­тің бо­луы қа­жет. Па­рыз­дың қа­за на­маз­да­ры да со­лай. Бі­рақ нә­піл на­маз­дар­ға же­ке атын атап ниет ету­мен қа­тар, жал­пы ниет те же­тіп жа­тыр.

Бір адам жа­ма­ғат­пен на­маз оқы­лып жат­қан бір топ­қа үл­гер­се, бі­рақ бұл на­маз­дың па­рыз не­ме­се тарауих еке­нін бі­ле ал­ма­са, па­рыз­ға ниет ете­ді. Жа­ма­ғат ниет ет­ке­нін­дей па­рыз на­ма­зын оқы­са, на­ма­зы дұ­рыс. Егер тарауих бо­лып шық­са, оқы­ған на­ма­зы «нә­піл на­маз» деп са­на­ла­ды. Тарауих на­ма­зын құп­тан на­ма­зы­нан бұ­рын оқу­ға бол­май­тын­дық­тан, оқы­ға­ны тарауих на­ма­зы бо­лып есеп­тел­мей, тек қа­на нә­піл на­маз тү­рін­де қа­ла­ды.

Жа­ма­ғат­пен на­маз оқыл­ған­да имам­ға ұюға ниет ету қа­жет. Бі­рақ имам­ның имам­дық­қа ниет етуі шарт емес. Ал, жа­ма­ғат­қа әйел­дер де қа­тыс­са, олар­дың на­ма­зы дұ­рыс бо­лу үшін, имам кі­сі олар­ға имам бо­лу­ды ниет етуі ке­рек157.

Ниет­тің иф­ти­тах (бас­тау, ашу) тәк­бі­рі­не жа­қын бо­луы – аб­зал. Бі­рақ тәк­бір­ден кейін ниет ет­се дұ­рыс бол­майды.



143 Маида, 5/6.

144 Бухари, Уду, 2.

145 Бухари, Уду, 2.

146 А.б.Ханбәл,II, 187.

147 Әбу Дәәуд, Либас, 31.

148 Ибн Мажә, Таһарат, 132.

149 Бақара, 2/144.

150 ДИА, 231-бет.

151 Білмен, 110.

152 Бақара, 2/115.

153 Білмен, 110.

154 Ниса, 4/103.

155 ДИА, 223-224.

156 Бухари, Бәду'л-уахи, 1.

157 Зуһайли, II,611.

0 пікір