Мән­дүп нә­піл на­маз­дар
Мән­дүп нә­піл на­маз­дар
10 жыл бұрын 14242
Қайрат Жолдыбайұлы

Та­хия­тул-мәс­жид

Ме­шіт­ке сә­лем бе­ру «та­хия­тул-мәс­жид» на­ма­зы болып табылады. Яғ­ни, ме­шіт­тің Раб­бы­сы­на сә­лем бе­ру, оған тағ­зым ету мақ­са­ты­мен екі рә­кат на­маз оқу – мән­дүп. Бір күн­де ме­шіт­ке бір­не­ше мәр­те кір­ген адам­ға осы на­маз­ды бір рет оқы­са, жет­кі­лік­ті. Бұл на­маз­ды ме­шіт­ке кір­ген сәт­те отыр­мас­тан оқу – аб­зал. Оты­рып, аз­дан кейін оқы­са да бо­ла­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «Кім­де-кім ме­шіт­ке кір­ген­де екі рә­кат на­маз оқы­май отыр­ма­сын» 245. Жұ­ма кү­ні имам хұт­ба ай­тып жат­қан кез­де кір­ген адам бұл на­маз­ды оқы­мас­тан оты­ру ке­рек. Ме­шіт­ке па­рыз яки нә­піл на­маз оқу үшін кі­ріп, отыр­мас­тан сол ниет ет­кен на­ма­зын оқу да – «та­хия­тул-мәс­жид» на­ма­зы­ның ор­ны­на жү­ре­ді.

 

Дә­рет на­ма­зы

Дә­рет не­ме­се ғұ­сыл ал­ған соң, екі рә­кат на­маз оқу – мән­дүп. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «Кім­де-кім дә­рет алып, одан кейін екі рә­кат на­маз оқы­са жә­не осы екі рә­кат­қа жү­ре­гін те­рең сал­са, жән­нат уә­жіп бо­ла­ды» 246.

 

Сәс­ке на­ма­зы

Бұл на­маз­дың ең азы – екі рә­кат. Төрт не­ме­се се­гіз рә­кат оқи­ды. Уақы­ты – күн­нің найза бойы кө­те­ріл­ге­ні­нен күн тас тө­бе­ге же­туіне жар­ты са­ғат қал­ған­ға дейін жал­ға­са­ды.

      

Тә­һаж­жүд на­ма­зы

Құп­тан на­ма­зы­нан кейін не­ме­се аз уа­қыт ұйық­тап тұр­ған­нан кейін оқы­ла­тын нә­піл на­маз­ды «түн­гі на­маз» дейді. Түн­нің жар­ты­сы­нан бас­тап, сә­ре уақы­ты­ның аяқ­та­луына дейін­гі уа­қыт­та тұ­рып оқыл­ған на­маз­ды «тә­һаж­жүд на­ма­зы» дейді. Тә­һаж­жүд на­ма­зы екі рә­кат­тан се­гіз рә­кат­қа дейін. Бұл на­маз–Аллаһ Ел­ші­сі­не па­рыз. Оның дә­ле­лі мы­на аят: (Мұ­хам­мед) «Түн­де оя­нып, өзі­ңе тән нә­піл оқы». 247 Осы на­маз­ға үм­бе­тін қы­зық­тыр­ға­ны жө­нін­де аят­тар бар: (Мұ­хам­мед) «Сөз жоқ, Раб­бың, се­нің әрі се­ні­мен бір­ге бол­ған бір топ­тың, түн­нің үш­тен екі­сі­не жа­қы­ны­рақ, жар­ты­сын­да, үш­тен бір ша­ма­сын­да на­маз­ға тұр­ға­нын­ды бі­ле­ді»248. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Түн­гі на­маз­ды үне­мі оқың­дар. Өйтке­ні, түн­гі на­маз оқу – сен­дер­ден бұ­рын өт­кен са­ли­ха­лы жан­дар­дың әде­ті. Раб­бы­ла­ры­ңа ба­ғы­ну­дың бел­гі­сі. Жа­ман­дық­тар­ды бүр­кеп, кү­нә жа­сау­дан сақ­тайды»,249деп түн­гі на­маз­ға ша­қыр­ған.

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) түн­гі на­маз­ға өте жақ­сы мән бер­ген. Бір­де Ата де­ген та­би'ин* Ха­зі­рет Айша­дан сұ­райды: «Аллаһ Ел­ші­сі­нің ерек­ше бір жағ­дайын ай­тып бе­ре­сіз бе?» Сон­да Ха­зі­ре­ті Айша: «Оның ерек­ше бол­ма­ған ха­лі бар ма? Бір­де түн­де бөл­ме­ме кел­ді. Аз­дан кейін ма­ған қа­рап: «Бү­гін ма­ған рұк­сат бер, Раб­бы­ма құл­шы­лық етейін?», – де­ді. Дә­рет алып, на­маз­ға тұр­ды. Ол қиям­да (түрегеп) тұ­рып көп жы­ла­ды. Жа­на­ры­нан ақ­қан көз жас­ы кө­кі­ре­гі­не сорғалап жат­ты. Рү­күғ­ке бар­ған­нан кейін де ұзақ тұ­рып, егіле жы­ла­ды. Сәж­де­ге бар­ған кез­де де ха­лі осы­лай бол­ды. Аллаһ Ел­ші­сі­нің көз жас­ы Бі­ләл­дің таң на­ма­зы­на ха­бар бер­ген азан даусы­на дейін толастамады. Сон­да мен: «Пай­ғам­ба­рым! Аллаһ Та­ға­ла се­нің бар­лық кү­нә­ла­рың­ды ке­ші­ре тұ­ра, сен не­ге осын­ша­ма жы­лай­сың?- деп едім, ол: «Шү­кір ет­кен құл бол­майын ба? Қа­лай ға­на жы­ла­май­мын. Аллаһ осы тү­ні ма­ған мы­на аят­тар­ды тү­сір­ді: «Шек­сіз көк­тер мен жер­дің жа­ра­ты­луын­да жә­не түн мен күн­нің өз­ге­ріп, ке­зек­те­сіп ал­ма­суын­да ақыл-ой иеле­рі үшін дә­лел­дер бар. Олар түрегеп тұ­рып, оты­рып, жа­ны­мен жа­тып, Аллаһ­ты ес­ке ала­ды. Сон­дай-ақ, олар көк­тер мен жер­дің жа­ра­ты­луы жайлы ойла­нып, те­рең тол­ға­нып: «Раб­бы­мыз! Сен мұ­ны тек­тен-тек­ке жа­рат­па­дың. Сен пәк­сің. Біз­ді от аза­бы­нан сақ­та! Раб­бы­мыз! Сен кім­ді от­қа сал­саң, сөз­сіз оны қор­лап, жер­мен-жек­сен ете­сің. За­лым­дар­дың еш­қан­дай кө­мек­ші­сі жоқ. Раб­бы­мыз! Біз «Раб­бы­ла­ры­ңа иман етің­дер» деп ша­қыр­ған ша­қы­ру­шы­ны ес­ти са­ла иман ет­тік. Раб­бы­мыз! Кү­нә­ла­ры­мыз­ды жа­рыл­қап, жа­ман­дық­та­ры­мыз­ды жа­сыр. Әрі игі жақ­сы­лар­мен бір­ге жа­ны­мыз­ды ал! Раб­бы­мыз! Біз­ге ел­ші­ле­рі­ңе уәде ет­кен­де­рің­ді бер. Қия­мет кү­ні де біз­ді тас­тап қор қыл­ма. Сөз­сіз, Сен бер­ген уә­дең­нен тай­май­сың деп ті­лейді» 250. Осы­дан кейін «Осы аят­тар­ды оқып, те­рең ойға бат­па­ған­ның ха­лі нет­кен өкі­ніш­ті!», – де­ді».

Сүн­нит­тер­дің төрт има­мы да түн­гі на­маз­да­ры­на қат­ты кө­ңіл бөл­ген. Әшәб ибн Аб­ду­ла­зиз Имам Ма­лик ту­ра­лы бы­лай дейді: «Бір­де ел жат­қан уа­қыт­та сыр­тқа шық­тым. Ма­лик ибн Әнәс­тің үйі­нің жа­ны­нан өтіп ба­ра жа­тып, оның на­маз оқып жат­қа­нын бай­қап қал­дым. «Фа­ти­ха­ны» оқып бол­ған соң, «Тә­кә­сүр» сү­ре­сін оқи бас­та­ды. «Сол кү­ні бе­ріл­ген ырыс-бе­ре­ке мен не­сі­бе­лер­ден сөз­сіз сұ­ра­ла­сың­дар» аяты­на жет­кен кез­де кем­сең­деп, жы­лай бас­та­ды. Әлгі аят­ты қайта-қайта қайта­лап жы­лай бер­ді. Мен ба­ра­тын же­рі­ме де бар­май, көз ал­май тың­дап қал­дым. Осы­лайша ол таң на­ма­зы­на дейін жы­ла­ды. Ша­пақ ат­қан­да ға­на, рү­күғ­ке ба­рып, на­ма­зын бі­тір­ді. Мен де үйге ба­рып, дә­рет алып, таң на­ма­зын оқу үшін ме­шіт­ке бар­дым.

Кейін­нен күн шы­ғып, айна­ла жа­рық­қа то­лып, оның айна­ла­сы­на ілім ал­қа­сы жи­нал­ды. Мен жа­қын­дап ба­рып жү­зі­не қа­ра­ға­ным­да, жү­зі нұр ша­шып тұр­ды. Сол кез­де мен «Түн­гі на­ма­зы көп бол­ған­ның күн­діз жү­зі – нұр­лы бо­ла­ды» де­ген ха­дис­ті есі­ме ал­дым»251.

Имам Ағ­зам да түн­де ұйық­та­май Құ­ран оқи­тын. Кейде бір аят­ты таң­ға дейін қайта­лап жы­лай­тын. Оның қат­ты жы­ла­ға­нын көр­ші­ле­рі де ес­тіп, жа­ны аши­тын. Иә, бә­рі де осы­лай жы­лай­тын. Бұл ғұ­мыр­да жү­рек­пен жы­ла­ма­ған бейбақтардың ақы­рет­те жы­лайты­ны сөз­сіз.

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Жа­һан­нам хал­қы жы­лау­мен азап­та­ла­ды. Олар көз жас­та­ры тау­сыл­ған­ға дейін жы­лайды. Одан кейін көз­де­рі­нен ақ­қан жас­тың ор­ны­на қан аға бас­тайды. Со­ңын­да бет­те­рі­не ойық пайда бо­ла­ды. Көз жас­та­ры­ның ақ­қа­ны сон­ша ке­ме­лер қон­са жү­зер еді»,252дейді.

 

Ис­ти­ха­ра на­ма­зы

Бұл – бір нәр­се­нің жақ­сы­сын, қайы­рын, игі­лі­гін тілеу. Ис­ти­ха­ра на­ма­зы жақ­сы іс­тер­дің қайсы­сы өз үшін қайыр­лы әрі жақ­сы бо­ла­тын­ды­ғы­на ру­ха­ни иша­рат бі­лу мақ­са­ты­мен оқы­ла­тын екі рә­кат на­маз. Ал­ғаш­қы рә­кат­та – «Ка­фи­рун», екін­ші рә­кат­та – «Ықы­лас» сү­ре­сін оқу – мұс­та­хап. На­маз­дан кейін «ис­ти­ха­ра» дұ­ға­сы оқы­ла­ды. Дұ­ға­ны оқы­ған­нан кейін жү­ре­гі­нің қа­на­ғат ет­ке­ні­не қа­рай әре­кет ете­ді. Осы на­маз­дың дә­ле­лі мынау: Жа­бир ибн Аб­дил­лаһ: «Аллаһ Ел­ші­сі (с.а.у.) Құ­ран­нан сү­ре үй­рет­кен­дей ис­ти­ха­ра­ны үйре­тіп бы­лай де­ді: «Кім­де-кім бір іс жа­са­мақ­қа ниет­тен­ген­де, па­рыз­дан тыс екі рә­кат на­маз оқып, мы­на дұ­ға­ны оқы­сын:

Оқылуы:

للهُمَّ اِنِّىاَسْتَخِيرُكَ بِعِلْمِكَ وَ اَسْتَقْدِرُكَ بِقُدْرَتِكَ وَ اَسْئَلُكَ مِنْ فَضْلِكَ الْعَظيمِ فَاِنَّكَ تَقْدِرُ وَ لاَ اَقْدِرُ وَ تَعْلَمُ وَ لاَ اَعْلَمُ وَ اَنْتَ عَلاَّمُ الْغيوبِ.

أللهُمَّ اِنْ كُنْتَ تَعْلَمُ اَنَّ هَذا الأَمْرَ خَيْرٌ لي في دِينِى وَ مَعَاشِي وَ عاقِبَةِ اَمْرِى وَ عاجِلِ اَمْرِى وَ آجِلِهِ فاقْدُرْهُ ليِ وَ يَسِّرْهُ لي ثُمَّ بٍَارِكْ لِيَ فِيهِ.

وَ اِنْ كُنْتَ تَعْلَمُ اَنَّ هَذا الاَمْرَ شَرٌّ لي في ديني وَ مَعاشِى وَ عاقِبَةِ اَمْرِى وَ عاجِلِ اَمْرِى وَ آجِلِهِ فاصْرِفْهُ عَنِّى وَاصْرِفْنِى عَنْهُ فاقْدُرْ ليَِ الْخَيْرَ حَيْثُ كانَ ثُمَّ اَرْضِنِى بِهِ}

«Аллаһум­мә ин­ни әс­та­жи­ру­кә би ил­ми­кә уә әс­тақ­ди­ру­кә би қуд­рә­ти­кә уә әс-әлу­кә мин фад­ли­кәл-азим. Фә ин­нә­кә тақ­ди­ру уә ләә ақ­ди­ру уә та¢лә­му уә ләә а¢лә­му уә ән­тә ал­ла­мул-ғуйууб.

Аллаһум­мә. Ин кун­тә та¢лә­му ән­нә һә­зәл-әм­рә хай­рун ли фи ди­ни уә мә-аши уә ақи­бә­ти әм­ри уә аажи­ли әм­ри уә әәжи­ли­һи фақ­дир­һу ли уә иас­сир­һу ли сум­мә баа­рик ли фи­һи.

Уә ин кун­тә та¢лә­му ән­нә һә­зәл-әм­рә шәр­рун ли фи ди­ни уә мә-аши уә ақи­бә­ти әм­ри уә аажи­ли уә әәжи­ли­һи фәс-риф­һу ан­ни уәс-сриф­ни ан­һу фақ­дур лиәл-хайрә хайсу кә­нә сум­мә ар­ди­ни би­һи»

«Аллаһым! Ілі­мі­ңе се­ніп, мен Се­нен ниет­тен­ген ісім­нің жақ­сы­лы­ғы­ның бел­гі­сін ті­лей­мін. Құ­ді­ре­тіңе се­ніп, Се­нен күш-қуат сұ­рай­мын. Жақ­сы­лық­қа же­туім­ді се­нің ас­қан ра­қым­ды­лы­ғың­нан ті­лей­мін. Өйтке­ні, Се­нің бар­лық нәр­се­ге кү­шің же­те­ді. Ме­нің кү­шім жет­пек емес. Сен күл­лі нәр­се­ні бі­ле­сің. Мен біл­мей­мін. Сен ғайып әлем­ді тұ­тас бі­ле­сің.

Аллаһым! Сен бұл іс ме­нің ді­нім, өмі­рім, ісім­нің ақы­рын не­ме­се дү­ние мен ақы­ре­ті­ме пайда­лы бол­са, осы­ны ма­ған нә­сіп ет. Одан кейін ма­ған мол бе­ре­ке бер.

Ал егер бұл іс ме­нің ді­нім, өмі­рім, ісім­нің ақы­ры­на жә­не дү­ние мен ақы­рет әле­мі­ме жа­ма­нат әке­ле­тін бол­са, ме­нен алыс­тат. Ме­ні де одан алыс­тат. Жү­ре­гім­де оған де­ген иілу ізін қал­дыр­ма. Жақ­сы­лық­қа, тек жақ­сы­лық­қа жет­кіз. Со­дан кейін оны­мен ме­ні ра­зы ет».

Осы­дан кейін мә­се­ле ай­қын­дал­ма­са, на­маз бен дұ­ға­ны же­ті күн қайта­лау қа­жет. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) Әнас­қа бы­лай дейді: «Әнас! Бір іс жа­са­ғың кел­се, Раб­бы­ңа ис­ти­ха­ра на­ма­зы мен ис­ти­ха­ра дұ­ға­сын же­ті рет қайта­ла. Со­дан кейін жү­ре­гің қа­ла­ға­нын ойла. Жақ­сы­лық сол жер­де»253. Ис­ти­ха­ра на­ма­зын күн­діз оқу­ға бо­ла­ты­ны сияқ­ты то­лық ын­та бө­ліп, кеш­ке жа­тар­дың ал­дын­да да оқу­ға бо­ла­ды. Аллаһ Та­ға­ла бі­лі­нуі үміт етіл­ген іс­ті тү­сін­де иша­рат жол­да­ры ар­қы­лы біл­ді­руі мүм­кін. Жо­ға­ры­да көр­се­тіл­ген ис­ти­ха­ра дұ­ға­сы­ның араб­ша­сын айту шарт емес. Қа­зақ­ша ма­ғы­на­сын айтса да бо­ла­ды.

 

Тәс­бих на­ма­зы

Тәс­бих на­ма­зы­ның сауабы көп. Бұл на­маз­ды әр­қа­шан оқу­ға бо­ла­ды. Ап­та­сы­на бір рет не­ме­се айын­а бір рет, тым бол­ма­са өмі­рін­де бір рет оқу ке­рек. Тәс­бих на­ма­зы–төрт рә­кат. Әр­бір рә­кат­та «Фа­ти­ха» мен бір сү­ре оқы­ла­ды. Бір не­ме­се екі сә­лем­мен аяқ­та­ла­ды. Осы на­маз­да үш жүз рет:

}{سُبْحَانَ اللهِ وَ الْحَمْدُ للهِ وَ لاَ اِلَهَ اِلاَّ اللهُ وَ اللهُ اَكْبَرُ

 «Суб­хан-Аллаһи уәл-хам­ду лил­лә­һи уә ләә илә­һә ил­лал-ла­һу уаллаһу әк­бар» тәс­би­хы оқы­ла­ды. Яғ­ни, әр­бір рә­кат­та жет­піс бес рет тәс­бих оқы­ла­ды. Ниет етіп, қол байла­нып, суб­ха­на­ка­дан кейін он бес рет осы «тәс­бих» оқы­ла­ды. Со­дан кейін Ә'узу-бис­мил­лаһ, «Фа­ти­ха» жә­не бір сү­ре оқы­лып, қайта­дан осы «тәс­бих» он рет оқы­ла­ды. Со­дан кейін рү­күғ­ке ба­ра­ды. Үш рет рү­күғ тәс­би­хі ай­тыл­ған соң, сол жер­де он рет та­ғы да осы «тәс­бих» оқы­ла­ды». Со­дан кейін қиям­ға бар­ған кез­де сол жер­де он рет оқы­ла­ды. Одан кейін сәж­де­ге ба­ра­ды. Сәж­де тәс­би­хы айты­лы­сы­мен ар­тын­ша он рет «тәс­бих» оқы­ла­ды. Сәж­де­ден тәк­бір ай­тып тұ­ра­ды да, екі сәж­де ара­сын­да та­ғы да он рет осы «тәс­бих» оқы­ла­ды. Қайта тәк­бір ай­тып, сәж­де­ге ба­рып, сәж­де тәс­би­хін айт­қан соң, он рет осы «тәс­бих» оқы­ла­ды. Со­ны­мен бә­рі қо­сы­лып, жет­піс бес­ке же­те­ді. Осы­дан кейін екін­ші рә­кат­қа тұ­ра­ды да, сол рә­кат­ты дәл осы­лай оқып оты­ра­ды. Оты­рыс­та «әт-та­хият» пен «салауат» оқы­ла­ды. Осы­мен «тәс­бих» жүз елу­ге же­те­ді. Осы­дан кейін сә­лем бе­ріп яки сә­лем бер­мей үшін­ші рә­кат­қа бас­тайды. Осы соң­ғы екі рә­кат дәл ал­дың­ғы­дай оқы­ла­ды. Осы­лайша үш жүз «тәс­бих» оқы­ла­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) не­ме­ре аға­сы Аб­бас­қа тәс­бих на­ма­зын үйре­тіп жа­тып, осы на­маз­ды оқы­ған жан­ның құм үйін­ді­сін­дей кү­нә­ла­ры бол­са да, Аллаһ сөз­сіз ке­ші­ре­ті­нін айта­ды254. Тәс­бих на­ма­зын­да жа­ңы­лыс­қан жағ­дайда, сә­һу сәж­де­сін­де бұл тәс­бих­тар қайта­ла­нып оқыл­майды. Бұл на­маз­ды оқы­ған адам тәс­бих­тар­ды ойы­мен са­най ал­са, сау­сақ­та­ры­мен са­на­майды. Имам тәс­бих на­ма­зын оқыт­са, жа­рия оқи­ды. Тәс­бих­тар­ды да жа­рия түр­де оқи­ды.

 

Қа­жет на­ма­зы

Дү­ние­лік не­ме­се ақы­рет­тік қалауы бар адам дә­рет алып, құп­тан на­ма­зы­нан кейін екі не­ме­се төрт рә­кат, бас­қа бір көз­қа­рас бойын­ша, он екі рә­кат на­маз оқи­ды. Одан кейін Аллаһ­қа хамд, ма­дақ жә­не Оның Ел­ші­сі­не салауат ай­тып, ар­ты­нан өзі­не қа­жет дұ­ға­сын ай­тып, Аллаһ­тан сұ­райды. Мәр­фу¢ бір ха­дис­те на­маз­дың бі­рін­ші рә­ка­тын­да бір рет «Фа­ти­ха», үш рет «Ая­тул-күр­сі» оқи­ды. Қал­ған үш рә­ка­ты­ның әр бі­рін­де «Фа­ти­ха» мен «Ықы­лас», «Фә­лақ», «Нас» сү­ре­лін оқи­ды. Тир­ми­зи­дің бір ха­ди­сін­де Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «Әр­кім­нің Аллаһ­тан қа­ла­ған бір ті­ле­гі не­ме­се адам­дар­дан кім­де-кім­нің қан­дай бір ті­ле­гі бол­са, ал­ды­мен жақ­сы­лап дә­рет ал­сын. Со­дан кейін екі рә­кат на­маз оқы­сын. Одан кейін Аллаһ­қа хамд, ма­дақ, Аллаһ Ел­ші­сі­не салауат айт­сын. Ар­ты­нан мы­на дұ­ға­ны оқы­сын:

{لاَ اِلَهَ الاَّ اللهُ الْحَلِيمُ الْكَريمُ سُبْحَانَ اللهِ رَبِّ الْعَرْشِ الْعَظيمِ الْحَمْدُ ِللهِ رَبِّ الْعالَمِين اَسْئَلُكَ مُوجِباتِ رَحْمَتِكَ وَ عَزَآئِمَ مَغْفِرَتِكَ وَ الْغَنيمَةَ مِنْ كُلِّ بِرٍّ وَ السَّلامَةَ مِنْ كُلِّ اِثْمٍ لاَ تَدَعْ لي ذَنْباً الاَّ غَفَرْتَهُ وَ لا هَمّاً إلاَّ فَرَّجْتَهُ وَ لاَ حاجَةًَ هِىَ لَكَ رِضاً قَضَيْتَها يآ اَرْحَمَ الرَّاحِمينَ}

Оқылуы: «Ләә илә­һә ил­лал-ло­һул-ха­ли­мул-кә­рим. Суб­хан-Аллаһи Раб­бил-а'ршил-а'зим. Әл-хәм­ду лил­лә­һи раб­бил-а'ла­мин. Әсә­лу­кә му­жи­баати рах­ма­ти­ка уә азаимә мағ­фи­ра­ти­кә уәл-ға­ни­мә­тә мин кул­ли бир­рин уәс-сә­лә­әма­тә мин кул­ли ис­мин ләә тә­да¢ ли зән­бән ил­лә ға­фәр­тәһ уә ләә һәм­мән ил­лә фәр­рәж­тәһ, уә ләә хәәжә­тән һиә лә­кә ри­дан ил­лә қа­дайтә­һә иәә әр-ра­ха­мәр-рә­хи­ми­ин». Ма­ғы­на­сы: «Ха­лим (биязы) әрі Жо­март Аллаһ­тан бас­қа құ­дай жоқ. Ұлы арш­тың Раб­бы Аллаһ­ты тәс­бих ете­мін. Хамд пен ма­дақ әлем­дер­дің Раб­бы Аллаһ­қа тән. Аллаһым! Ра­қым­ды­лы­ғың қа­жет ет­тір­ген нәр­се­ле­рің­ді, ап-анық ке­ші­рі­мің­ді, әр­бір жақ­сы­лық­қа жет­кі­зуің­ді, әр­бір кү­нә­дан алыс­та­туың­ды се­нен ті­лей­мін. Кү­нә­ла­рым­ды ке­шір! Қайғы-мұ­ңым­нан арылт! Ри­за­лы­ғы­ңа лайық қа­жет­ті­лі­гім­ді бер. Ей, ра­қым­ды­лар­дың Ра­қым­ды­сы, Аллаһым!

 

Са­пар ал­дын­да жә­не са­пар­дан қайт­қан­да оқы­ла­тын на­маз

Бір мұ­сыл­ман жол­ға шы­ғар­да не­ме­се жол­дан орал­ған­да екі рә­кат на­маз оқуы – мән­дүп. Жол­ға шы­ғар­да – үйде, орал­ған сәт­те – ме­шіт­те оқу аб­зал. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) жол­дан күн­діз сәс­ке уақы­тын­да ора­лып, Пай­ғам­бар ме­ші­тін­де екі рә­кат на­маз оқып, аз­дап оты­ра­тын255.

      

Жауын ті­леу на­ма­зы

Бір жер­ге жаң­быр жау­май қуаң­шы­лық бол­ған кез­де жауын дұ­ға­сы жа­са­ла­ды. Кей­бір ел­де халық Раб­бы­ла­ры­на кө­ңіл бөл­мей, зор кү­нә­ға бат­қан­дық­тан Аллаһ сол ел­ді сы­нау үшін, кей кез­де, ол жер­лер­ді қуаң­шы­лық­қа ай­нал­ды­ра­ды. Құ­ран­да Ха­зі­ре­ті Нұх, Ха­зі­ре­ті Мұ­са се­кіл­ді пай­ғам­бар­лар­дың хал­қы үшін жауын сұ­рап, дұ­ға ет­кен­де­рі жайлы сөз еті­ле­ді. Нұх пай­ғам­бар: «Раб­бы­ла­рың­нан жа­рыл­қау ті­лең­дер. Өйтке­ні, Ол-өте жа­рыл­қаушы», – де­ді. «Ол сен­дер­ге ас­пан­нан мол-мол жауын жі­бер­ді» 256. Мұ­са пай­ғам­бар жайлы: «Сол уа­қыт­та Мұ­са елі үшін су ті­ле­ді» 257. Жауын ті­леу на­ма­зын Әбу Ха­ни­фа бойын­ша, жа­ма­ғат­пен жа­рия оқу сүн­нет емес. Бі­рақ жа­рам­ды мән­дүп іс. Жауын жаума­са, на­маз бір­не­ше күн қайта­ла­на­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз­дан (с.а.у.) біз­ге жет­кен жауын дұ­ға­сы:

{أللهُمَّ اسْقِنا غَيْثاٌ مُغيثاً هَنيئاً مَريئاً مَريعاً غَدَقاً مُجَلِّلاً سَيْحاً عامّاً طَبَقاً دائماً, اللهُمَّ اسْقِنا الْغَيْثَ وَ لاَ تَجْعَلْنا مِنَ الْقانِطِينَ . أللهُمَّ اِنَّ بِالْبِلادِ وَ الْعِبَادِ وَالْخَلْقِ مِنَ الَّاوَاءِ والضَّنْككِ ما لاَ نَشْكُوُ اِلاَّ اِلَيْكَ  .أللهُمَّ اَنْبِتْ لَناَ الزَّرْعَ وَ اَدِرْ لَنا الضَّرْعَ وَ اَسْقِنا مِنْ بَرَكاتِ السَّماءِ وَ اَنْبِتْ لَناَ مِنْ بَرَكاتِ الأرْضِ. أللهُمَّ اِنَّا نَسْتَغْفِرُكَ اِنَّكَ كُنْتَ غَفَّاراً فَارْسِلِ السَّماءَ عَلَيْنا مِدْراراً}

«Аллаһум­мәс-қи­нә ғай­сән, му­ғи­сән, һә­ни­ән, мә­ри­ән, мә­ри'ан, ға­да­қан, му­жәл­ли­лән, сәй­хан, ам­мән, та­ба­қан дәәи­мән.

Аллаһум­мә! Әсқи­нәл-ғайсә уә ләә тәж'ал­нәә ми­нәл-қа­ни­ти­ин.

Аллаһум­мә! Ин­нә бил-би­лә­ди уәл-'ибә­ди уәл-хал­қи ми­нәл-лә¢уәәи уәд-дан­ки мә ләә нәш­ку ил­лә иләйк.

Аллаһум­мә! Ән­бит лә­нәз-зәр¢а уә әдир лә­нәд-дәр¢а уә әс­қи­нәә мин бә­рә­ка­тис-сәмәәи. Уә ән­бит лә­нәә мин бә­рә­кә­тил-әр­ди.

Аллаһум­мә! Ин­нәә нас­тағ­фи­ру­кә ин­нә­кә кун­тә ғаф­фа­рә, фә әр­си­лис-сә­мә¢ә аләйнәә мид­рә­рә».

Ма­ғы­на­сы: «Аллаһым! Біз­ге жәр­дем бе­ріп, же­рі­міз­ді, шар­та­рап­ты ыл­ғал­дан­ды­ра­тын мол жауын нә­сіп ет.

Аллаһым! Біз­ді жауын­мен су­лан­дыр, біз­ді үміт­те­рі үзіл­ген адам­дар­дан ет­пе.

Аллаһым! Ел­дер­де, құл­да­рың­да, жан-жа­нуар­да ауыр тауқы­мет бар. Оны Са­ған ға­на ша­ғым ете ала­мыз.

Аллаһым! Біз үшін егі­ні­міз­ді өсі­ріп, ма­лы­мыз­дың сү­тін мо­лайт, біз­ді көк­тің бе­ре­кет­те­рі­не бө­леп, жер-жү­зі­нің бе­ре­кет­те­рі­нен біз­ге ырыс бер.

Аллаһым! Біз Се­нен ке­ші­рім ті­лей­міз. Шек­сіз Сен аса ке­ші­рім­ді­сің. Біз­ге көк­тен мол жауын жі­бер».

 

Ку­суф на­ма­зы

Күн­нің тұ­ты­луын – «ку­суф», ай­дың тұ­ты­луын – «ху­суф» деп атайды. Бір ел­де күн тұ­тыл­са, сол ел­дің има­мы азан­сыз, қа­мат­сыз ха­лық­пен екі рә­кат на­маз­ды жа­рия оқи­ды. Бір ха­дис­те айты­ла­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) күн тұ­тыл­ған­да қиям­да ұзақ тұ­рып, екі рә­кат на­маз оқып бы­лай де­ді: «Бұл құ­бы­лыс­тар – Аллаһ­тың ұлы­лы­ғын паш ет­кен дә­лел­дер. Аллаһ осын­дай құ­бы­лыс­тар­мен құл­да­рын қор­қы­ту­ды қа­лайды. Бұн­дай нәр­се­ні көр­ген кез­де ең соң­ғы па­рыз на­ма­зы се­кіл­ді на­маз оқың­дар»258. Ай мен күн­ге байла­ныс­ты Аллаһ Та­ға­ла бы­лай дейді: «Түн мен күн­діз жә­не күн мен ай – Аллаһ­тың (құдіретін көрсететін) дә­лел­де­рі­нен. Күн­ге де, айға да сәж­де ет­пең­дер. егер құл­шы­лық қы­ла­тын бол­саң­дар солар­ды жа­рат­қан Аллаһ­қа сәж­де етің­дер,259. Бұл аят­та­ғы «сәж­де етің­дер» әмі­рі ай мен күн тұ­тыл­ған­да на­маз оқу ма­ғы­на­сын біл­ді­ре­ді. Бұл на­маз үл­кен ме­шіт­те оқыл­са, аб­зал. Бі­рақ бас­қа жер­лер­де де оқи ала­ды. На­маз­дан кейін имам күн ашыл­ған­ға дейін жа­ма­ғат­қа қа­рап оты­рып, дұ­ға ете­ді. Жа­ма­ғат «әмин» дейді.

 

Ху­суф на­ма­зы

Ай тұ­тыл­ған кез­де әр­кім үйін­де құ­пия не­ме­се жа­рия тү­рін­де екі не­ме­се төрт рә­кат на­маз оқи­ды. Әбу Ха­ни­фа бойын­ша, ме­шіт­те жа­ма­ғат­пен оқу сүн­нет­те жоқ. Оқы­са ар­тық­тық қыл­майды. Ай тұ­ты­луы түн­де бо­ла­тын­дық­тан жа­ма­ғат­тың ме­шіт­ке жи­на­луы қиын­дық ту­ды­ра­ды260.



253 Зухайли,а.а.е., ІІ, 49.

254 Тирмизи,Уитир,19.

255 Бухари, Салат, 59.

256 Нұх, 71/10-11.

257 Бақара,2/60.

258 Бухари, Кусуф, 1, 17.

259 Фуссилат, 41/37.

260 Касани 1. 282.

245 Бухари, Салат, 60.

246 Бухари, Уду,¢ 24. Муслим, Таһарат,5.

247 Исра, 17/79.

248 Мүзәмміл, 73/20.

249 Тирмизи, Дә'ауат, 101.

* Сахабаларды көргендер.

250 Әли Имран, 3/190-194.

251 Геже ибадеті, Абдулхаким Юже, Измир,.49-50.

252 Ибн Мажә, Зуһд, 38.

0 пікір