Асыр (на­маз­ды­гер)
Асыр (на­маз­ды­гер)
9 жыл бұрын 6006
Қайрат Жолдыбайұлы

Асыр уақы­ты – бе­сін уақы­ты­ның шық­қан сә­ті­нен бас­тап, күн­нің ба­туына дейін­гі мез­гіл. Жо­ға­ры­да ай­тыл­ған көз­қа­рас бойын­ша, асыр уақы­ты – мүш­тә­һит­тер­дің ба­сым көп­ші­лі­гі бойын­ша, бар­лық нәр­се­нің кө­лең­ке­сі бір есе, ал Әбу Ха­ни­фа­ның көз­қа­ра­сы бойын­ша, екі есе бол­ған сәт­тен бас­та­лып, күн­нің бат­қан уақы­ты­на дейін жал­ға­са­ды.

Бұ­ған мы­на ха­дис дә­лел: «Күн бат­пай тұ­рып, асыр на­ма­зы­ның бір рә­ка­ты­на үл­гер­ген адам, асыр на­ма­зы­на үл­ге­ре­ді»128.

Мүш­тә­һит­тер­дің ба­сым көп­ші­лі­гі бойын­ша, асыр на­ма­зын күн­нің сар­ғаю уақы­ты­на дейін ке­шік­ті­ру – мәк­рүһ. Өйтке­ні, Аллаһ Ел­ші­сі (с.а.у.) бы­лай дейді: «Бұл уа­қыт­та оқы­ла­тын на­маз – мұ­на­фық­тар­дың (екі жүз­ді) на­ма­зы. Мұ­на­фық оты­рып алып, күн­ді кү­те­ді. Күн шай­тан­ның екі мүйізі­нің ара­сы­на кір­ген (ба­та бас­та­ған) кез­де, апыл-ғұ­пыл асыр на­ма­зын төрт бас оқып, Аллаһ­ты өте аз ес­ке ала­ды»129.

128 Малик, Муатта, Уқут, 5; Әбу Дәәуд, Салат, 5;

129 Малик, Муатта, Қуран, 46.

0 пікір