Айт на­маз­да­ры
Айт на­маз­да­ры
10 жыл бұрын 1984
Қайрат Жолдыбайұлы

Айт – араб­ша­дан ті­лі­міз­ге өт­кен «мей­рам» де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Айт на­маз­да­ры­ның уә­жіп­ті­гі Құ­ран мен сүн­нет­ке сүйене­ді. Бі­рін­ші­сі – Ра­ма­зан айты, екін­ші­сі – Құр­бан айт. Мә­ди­на­да­ғы бір ан­сар-са­ха­ба Ис­лам­нан бұ­рын той­лай­тын екі күн­нің бол­ға­ны ту­ра­лы Пай­ғам­ба­ры­мыз­ға (с.а.у.) айт­қан­да, ол: «Аллаһ сол екі күн­нің ор­ны­на сен­дер­ге олар­дан әл­де­қайда жақ­сы­сын бер­ген. Біреуі – Құр­бан айт, екін­ші­сі – Ра­ма­зан айт»,234 – дейді. Аллаһ Ел­ші­сі екі айт на­ма­зын оқы­ға­ны жайлы ха­бар «тәуа­түр» (бұл­тарт­пас, анық) жол­мен біз­ге жет­кен. Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) ал­ғаш­қы оқы­ған айт на­ма­зы – һиж­рет­тің екін­ші жы­лын­да­ғы Ра­ма­зан айт на­ма­зы. Бұ­ны ибн Аб­бас айта­ды: «Аллаһ Ел­ші­сі (с.а.у.) Әбу Бә­кір, Омар­лар­мен бір­ге Ра­ма­зан айт на­маз­да­ры­на қа­тыс­тым. Бар­лы­ғы да айт на­ма­зын хұт­па­дан бұ­рын оқы­ды».

Бас­қа бір ха­бар­да ибн Аб­бас: «Аллаһ Ел­ші­сі айт на­маз­да­рын азан­сыз, қа­мат­сыз оқы­ды», – деп риуаят ет­кен235. Жұ­ма на­ма­зы па­рыз бол­ған жан­дар­ға осы екі айт на­маз­да­ры да – уә­жіп. Бі­рақ айт на­маз­да­рын­да хұт­па на­маз­дар­дан кейін оқы­ла­ды. Бұ­лай оқы­луы – сүн­нет. Айт на­маз­да­ры­ның ал­ғаш­қы уақы­ты – күн­нің көк­жиек­тен найза бойын­дай кө­те­ріл­ген­де­гі уа­қыт. Бұл ша­ма­мен күн шық­қан­нан кейін 50-55 ми­нөт­тей өт­кен­нен кейін бас­та­лып, бе­сін на­ма­зы­ның кі­руіне дейін жал­ға­са­ды.

Айт на­ма­зы – екі рә­кат. Жа­ма­ғат­пен жа­рия түр­де оқы­ла­ды. Азан мен қа­мат оқыл­майды. Имам мы­сал­ға, «Екі рә­кат Ра­ма­зан айт на­ма­зы­на ниет ет­тім» деп ниет ете­ді. Жа­ма­ғат «Екі рә­кат айт на­ма­зы­на ниет ет­тім, ұйы­дым имам­ға» деп ниет ете­ді. «Аллаһу әк­бар» деп, иф­ти­тах (ашу, бас­тау) тәк­бі­рі алы­на­ды. Қол­дар байла­нып, имам мен жа­ма­ғат бір­ге құ­пия­лай «Суб­ха­на­ка Аллаһум­ма» дұ­ға­сын оқи­ды. Одан кейін имам – жа­рия­лай, жа­ма­ғат – құ­пия­лай «Аллаһу әк­бар» деп, үш рет тәк­бір ала­ды. Әр­бір тәк­бір­ді айт­қан­да қол­дар жо­ға­ры кө­те­рі­ліп, екі жа­ны­на тү­сі­рі­ле­ді. Әр­бір тәк­бір­дің ара­сын­да үш тәс­бих айты­ла­тын­дай сәт тұ­ра­ды. Үшін­ші тәк­бір­ден кейін қол­дар байла­нып, имам «Ә'узу» мен «Бис­мил­лаһ­ты» құ­пия­лай, одан кейін «Фа­ти­ха» мен қо­сым­ша сү­ре­ні жа­рия­лай оқи­ды. Осы­дан кейін жа­рия­лай «Аллаһу әк­бар» деп рү­күғ пен сәж­де­ге ба­ра­ды. Жа­ма­ғат та құ­пия­лай тәк­бір алып, имам­ға ұйиды. Со­дан кейін екін­ші рә­кат­қа бас­тайды. Имам құ­пия­лай – Бис­мил­лаһ, жа­рия­лай – «Фа­ти­ха», со­дан кейін қо­сым­ша сү­ре оқи­ды. Мі­не, осы­дан кейін осы жер­де ал­ғаш­қы рә­кат­та­ғы­дай үш рет тәк­бір ала­ды. Бұ­дан кейін имам – жа­рия­лай, жа­ма­ғат – құ­пия­лай «Аллаһу әк­бар» деп, рү­күғ пен сәж­де­ге ба­ра­ды. Одан кейін оты­рып, «әт-та­хият», «салауат», «рәб­бә­нә» дұ­ға­сы оқы­лып, екі жақ­қа сә­лем бе­рі­ле­ді. Яғ­ни, бұл айт на­маз­да­ры­ның әр­бір рә­кат­та­рын­да үш қо­сым­ша тәк­бір бар. Бұл тәк­бір­лер – уә­жіп.

Хұт­па­шы айт на­маз­да­ры­ның ар­ты­нан мін­бер­ге шы­ғып, ті­ке тұ­рып, жұ­ма­да­ғы­дай екі хұт­па оқи­ды. Айт хұт­па­ла­рын­да тәк­бір­мен бас­та­лып, жа­ма­ғат та осы тәк­бір­ге жай­лап қо­сы­ла­ды. Жұ­ма на­ма­зын­да­ғы сүн­нет­тер мұн­да да сүн­нет. Мәк­рүһ бол­ған нәр­се­лер, бұл жер­де де – мәк­рүһ. Айт хұт­па­сы­ның на­маз­дан бұ­рын оқы­луы – мәк­рүһ.

Имам бі­рін­ші рә­кат­та айт тәк­бір­ле­рін ұмы­тып, «Фа­ти­ха­ны» оқып жат­қан­да есі­не түс­се, де­реу тәк­бір­лер­ді алып, «Фа­ти­ха­ны» қайта оқи­ды. Бі­рақ «Фа­ти­ха» мен Құ­ран­ды оқы­ған­нан кейін есі­не түс­се, тек қа­на тәк­бір­лер­ді ала­ды. Қайта оқу­дың қа­же­ті жоқ.



234 Әбу Дәәуд, Салат, 239.

235 Әбу Дәәуд, Әдаһи, 7.

0 пікір