Жаратылыстағы өзара жәрдемдесу дәлелі
Жаратылыстағы өзара  жәрдемдесу дәлелі
10 жыл бұрын 5166

Жал­пы жа­ра­ты­лыс­қа үңіліп қарасақ, бар­лық нәрсенің бір-бі­рі­мен тығыз бай­ла­ны­ста, өза­ра жәрде­мдесу арқылы керемет жүйе құрып тұрғанын байқаймыз. Де­мек, ақыл­ды-ақылсыз, жан­ды-жан­сыз тір­ші­лік әле­мі­нің бар­лы­ғын бір-бірінің жәр­де­мі­не жү­гір­тіп, әр нәр­се­нің қа­же­тін уақы­тын­да жі­бер­тіп, оларды Өзі­нің қа­лауына бас иді­ріп, әлем­де­гі те­пе-тең­дік­ті сақ­тап тұрған мейі­рім­ді де құдірет­ті Ұлы Жа­ра­ту­шы­ның бо­луы тиіс. Се­бе­бі, сырт­тан бір құдіреті күш­тің ық­па­лын­сыз мы­на әлем­нің фаб­ри­ка маши­на­ла­ры­ның кер­тік-кер­тік тіс­те­рі ара­сын­да­ғы үйлесім­ді­лік­ке ұқ­сас кейіп­те бір-бі­рі­мен ты­ғыз бай­ла­ныс­та бо­луы, бір-бі­рі­нің қажетіне сай жұ­мыс іс­теп, бел­гі­лі бір те­пе-теңдік­ті, ке­ре­мет жүйені сақтауы мүм­кін емес. Атом, клет­ка сияқ­ты ең кіш­кен­тай ма­те­риялар мен ең үл­кен Ай, жұл­дыз, Күн тә­різ­ді алып­тар­дың жә­не жарық, ауа, су, то­пы­рақ се­кіл­ді нәр­се­лер­дің жан­сыз, сана­сыз бол­ған­да­ры­на қа­ра­ма­стан дү­ниеде­гі мы­на ке­ре­мет жүйені, әр нәр­се­де­гі мән-ма­ғы­на, пай­да­лы мақ­сат­ты жа­сау үшін сана­лы адам­дай бір-бір­ле­рі­нің жәр­де­мі­не жү­гі­ру­ле­рі, бір-бір­ле­рі­нің жұ­мы­сын то­лық­ты­рып, қол­ға қол жал­ғаула­ры – бұ­лар­дың бар­лы­ғын ма­хаб­бат­пен, мейі­рім­ді­лік­пен басқарып тұр­ған Ұлы Құ­ді­рет­тің бар­лы­ғы­ның ай­ға­ғы.

Иә, Ұлы Рах­ман Алла Та­ға­ла әлем­де­гі қой­ған жәр­дем­де­су ере­же­сі­мен бұлт­тар­ды жә­не жер­де­гі ми­не­рал­дар­ды өсім­дік­тір­ге, өсім­дік­тер­ді жан-жа­ну­ар­ға, ал олар­ды адам­дар­ға кө­мек ре­тін­де жі­бе­ріп тұр. Ана­лар­дың ақ сү­тін сә­би­лер­ге, әр түр­лі та­ғам­дар­дың атом, мо­ле­ку­ла­ла­рын де­не­де­гі клет­ка­лар­ға ме­дет етіп жі­бе­ру­де. Әр са­ты­да­ғы бар­лық тір­ші­лік иеле­рі­нің қа­жет­те­рін күт­пе­ген жер­ден, мұқ­таж­дық­та­ры­на қа­рай жет­кі­зуде. Әр нәр­се­де­гі мұқтаждық Оның еш­кім­ге мұқ­таж емес­ті­гін мең­зейді. Қар мен жаң­быр­ды бір­не­ше ша­қы­рым биік­тік­тен, түс­кен же­рін жа­пы­рып, ти­ген же­рін опы­ра­тын то­мар­дай-томардай, ірі-ірі кө­лем­де емес, жа­па­лақ­та­тып, тамшылатып жауды­рып жер­де­гі су­ға мұқ­таж­дар­ға мейірім­ді­лік­пен кө­мек бе­ріп, ме­дет жі­бер­ген Ұлы Құдірет­ті танымауға бола ма?

0 пікір