Ислам дініндегі иман негіздерінің соңғысы – тағдырға иман. Пайғамбарымыздан (с.а.у.) «Иман дегеніміз не?» – деп сұраған уақытта: «Аллаға, періштелеріне, кітаптарына және пайғамбарларына, ақырет күніне, тағдырдың жақсысы мен жаманына иман ету»,[1]– деп жауап берген.
Тағдыр сөзі – бір нәрсені белгілі бір өлшем, мөлшерге қарай реттеу, арнайы есеппен жүйелеу, жобалау деген мағыналарды білдіреді.
Ал, шариғаттық термин бойынша: Өткен шақ, осы шақ және келер шақтан, яғни, жалпы уақыт ұғымынан пәк – Ұлы Алланың әу бастан қияметке дейін және қияметтен кейін болатын барлық нәрсені, барлық оқиғаны жаратпастан бұрын шексіз, әзәли ілімі арқылы егжей-тегжейіне дейін білуін және оларды белгілі бір өлшем, мөлшерге қарай реттеуін, белгілі бір есеппен жүйелеуін, арнайы бір жобамен тағайындап белгілеуін «тағдыр» дейміз.
Ұлы Жаратушының тағдыры тек адамға ғана байланысты емес, жалпы болмысты, күллі жаратылысты қамтиды.
[1] Муслим, Китабул-Иман.