Тәу­рат жә­не Ін­жіл кі­тап­та­ры да ақыр­ғы пай­ғам­бар Мұхаммед­тің (с.а.у.) ке­ле­ті­нін сүйін­ші­ле­ген
Тәу­рат жә­не Ін­жіл кі­тап­та­ры да ақыр­ғы пай­ғам­бар Мұхаммед­тің (с.а.у.) ке­ле­ті­нін сүйін­ші­ле­ген
9 жыл бұрын 4027
Қайрат Жолдыбайұлы

Жер бе­ті­не ке­ліп-кет­кен көп­те­ген пай­ғам­бар­лар өздеріне түскен кітаптарда соң­ғы пай­ғам­бар Мұхаммед­тің (с.а.у.) ке­ле­ті­ні жай­лы үм­бет­те­рі­не біл­ді­ріп, ай­тып кет­кен. Алай­да бұл кі­тап­тар­дың за­ман өте ке­ле адамдар тарапынан әр түр­лі бұрмалануына бай­ла­ныс­ты бұл ха­бар­лар да өз­ге­ріс­ке ұшы­ра­ған. Сан мәр­те адам­дар та­ра­пы­нан әдейі бұр­ма­ла­нып, өз­ге­ру­ге ұшы­ра­са да, ішін­де әлі де Пай­ғам­ба­ры­мыз Мұхаммед­тің (с.а.у) ке­ле­ті­ні жай­лы иша­рат пен сүйін­ші ха­бар­лар­ға то­лы Тәу­рат, Ін­жіл кі­тап­та­ры­ның тек бір-екі же­рі­не тоқ­та­ла ке­ту­ді жөн көр­дік.

 

Тәу­рат сүйін­ші­ле­рі:

Ыс­майл нә­сі­лі

Алла Та­ға­ла Тәу­рат­та Ха­зі­ре­ті Мұ­са­ға бы­лай дей­ді: «Олар (Из­райл ұр­пақ­та­ры) үшін бауыр­ла­ры­ның ара­сы­нан сен се­кіл­ді бір пай­ғам­бар шы­ға­ра­мын да, сөз­де­рім­ді Оның аузы­на са­ла­мын. Ол әмір­ле­рім­нің бар­лы­ғын олар­ға ай­тып жет­кі­зе­ді» (Сифр:Тәсния,18:18).

Тәу­рат­та­ғы «Из­райл ұр­пақ­та­ры­ның бауыры» де­ген сөз тір­ке­сі Ха­зі­ре­ті Ыс­майл­дың нә­сі­лі­нен ке­ле­тін пай­ғам­бар­ға иша­рат етіл­ген. Се­бе­бі Из­рай­ыл ұр­пақ­та­ры Ибра­һим­нің ба­ла­сы Ис­хақ­тан та­ра­ған­дық­тан, олар­дың (из­райл ұр­пақ­та­ры­ның) бауыры Иб­ра­һим­нің екін­ші ба­ла­сы Ис­майл­дан та­ра­ған ұр­пақ бо­лу­ға тиіс. Ал Ха­зі­ре­ті Исмайл­дың нә­сі­лі­нен кел­ге­ні анық жал­ғыз пай­ғам­бар – Пай­ғам­ба­ры­мыз Ха­зі­ре­ті Мұхаммед (с.а.у.). Алла елшісі де (с.а.у.) Ха­зі­ре­ті Мұ­са (а.с.) се­кіл­ді жа­ңа ша­ри­ғат­пен ке­лген. Аят­тың со­ңын­да­ғы «Сөз­де­рім­ді Оның аузы­на са­ла­мын» сө­зі – Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың оқу-жа­зу біл­мей­тін­ді­гі­не жә­не Құран­ды ауыз­ша жат­қа оқып адам­дар­ға жет­кі­зе­тін­ді­гі­не иша­рат. Тәу­рат­та ай­тыл­ған пай­ғам­бар­дың Ха­зі­ре­ті Иса мен Ха­зі­ре­ті Юша (а.с.) бо­лу ық­ти­ма­лы­на кел­сек, бұл ақыл­ға қон­бай­ды. Өйтке­ні сөз еті­ліп отыр­ған пай­ғам­бар­лар Из­райл ұр­пақ­та­ры­нан кел­ген.

 

Ін­жіл сүйін­ші­ле­рі:

Фа­рақ­лит

Ио­ган­на Ін­жі­лін­де: «Мә­сих (Иса): «Рабб сен­дер­мен әр­қа­шан бір­ге бо­луы үшін сен­дер­ге бас­қа Фа­рақ­лит бе­ре­ді» – де­ді.» (Ио­ган­на, баб: 14, аят: 15.)

«Фа­рақ­лит кел­ген кез­де мен үшін куә­гер бо­ла­ды. Сен­дер де ма­ған куә­лік етің­дер» (Ио­ган­на, Баб: 14, 26).

«...Мен кет­пе­сем Фа­рақ­лит кел­мейді» (Ио­ган­на, Баб:14, аят: 7-8)

«Фа­рақ­лит» сө­зі грек ті­лін­де «Прик­ли­тос» деп өте­ді. Ал «Прик­ли­тос» сө­зі араб ті­лін­де­гі «Ах­мет» де­ген сөз­дің ма­ғы­на­сы­мен бір­дей. Бә­рі­міз­ге бел­гі­лі Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың бір аты «Ах­мет» бол­ған. Тіп­ті Құ­ран­да пай­ғам­ба­ры­мыз­дың Ін­жіл­де­гі есі­мі­нің «Ах­мет» екен­ді­гі ай­ты­ла­ды.[1]

Жо­ға­ры­да ес­ке­рт­ке­ні­міз­дей, бұ­лар­ды адам­дар­ға оймақ­тай ой са­лу үшін айт­тық. Қо­сым­ша мы­на­ған тоқ­тал­сақ дей­міз. Күн­шіл­дік пен кек­шіл­ді­гі шырмауық­тай шыр­мас­қан яһу­ди мен хрис­тиан­дар бар кү­шін са­лып бұр­ма­лауға қан­ша ты­рыс­са да, әлі де Тәу­рат пен Ін­жіл­ден Алла Ел­ші­сі­нің пай­ғам­бар­лы­ғы­на тән көп­те­ген иша­рат пен сүйін­ші та­бы­луы мүм­кін. Тәу­рат, Ін­жіл жә­не Зә­бур­дан ең аз өз­ге­ріс­ке түс­кен нұс­қа­ла­ры та­был­са, сол кез­де ша­ма­сы еш­қан­дай жо­ра­мал­ды да, тәп­сір­ді де қажет ет­пей, Алла Ел­ші­сі­не (с.а.у.) бай­ла­ныс­ты көп­те­ген ашық бел­гі­лер бар еке­нін қа­ра­пай­ым адам да анық аң­ға­ра­ды[2].

[1] Ие­нер Өз­тү­рік, Иені бір ио­рум­ла Ис­лам инанч есас­ла­ры. Ышык иай­ын­ла­ры.

[2] Ән-ну­рул-ха­ли­ду Му­хам­ма­дун маф­ха­ра­тул-ин­са­ния.

0 пікір