Оның (с.а.у.) ерек­ше са­бы­ры – хақ­ты­ғы­на дә­лел
Оның (с.а.у.) ерек­ше са­бы­ры – хақ­ты­ғы­на дә­лел
10 жыл бұрын 2833
Қайрат Жолдыбайұлы

Бел­гі­лі бір мек­теп­те мұ­ға­лім не­ме­се бір ме­ке­ме­де бас­тық­сыз. Оқу­шы­лар­дың, ­яки қа­ра­ма­ғы­ңыз­да­ғы адам­дар­дың жү­рек­те­рі­не жол тауып, ойыңыз­да­ғы ас­қақ пі­кір­ді, те­рең тә­лім-тәр­биені бер­гі­ңіз кел­ді де­лік. Бұл мақ­са­ты­ңыз­ға же­ту жо­лын­да кез кел­ген қиын­шы­лық­қа, әр түр­лі ру­ха­ни жә­не зат­тық зиян, қауіп-қатер­ге, өте ауыр қор­лай­тын сөз­дер мен іс-әре­кет­тер­ге шы­дай­ты­ны­ңыз­ды ой­лап, тіп­ті бұл жол­да жа­ны­ңыз­ды да пи­да ете­мін де­ген ниет­те­сіз. Ал, ен­ді тө­мен­де көр­се­тіл­ген пай­ғам­ба­ры­мыз­дың ба­сы­на кел­ген қиын да шы­тыр­ман жағ­дай­лар кез­дес­кен сәт­те, қан­дай күй­де бо­ла­сыз? Жо­лы­ңыз­ды еш өз­ге­рт­пес­тен, пай­ғам­бар­ша са­быр­мен жал­ғас­ты­ра бі­ле­сіз бе? Жал­пы өзі­ңіз­ге, жү­ре­гі­ңіз бен сезім­де­рі­ңіз­ге бір көз са­лып, құ­лақ тү­рі­ңіз... Сіз­ге бұ­лар не дей­ді?

Адам­дар:

Ата-ба­ба­мыз­дың осы уа­қыт­қа дейін та­бы­нып кел­ген пұт­та­ры­на қар­сы шы­ға­тын мы­нау қай­дан шық­ты?-деп бе­ті­ңіз­ге тү­кір­се...

Әбді­мүт­тә­ліп­тің же­ті­мі­нен бас­қа пай­ғам­бар­лық­қа адам та­был­май қа­лып па? – деп жа­ны­ңыз­ға ба­та­тын ауыр сөз ай­тып, қор­ла­са...

Көп­ші­лік ара­сын­да: Си­қыр­шы, көз­бай­лау­шы – деп ке­ле­ке етіп, мыс­қыл­да­са...

Әйелі­ңіз­ге әр түр­лі ауыр жа­ла­лар жауып, ха­лық ара­сын­да ар-на­мы­сы­ңыз­ды қор­лай­тын өсек та­рат­са...

На­маз­да ба­сы­ңыз­ды сәж­де­ге қой­ып, Раб­бы­ңыз­ға мінә­жат етіп жат­қан­да, мал­дың ішек-қар­нын әкеп ба­сы­ңыз­ға ауда­рып, ке­ле­меж­деп, қар­қыл­ға ба­сып күл­се...

Ел­мен ара­ла­су­ға қа­таң тый­ым са­лып, сау­да-сат­тық, жал­пы қа­рым-қа­ты­нас­ты үзіп, бой­кот жа­риялап аш қал­дыр­са...

Аш­тық­тың ауырт­па­лы­ғы сон­ша­лық ай­лар бойы нәр тат­па­ған дос­та­ры­ңыз аш­тық­тан жапы­рақ жеп кет­се...

Ең жа­қын туысы­ңыз­ды өл­ті­ріп, құ­ла­ғын ке­сіп, кө­зін ой­ып, де­не­сін тіл­гі­леп, бауы­рын суы­рып алып, шай­на­са....

Жү­ре­тін жо­лы­ңыз­ға ті­кен ша­шып, бұ­рыш-бұ­рыш­та қол­да­ры­на шоқ­пар алып сіз­ді аң­ды­са...

Сүйік­ті ота­ны­ңыз­ды тас­тап ке­ту­ге, ту­ған-туы­стан айыры­лы­су­ға мәж­бүр етіп, өл­ті­ру­ге ант іш­се...

Бар­ған же­рі­ңіз­де де ты­ныш­тық бер­мей әс­кер жі­бе­ріп, жа­ны­ңыз­дан да жақ­сы кө­ре­тін дос­та­ры­ңыз­ды өл­тір­се...Не іс­тер еді­ңіз? Олар­ға қан­дай жауап­та бо­лар еді­ңіз? Осы­лар­дың бә­рі­не са­быр сақ­тап, еш мойы­ма­стан, шайқа­лып-тең­се­ліп, кү­мән­ға бой ал­дыр­ма­стан жо­лы­ңыз­ды жал­ғас­ты­ра бі­ле­сіз бе? Олар­дың осы іс-әре­кет­те­рі­не ке­ші­рім­мен, мейі­рім­мен қа­рап: «Раб­бым, олар­дың бұл іс­те­рін ке­ші­ре гөр! Олар не іс­теп жат­қан­да­рын біл­мейді. Олар­ды сен ту­ра жол­ға са­ла гөр!» -деп олар үшін із­гі ті­лек ті­леп, жа­ман­шы­лық­та­ры­на жақ­сы­лық­пен жауап бе­ре ала­сыз ба?

Иә, адам­зат­тың ар­дақ­ты­сы Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) олар­дың бар­лық зұ­лым­дық­та­ры мен қор­лық­та­ры­на шы­дап, әр түр­лі ке­сір­ле­рі­не қар­сы са­быр­ды қа­ру етті. Олар­ға ана­дай мейі­рім құ­ша­ғын ашып діт­те­ген мақ­са­ты­на же­те бі­лді. Міне бұл – адамзат ардақтысы Мұхаммедттің (с.а.у.) шы­найы ел­ші екен­ді­гі­нің ай­қын тағы да бір дәле­лі бол­са ке­рек. Оның (с.а.у.) қа­сиет­ті өмір­бая­нын оқып оты­рып, ерік­сіз кө­зі­міз­ге жас алып «Мұхаммед, Сен тек Алланың шы­найы ел­ші­сі­сің» – деп има­ны­ңа нәр тамы­за­сың.

0 пікір