Бір жолы Айша (р.а.) анамыз:
– Уа, Алланың елшісі, сұрағандарға қандай заттарды міндетті түрде беру керек? – деп сұрады.
Алла елшісі: – Су, оттық, тұз, – деп жауап қатты.
Айша анамыз: – Суды түсіндік, ал оттық пен тұзды берудің мәнісі не? – деп қайта сұрағанда, ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деп түсіндірді:
– Ей, Айша, кім оттық берсе, сол отпен пісірген нәрсенің барлығын садақа еткенмен бірдей;
Ал кім тұз берсе, сол тұзбен дәмі кірген астың барлығын садақа еткенмен бірдей;
Ал кім суынан беріп, біреудің шөлін басса, жетпіс жанды тұтқыннан босатқанмен бірдей;
Ал кім су тапшы бола тұра, суынан беріп, біреудің шөлін басса, өлген жанды тірілткенмен бірдей;
Ал кім бір адамды құтқарса, жалпы адамдарды құтқарғанмен бірдей.