"Ей, Халифа! Саған қояр үш сауалым бар...": Қарияның халифаға қойған үш сауалы (ғибрат)
"Ей, Халифа! Саған қояр үш сауалым бар...": Қарияның халифаға қойған үш сауалы (ғибрат)
12 күн бұрын 4029 www.islamveihsan.com/

Аббаси халифатының әйгілі патшасы Харун Рашидтің заманында Бәһлүл Дана (VIII ғасыр) есімді әулие өмір сүрген. Бір күні Ол халифа Харун Рашидке:

- Ей, Халифа! Саған үш сауалым бар:

  1. Жер бетінде ең көп не нәрсе?
  2. Жер астында ең көп не нәрсе?
  3. Көк жүзінде ең көп не нәрсе? - дейді.

Сауалдарды жеңіл көрген Харун Рашид көп ойланбастан:

  1. Жер бетінде ең көп – жан-жануарлар.
  2. Жер астында ең көп – мәйіттер (өлілер).
  3. Көк жүзінде ең көп – қанатты құстар, - деп жауап береді.

Халифаның жауабына қанағаттанбаған қария басын шайқап:

- Дұрыс емес, ей, халифа! Сен мәселенің беткі жағын ғана айтып тұрсың. Негізін, ақиқатын айтпадың, - деп, қойған сұрақтарының астарын былай деп ашып айтып беріпті:

  1. Жер бетіндегі ең көп нәрсе – ашкөздік пен тойымсыздық, қызғаншақтық пен еш бітпейтін нәпсәни қалаулар.  
  2. Жер астындағы ең көп нәрсе – әттегенелер мен ащы өкініштер, зар-мұңдар.
  3. Көк жүзіндегі ең көп нәрсе – «Аршы-аъләя» (Ұлы Аршқа) көтерілген ізгі амалдар,

- деп сауалының негізгі жауаптарын баяндап беріпті[1].

 А. Қасым.


[1] Osman Nuri Topbaş, Altınoluk Dergisi, 2020 – Kasım.

0 пікір