Халықаралық баскетбол федерациясы жарыстарда хиджабпен ойынға қатысуға рұқсат берді
Халықаралық баскетбол федерациясы жарыстарда хиджабпен ойынға қатысуға рұқсат берді
7 жыл бұрын 3448 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) мұсылман спортшыларына жарыстарда шариғат шәлісін жамылып, ойын көрсетуіне ресми рұқсат етті. Бұл жайында BBC Sport ақпарат көзі хабар таратты. "Регламентті өзгертуге шешім қабылданды, өйткені, кей елдерде дәстүрлі дресс-код әйел адамның басына орамал тартуын талап етеді. Бұрын бұл біздің ережемізге қайшы келген еді",- деді аталған спорт ұйымының мәлімдемесінде. Ережеге енгізілген түзетуге, дәлірегі, бейсенбіде, яғни, кеше Гонконг қаласында өткен FIBA орталық бюросының мәжілісінде қабылданған шешімге байланысты ойыншыларға жарыс алаңында шариғат шәлісін жамылуына рұқсат берілді, Ресми түрде. Алайда, бір шарты бар: спортшының басына тартылатын орамал бірыңғай ақ немесе қара болуы керек, әйтпесе, жарысқа киіп шығатын формасының түсіне сәйкес келуі керек. Тағы бір шарты: орамал спортшының еркін қимылдауына кедіргі келтірмеуі керек, яғни, өмірі мен денсаулығына қатер төндіретіндей етіп тағылмауы тиіс. Ережеге енгізілген түзету биыл, қазан айының 1-і күнінен бастап күшіне енеді. 

0 пікір
Мұрағат