Хиджабты кімдер және не үшін маркетингтік жарнамаға айналдырып отыр?
Хиджабты кімдер және не үшін маркетингтік жарнамаға айналдырып отыр?
7 жыл бұрын 3036 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Трансұлттық корпорациялар мен әлемдік брендтердің дені өз жарнамаларында басына жаулық салынған немесе шариғат шәлісін жамылған қыз-келіншектерді пайдаланып келеді. Бұл қоғамдағы мультимәдениетті дамытуға және мұсылман әйелдің мәртебесін өсіруге ықпал етеді деп сенеді. Алайда, мұсылман әйелдердің өздері мұндай брендке немесе трендке сыни көзбен қарайтынын айта кету керек. Dolce and Gabbana, H&M, Pepsi, Nike – мұсылман әйелдерінің киімін өздерінің маркетинтік акцияларында жиі пайдаланатын әлемдегі аса ірі брендке айналған компаниялар. Жуырда шаиғат шәлісін жамылған фотограф қыз бейнеленген Pepsi сусынының жарнамалық ролигі төңірегінде дау-дамай туындады. Мұсылман белсенділері аталған компанияларды мұсылман қыздарды өздерінің бизнесін жүргізу үшін, дәлірегі, баю мақсатында пайдаланып отырғанына наразылық білдірді. Ал шын мәнінде бұл діни кемсітушілікке ұшырап отырған әйелдердің құқығының бұзылмауына титтей де әсер етпей отырғанын ашына жеткізді Тасбих Харвис есімді мұсылман әйелі. Бұл жайында The Independent ақпарат көзі хабар таратты. "Саяси климатты ескере отырып, әлеуметтік тұрғыдан өзіңді қоғамдастықтың диссидентімен бірдей көру әлдеқайда ақылға қонымды болып отыр, көптеген адамдар үшін мұсылман әйелдердің жиынтық бейнесі осылайша көрініс тапқан",- деді ол. "Бұл брендтердің игілігімізге айналды деп айта алмаймын, біздің бірегейлігімізді аса ірі компаниялардың мақұлдағаны керек емес (яғни, мұсылман әйелдерді елден ерекшелеп, олардың кемсітушілікке ұшырап отырғанын астарлап жеткізу де мұсылман әйелді бейшара етіп көрсетумен бірдей болып отырғанын меңзеп отыр - ред.), бұл тек хиджап. Ол парыз",- деді Another Lenz онлаин-журналының редакторы Хадиша Ахмет. 

0 пікір
Мұрағат