Чемионат қарсаңында болатын Рамазан айында ораза ұстамауға үндеп отыр
Чемионат қарсаңында болатын Рамазан айында ораза ұстамауға үндеп отыр
6 жыл бұрын 4713 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2018 жылы футболдан өтетін әлем чемпионаты қарсаңында, дәлірегі, қасиетті Рамазан айында Мысырдың құрама командасында ел намысын қорғайтын спортшыларға ораза ұстамауға шақырып отыр. Аталған елдің футбол қауымдастығының президенті Хан Әбу Рида. Ол спортшылардың алдында ауыр міндет тұрғанда, оларды райынан қайтарудың оңай еместігін жеткізді. Дінімізде саяхатшыларға, т.б. қарастырылған жеңілдіктерді пайдалануды алға тартып отыр. Бұған қоса, Ресейде күн кеш бататындықтан, ертелі-кеш жаттығатын спортшыларға бұл ауыр тиеді. Өйткені, Рамазан айының соңғы аптасында мысырлық спортшылар Ресейде өткізеді. Осылай дей келе ол Рамазан айында адамның өмір сүру салты өзгеретінін, дәлірегі, сәресіне тұрып, ауыз бекітуден, күні бойы нәр сызбай жүруден, ұйқының қанбауынан спортшылардың жеңіске деген мүмкіндігін кемітетінін тілге тиек етті. 

0 пікір
Мұрағат