Әлемдегі дәулеті шалқығандардың байлығы қаншаға артты?
Әлемдегі дәулеті шалқығандардың байлығы қаншаға артты?
6 жыл бұрын 2943 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Соңғы жылы әлемдегі дәулеті шалқыған 500 бай адамның байлығы триллион долларға молайған. Яғни, жалпы есеп бойынша 5,3 трлн долларға жеткен. Бұл жайында Bloomberg ақпарат көзі миллиардерлердің рейтингісіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Қалтасы қалыңдағандар қатарында Amazon қожайыны Джефф Безос көш бастап тұр - 34 млрд долларға артқан соңғы бір жыл ішінде. 2017 жылы ол Microsoft-тың негізін қалаған Билл Гейтсті бірінші орыннан ығыстырған екен. Айта кетейік, 2016 жылмен салыстырғанда, әлемдегі байлардың капиталы 4 есе өскен. Орташа есеппен алғанда, олар күніне 2,7 млрд доллар табыс тауып отырған. Әсіресе, Қытайдағы байлардың капиталы 70 пайызға көбейген екен. Ал жалпы есеп бойынша миллиардерлердің табысы 23 пайызға артқан. Әлем бойынша. Қараша айында америкалық Institute for Policy Studies үш америкалық байдың, атап айтқанда, Безостың, Гейтстің және Уоррен Баффеттің дәулетін шотқа салып, есептеп кеп жібергенде олардың жалпы дәулеті АҚШ халқының жартысының, яғни, 160 млн адамның жалпы табысына тең болып шыққан. 

0 пікір
Мұрағат