Шідертідегі қоныс колониясы жабылуы мүмкін
Шідертідегі қоныс колониясы жабылуы мүмкін
8 жыл бұрын 3237

Елімізде қамауда отырған адамдардың санын азайту мақсатында қауіптілігі төмен Павлодар облысы Шідерті ауылында орналасқан қоныс колониясы жабылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық прокуратураның жетінші бсқармасының басшысы Жомарт Мұңсызбаевтың айтуынша, бюджетке жартылай бос тұрған қоныс колонияларын ұстау тиімсіз.

«Шідертідегі түзету мекемесінде 130 адамға орын бар. Бүгінгі күні онда 73 адам отыр. Қазіргі уақытта бұл мекемені жауып, сотталғандарды басқа аймаққа ауыстыру туралы мәселе туындап отыр. Негізі, бұрын да колонияда отырған қылмыскерлердлің саны жүзден аспайтын. Көбінесе жеңіл қылмыс жасағандар қоныс колониясына жіберілмей, шартты мерзім алады. Бұл сұрақ үкімет деңгейінде шешілетін болады», - деді Жомарт Мұңсызов.

Екібастұз қаласы прокурорының орынбасары Дамир Әнеков Шідерті колониясындағы сотталған азаматтардың барлығы жұмыспен қамтылғанын айтты. «Колонияда жұмыспен қамту -2017» бағдарламасы бойынша 60 адам «Павлодар-Астана» тас жолының құрылысында еңбек етуде.

0 пікір
Мұрағат