Соңғы жиырма жылда табиғи апаттардан қанша адам опат болды? (видео)
Соңғы жиырма жылда табиғи апаттардан қанша адам опат болды? (видео)
8 жыл бұрын 3943 24.kz фото: Allday

Соңғы 20 жылда жер шарында түрлі табиғи апаттардан 1 миллион 350 мың адам көз жұмған. Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымының арнайы бюросы мен бельгиялық зерттеу орталығы бірлескен баяндамада жария етті. 1996 жылдан 2015 жылға дейін жер сілкінісі, дауыл, су тасқыны сияқты 7 мыңнан астам апат тіркелген. Мамандар жер дүмпуі секілді геофизикалық құбылыстар көбеймегенімен, ауа райымен байланысты өзгерістер екі есеге артқанын айтады. 1 миллионнан астам құрбанның жартысы да осы жер сілкінісінен көз жұмса, қалған бөлігі басқа жағдайда ажал құшыпты. Ал ең жойқын апат – 2010 жылы Гаитидегі жер дүмпуі. Оның салдарынан 200 мыңнан астам адам көз жұмған. Одан кейін 2004 жылғы Индонезиядағы цунами мен 2008 жылғы Мьянмадағы «Наргис» тропиктік дауылы тұр. Мұндай апаттардан көбіне жан басына шаққанда кірісі төмен елдер қатты зардап шегетін көрінеді. 

 

1 пікір
  • Ассалаумағалейкум ! Мақала тақырыбында қате кетіпті,жөндесеңіздер...
    8 жыл бұрын
Мұрағат