Қызылордалық ғалым арпа мен бидайдың жаңа сұрпын шығарды
Қызылордалық ғалым арпа мен бидайдың жаңа сұрпын шығарды
2 ай бұрын 452 inbusiness.kz

26 жылдан бері ғылым жолында зор табысқа жеткен Лаура Тохетова суармалы су тапшылығы мәселесін шешу жолында ізденістерге де ден қойған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Табиғи селекциялық жолмен арпа мен бидайдың отандық 15 сұрпы пайда болды. Ал бір түрін шығару үшін 10-15 жылдай уақыт керек.

Бұл – Лаура Тохетованың ұзақ жылғы ізденісінің жемісі. Зерттеу кезінде селекция саласындағы озық технологияларды да пайдаланған. Соның бірі күріштің пісу кезеңін қысқартуға бағытталған.

"Былтыр алғаш рет осы кванттық технологиямен біз күріш сорттарын, яғни спутник арқылы, кванттық бөлшек деп аталады, сол арқылы біз күріштің өнімділігін 20%-ке көтердік. Сол арқылы біз осы күріш сорттарының вегетациялық кезеңін 10-15 күнге қысқарттық", - дейді ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор Лаура Тохетова.

Лаура Тохетова – аграрлық ғылым саласы бойынша 300-ден астам мақаланың және үш монографияның авторы.

Оның ішінде 15 зерттеу еңбегі халықаралық беделді ғылыми басылымдарда жарық көрген. Осындай бастамалары үшін Мемлекет басшысының стипендиясына лайық деп танылып, "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

ШЫМКЕНТТІК ҒАЛЫМДАР АСТЫҚ ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРАТЫН ҒЫЛЫМИ ЖАҢАЛЫҚ АШТЫ

Өңделген 18 түрлі дәнді дақыл шаруашылықтарда сынақтан өткізіліп, өнім 50% дейін көп жиналған. Жобаның ерекшелігі сол тұқымды егін алқабына сеппестен 1 ай бұрын арнайы құрылғының көмегімен сәулелендіреді. Кейін белсенділігі артқан астыққа ешқандай тыңайтқыш қолданбауға да болады.

Профессор Әбдімәлік Әшіровтің айтуынша, бұл әдіс қоршаған ортаға, топыраққа да зиян келтірмейді. Сондай-ақ, дайын өнім мутациялық өзгерістерге ұшырамайды. Ғылыми жаңалық бұған дейін әлемнің 10 елінде сынақтан өткен. Биыл Литва, Польша және Қытай елінің шаруаларымен келісім жасалды. Айта кетейік, жобаны жүзеге асыруға Ғылым қоры қолдау көрсетіп, 200 миллион теңге грант бөлген.

Әбдімәлік Әшіров, техника ғылымдарының докторы, профессор: - Крахмал мен декстрині бар дәннің ішінде. Гидролиз пайда болғаннан кейін глюкоза фруктозаға айналады. 128 шарушалықта жұмыс істеп өзіміздің технологиямызды дәлелдік. Қазір 7 облыста жұмыс істеп жатырмыз.

 

0 пікір
Мұрағат