Израил ғалымдары белсіздікке қарсы жүйе ойлап тапты
|
Күллі әлем бойынша ерлердің шамамен 12%-ы белсіз, яғни, ер-азаматтың әр сегізіншісі ұрпақ өрбіту қабілетінін айырылған. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бар-Илан университетінің (Израил) ғалымдары ерлердің ұрық жасушасының қызметін имитациялайтын жүйе ойлап тапты. Дәлірегі, сперматозоидтарды (еркек жыныс жасушалары) өндіруге және негізгі еркек жыныс гормоны - тестостеронды синтездеуге қабілетті аталық бездің органоидтарын жасады. Органоид – қандай да бір ағзаның негізгі құрылымдық және функционалдық сипаттамаларын қайталайтын жасуша компоненті, зертханада 3D түрінде көрсетілген кішірейтілген нұсқасы.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Екпенің жарты ғасырда шамамен 154 млн адамның өмірін құтқарғаны белгілі болды
■
Қытай азаматтарын ағза донорлығына мәжбүрлейді деген күмән тудыруда
■
Жасанды зерде адамзатқа төнген қауіптің бетін қайтарудың тың тәсілін ұсынды
■
Мұнайға әлем бойынша жылдан жылға сұраныс азая бермек
■
Христиан елі халал бизнес орталығына айналмақ