Түріктердің 5-ші буынға жатататын жойғыш ұшағы алғаш рет ұшты (видео)
Түріктердің 5-ші буынға жатататын жойғыш ұшағы алғаш рет ұшты (видео)
3 ай бұрын 774 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түркияның бесінші буынға жататын KAAN жойғыш ұшағы алғаш рет ұшты. Бұл жайында islam.kz порталы түріктердің бұқаралық ақпарат құралдарына, соның ішінде milliyet.com.tr және Demirören Haber Ajansı дерек көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Turkish Aerospace Industries (TAI)  компаниясының мамандары құрастырған бұл ұшақтың маңызды ерекшеліктерінің бірі – қаруды, дәлірегі, зымыранды бортында емес, өз ішінде алып жүреді.  Әуе-әуе және әуе-жер стратегиялық шабуылын қамтамасыз етеді. Яғни, әуедегі жау нысандарымен де соғысуға, жердегі жау нысандарына соққы беруге қабілетті. Бұдан бөлек, әуеде түрлі маневр жасай алатын, салмағы 27 тонна тартатын әскери ұшақ 17 шақырым биіктікке дейін көтеріле алады. Мейлінше жылдамдығы сағатына 2205 шақырымды құрайтын ұшақ қанатының ұзындығы - 14 метр, тұрқы (биіктігі) – 6 метр, ұзындығы – 21 метрді құрайтын ұшақтың нақты техникалық сипаттары белгілі бір себептермен (құпия болуына байланысты) айтылмады. Десе де Түркия технологиялық жетістігінің нақты көрнекі көрсеткішіне айналған бұл ұшақтың ұлт мүддесі қорғауда және ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде стартегиялық маңызы зор. Осы орайда радарға жөпшеңді ұстала бермейтін бесінші буынға жататын жойғыш ұшақ құрастыра алатын әлемдегі бес елдің бірі Түркия екенін айта кету керек.

 

0 пікір
Мұрағат