20 бала қыстық киіммен қамтамасыз етілді (ФОТО)
20 бала қыстық киіммен қамтамасыз етілді (ФОТО)
8 жыл бұрын 3014 muftyat.kz Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облыстық орталық мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Əлеуметтік жағынан аз қамтылған жанұялардың мектеп жасындағы балаларына қыстық сырт киімдер мен аяқ киімдер берілді. Облыс имамы Смайыл Сейтбековтің айтуынша, бұл қамқорлық - демеушілердің көмегімен іске асып отыр.

«Дін жолында жүрген намазхан бауырларымыз өздерінің жақсылық жасау ниеттерін айтып өтінішпен келген соң , мешіттің мұқтаж жандар тізімінде тұрған жанұялардан 20 баланы киіндіруді ұсындық. Осылайша қыс мезгілінде киетін жылы киімдер алып, балаларға табыстадық», -дейді С.Сейтбеков. 

2 пікір
Мұрағат