Қазақстандағы ірі қара мал 6 млн. 831 мың басқа жетті
Қазақстандағы ірі қара мал 6 млн. 831 мың басқа жетті
8 жыл бұрын 4536 Qamshy.kz

2016 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы бүкіл республика бойынша 2 501,0 млрд. теңгені құрады. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,9%-ға жоғары. Мал шаруашылығы саласындағы жалпы өнім 1 177,9 млрд. теңгені құрады. А.ж. 1 қазандағы жағдай бойынша мал басы орташа есеппен 1,1 %-ға ұлғайған. Айталық, жылқы саны 6,4%-ға өсіп, 2 млн. 269 мың басты құрады. Ал, ірі қара мал саны 2,7%-ға өсіп, 6 млн.831 мың басты құрады. Тиісінше, ауыл шаруашылығы жануарларының өсіміне сәйкес қазақстандықтар да ет пен ет өнімдерін молынан тұтына бастады. Мысалы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің деректеріне қарағанда, а.ж. 1 қазандағы жағдай бойынша 651,5 мың тонна мал мен құс еті сатылған. Бұл да былтырғы көрсеткіштен 20 мың тоннаға жоғары. Саланың тағы бір маңызды көрсеткішінің бірі – сиыр сүтін өндіруге қатысты. АӨК-тің бұл бағытында 9 ай көлемінде айтарлықтай өсім бар. Мысалы, былтырғы жылғы өнім көлемімен салыстырғанда 4 150,6 мың тоннаға жоғары. Қазіргі таңда, ҚР АШМ АӨК дамыту бойынша жаңа мемлекеттік бағдарлама әзірлеуде. Ол «Агробизнес-2020» бағдарламасына негізделуде.

0 пікір
Мұрағат