Қазақстандықтар жалпы сомасы 6 триллион теңгенің мүлкін жария етті
Қазақстандықтар жалпы сомасы 6 триллион теңгенің мүлкін жария етті
7 жыл бұрын 2148 24.kz

140 мыңнан астам қазақстандық жалпы сомасы 6 триллион теңгені құрайтын мүлігін жария етті. Бұл қаражаттың 5 триллионы ел аумағында, ал қалғаны шет мемлекетте заңдастырылған. 

Мамандардың айтуынша, бұл науқанға қатысушылар саны күннен-күнге ұлғайып жатыр. Ал нәтижесі елдің жалпы ішкі өнімінің өсуіне тікелей әсер етеді.

«Мүлікті заңдастыру бюджеттің қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Осы үрдістен өткен 151 мың нысан есепке қойылды. 10 мыңға жуығы коммерциялық нысан ретінде тіркелді. Сонда бір жыл ішінде қазынаға түсетін мүлік салығы 800 миллион теңгені құрап отыр», - дейді Жедел мониторинг басқармасының басшысы Ерлан Сағнаев.

Биыл құны 5 миллиард теңгеден асатын 17 мемлекеттік нысан сатылымға шығарылады. Бұл туралы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Ыбырайымов мәлім етті. Оның хабарлауынша, жоғары санатқа жататын 65 мекеменің 12-сі республика меншігінде. Бұл мүліктің нақты бағасын анықтау үшін тәуелсіз сарапшылар тартылады. Қазірдің өзінде ірі компаниялар осы нысандарды сатып алуға қызығушылық білдіріп жатыр.

«Қымбат нысандарды сатып алушыларға әлеуметтік міндеттемелер жүктеледі. Олар өндіріс көлемін арттырып, инвестиция тарту керек. Жаңа технологиялар енгізіп, менеджмент жүйесін дамытуды тапсырамыз», - дейді ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Ыбырайымов.

0 пікір
Мұрағат