Қазақстанда жұмыс істемейтін ҮЕҰ-лар жабылады
Қазақстанда жұмыс істемейтін ҮЕҰ-лар жабылады
7 жыл бұрын 2197 Baq.kz

Қазақстанда жұмыс істемейтін үкіметтік емес ұйымдарды жабу бойынша ауқымды жұмыс басталады. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындылары бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев айтты, деп хабарлайды primeminister.kz. 

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда ҮЕҰ жүйесіндегі кемшіліктердің бірі – тіркелген ұйымдардың шамамен жартысының іс жүзінде жұмыс істемейтіндігі. Бұл есепке алуда жаңылысуға, күмәнді ақпараттың шығуына және азаматтар мен ҮЕҰ-дың дұрыс бағыттан адасуына әкеліп соғады.

«Сол себепті, біздің алдымызда осы жүйені ретке келтіру міндеті тұр. Ол үшін ҮЕҰ-ды құруға атсалысқан азаматтар оларды жабу туралы шешім қабылдауы керек немесе жұмыс істеп бастауы қажет. Қазір біз азаматтар мен ҮЕҰ-ға түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізудеміз, дегенмен, өзінің әрі қарайғы қызметінен мән-мағына көрмейтін ҮЕҰ үшін біз қаржы және әділет министрліктерімен олардың қандай да бір жауапкершіліксіз жабылуы үшін жұмыстар атқарып жатырмыз», - деді Н.Ермекбаев.

Сондай-ақ, министр ҮЕҰ-дың деректер базасы да үлкен өзгерістерге ұшырайтыны туралы айтып өтті.

«Біз қазір оны электронды форматқа ауыстыру жұмыстарын жүргізудеміз. Бұл техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етуді талап ететін көлемді жұмыс», - деді Н.Ермекбаев.

0 пікір
Мұрағат