Трамп ядролық соққыны бірінші болып жасау құқығынан айырылмақ
Трамп ядролық соққыны бірінші болып жасау құқығынан айырылмақ
7 жыл бұрын 2227

АҚШ Конгресіне «Ядролық қаруды бірінші болып қолдануға шектеу туралы» заң жобасы енгізілді. Ол АҚШ-тың осындай қаруға ие өзге мемлекеттермен ядролық жанжал қаупін төмендетуге бағытталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бұл заң Конгресс соғыс жарияламай тұрып, президентке ядролық соққыны бірінші болып жасауға тыйым салатын болады. «Бірінші болып бастау» проблемасы Дональд Трамп ядролық соғысты кез келген уақытта бастай алатын қазіргі уақытта қайта маңызды бола түсті», - делінген заң жобасының авторы сенатор-демократ Эдвард Маркидің мәлімдемесінде. Бұл туралы «РИА Новости» агенттігі хабарлап отыр. Маркидің атап өтуінше, қазір АҚШ президентінде ядролық қаруды бірінші болып қолдану құқы бар. Оның сөзінше, Трамп лаңкестермен күресу үшін бұл мүмкіндікті қолдана алатындығын айтып та үлгерген. «Ядролық шабуылға жауап ретінде ғана болмаса, президент Трампқа болсын, өзге президентке болсын ядролық қаруды қолдануға рұқсат етілмеуі тиіс», - дейді ол. Конгресмен сондай-ақ, Трамптың инаугурацияға дейін жасаған «ұранды мәлімдемелеріне» алаңдаушылық білдіретінін айтып өтті.

0 пікір
Мұрағат