Қазақстандық ғалымдар америкалық әріптестерімен бірге жылына 3 млрд долларға дейін электр энергиясының ысырап қылмаудың жолын тапты
Қазақстандық ғалымдар америкалық әріптестерімен бірге жылына 3 млрд долларға дейін электр энергиясының ысырап қылмаудың жолын тапты
4 жыл бұрын 1765 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

"МИФИ" ұлттық ядролық зерттеу университетінің ғалымдары қазақстандық және америкалық әріптестерімен бірге көміртекті нанобөлшектері бар нанокомпозиттермен электр сымын қаптау арқылы электр тасымалдайтын желілердегі шығынды, яғни, ысырапты кемітуге мүмкіндік беретін әдісті тапты. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі "Journal of Physics D: Applied Physics" мерзімді басылымында жарияланды. Сарапшылардың есебінше, бүгінде электр желісіндегі электр шығыны жылына ақшаға шаққанда 3 млрд долларды құрайды. «Біз құрамында көміртекті нанобөлшектері бар, гидрофилді, нанокомпозиттік қаптамамен алюминді сымды қаптау арқылы разрядты 20%-дан 40%-ға дейін төмендете алдық. Бұған бізге технологиялық ерекшелігі бар микроплазменді тотықтау тәсілі көмектесті»,- деді «МИФИ» ұлттық ядролық зерттеу университетінің профессоры Зинетула Инсепов. Аталмыш жаңалық авторларының сөзіне қарағанда, олардың бұл тәсілі қолданыстағы жоғары кернеулі желіні 20-40 жыл бойы ауыстырмай экономикалық жағынан тиімді пайдалануға мүмкіндік бермек.

0 пікір
Мұрағат