Түркия әуежайларында баласы бар, жүкті және кемтар жандарға жаңа режим енгізіледі
Түркия әуежайларында баласы бар, жүкті және кемтар жандарға жаңа режим енгізіледі
4 жыл бұрын 1910 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркияның әуежайларында аяғы ауыр, мектеп жасына бармаған баласы бар және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін артықшылық қарастырылған жаңа режим енгізеді. Түркия мұндай қамқорлыққа құрылған жүйені әлемде тұңғыш рет енгізіп отырған ел. Бұл жайында түріктердің бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазуда. Жаңа ереже бойынша аталған категориядағы адамдар жүк рәсімдеп тапсырғанда, төлқұжат бақылау кеденінен өткенде, т.б. процедураларда кезексіз жіберіледі. Аталған категориядағы адамдар үшін жеке тіркеу орны мен төлқұжат тексеру кабинасы ашылады. Аталмыш сервис осы қыстан бастап енгізіледі.

0 пікір
Мұрағат