Қаржы министрлігі Kaspi ақша аударымдарын қолға алды: Кімдер салық төлейді
Қаржы министрлігі Kaspi ақша аударымдарын қолға алды: Кімдер салық төлейді
4 жыл бұрын 2100

Салық төлеуден жалтарып жүрген кәсіпкерлерді анықтау үшін қаржы министрлігі қазақстандықтардың ақша аударылымдарын тексеретін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бірінші вице-министр Берік Шолпанқұловтың айтуынша, электронды ақша аудармаларына салық енгізілуі тиіс, өйткені, олар кіріс әкеледі.

«Барлық төлемдер туралы айтудың қажеті жоқ. Егер сіз жақындарыңызға ақша аударып немесе ақшаны шотыңызға салған болсаңыз ол саналмайды. Барлық электронды төлемақылар тексерілетін болады. Егер сіз коммуналдық төлем немесе ұялы телефоныңызға бірлік аударсаңыз, оған салық салынады. Ақша аударылымдарына салық қызметі бақылау жүргізеді», -  деді Шолпанқұлов Сенат жиналысында. 

Вице-министрдің сөзінше, қазақстандықтар бұл жағдайда қызмет сапасыз немесе тауардың ақауы болса, салық төлегендіктен өздерінің құқығын қорғап шағымдана алады. Сонымен қатар, ол өз сөзінде туыстарына не таныстарына аударатын ақшаға салық салынбайтынын жеткізген. Ал егер жеке тұлғаға бірнеше жерден ақша көп аударылса, бұл міндетті түрде салық қызметінің назарын аудартатынын ескертті.

0 пікір
Мұрағат