Қазақстан азаматтарының жаппай саусақ ізі алынады
Қазақстан азаматтарының жаппай саусақ ізі алынады
6 жыл бұрын 4751 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бірден айта кетейік, бұған қатысты заң 2021 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап қолданысқа енеді. Қазақстан Республикасының үкіметі дактилоскопиялық және геномдық тіркеу ережесін бекітті. Үкімет қабылдаған қаулыда айтылғандай, 2016 жылдың желтоқсан айының 30-ы күнгі "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" ҚР заңына сәйкес ел тұрғындарының саусақ ізін алу және гендік тіркеу аталған мерзімде жүзеге асырылады. Оны адамның дактилоскопиялық және гендік ақпаратын жинайтын және қорғайтын, сондай-ақ, адамның биологиялық материалын пайдаланатын, адамның жеке басын анықтайтын құзырлы мемлекеттік орган жүзеге асырады. Осыған байланысты 2021 жылы қазақстандықтар саусақ ізі енгізілген жаңа төлқұжатқа ие болады. 

Айта кету керек, 2000-шы жылдары бұл бастама қоғамда және бұқаралық ақпарат құралдарында қызу талқыға түсіп, тойтарыс берілген болатын. Адам құқығына, жеке басының құпиясына қол сұғумен бірдей әрекет ретінде бағаланып, халық тарапынан қарсылыққа ұшыраған еді. 

 

0 пікір
Мұрағат