Полиция тобыр арасынан қылмыскерді ажырата алатын болады. Қалай? (фото)
Полиция тобыр арасынан қылмыскерді ажырата алатын болады. Қалай? (фото)
6 жыл бұрын 3125 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай полициясы адамның жүзін танитын көзілдірікті пайдалануға көшті. South China Morning Post ақпарат көзі таратқан хабарға қарағанда, жоғарғы технологиялы көзілдіріктің көмегімен бірнеше күн ішінде қашып немесе жасырынып, құқық қорғаушылар тарапынан іздеуде жүрген қылмыскерлер мен күдіктілер құрықталған. Нақтырақ айтқанда, адам көп жиналатын қоғамдық жерлерде, тобырдың арасынан қылмыскерді тауып алуға болады. Соның ішінде адам саудасымен, адам ағзаларының саудасымен айналысатын қылмыскерлер де қолға түскен. Алаяқтыққа қатысты 26 қылмыс әшкере болған. Бұл құрылғы тек полиция өкілдеріне арналып жасалған. Адамның жүзіне қатысты ақпарат көшірілгеннен кейін гаджетке қосулы тұратын планшетке түседі, ақпарат сәйкес келген жағдайда қылмыскердің ізіне түседі. Негізінен бұл құрылғы адам қарасы көп теміржол бекеттерінде, метроларда қолданылады әрі көп көмегін тигізеді. Статистикалық мәлімет бойынша күн сайын темржолдың әр бекетінде 70 мыңнан 120 мың адамға дейін болады. 

0 пікір
Мұрағат