Мұсылмандардың мақтанышы болған жауһар пұтханаға айналуы мүмкін
Мұсылмандардың мақтанышы болған жауһар пұтханаға айналуы мүмкін
6 жыл бұрын 4685 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Кезінде әлемнің жеті кереметінің бірі әрі бірегейі саналған әлемге әйгілі Тәж-Маһал үнділердің пұтханасына айналуы мүмкін. Тарқатып айтқанда, үнділердің солшыл саясаткері сәулеті өзгеше мұсылмандардың мәдени мұрасын пұтханаға айналдыру туралы жанжал шақырған мәлімдеме жасады. XVII ғасырда Жаһан шаһтың пәрменімен қайтыс болған зайыбы Мұмтаз Маһалдың құрметіне тұрғызылған тарихи кесене Үндістан астанасы - Дели қаласынан 200 шақырым қашық орналасқан. Үндістан парламентінің мүшесі, билік басындағы үніділердің ұлтшыл Бхаратия Джаната партиясы атынан сайланған депутат Винай Катияр "тәж бен теждің (үндіше ғибадат ғимараты) айырмашылығы жоқ" деп соқты. "Тәж-Маһал көп ұзамай Теж Мандирге айналады",- деді артынша. Бұл жайында Al Jazeera ақпарат көзі хабар таратты. Депутаттың мұсылмандардың меншігіне қол сұғуы бір бұл емес. 1992 жылы Бабыр мешітін жермен-жексен еткісі келген еді. Осы үшін үстінен қылмыстық іс те қозғалған болатын. Радикал депутат өткен жылдың қазан айында Тәж-Маһалды Шива құдайына тиесілі деп тағы бір мәлімдеме жасаған еді.  Десе де Тәж-Мәһалдың тарихын тек жергілікті тұрғындар ғана емес, сонымен қатар, күллі әлем жұртшылығы білетіндіктен, яғни, мұсылмандар меншігі екенін білетіндіктен ашық тартып алуға батылы бармай отыр. Билік басындағылардың өзі ел арасына, дәлірегі, мұсылмандар мен индустар арасына от тастап, жік салып отырғаны қынжылтады. 

 

0 пікір
Мұрағат