Порталымызға бір жыл толды!
Порталымызға бір жыл толды!
2 жыл бұрын 2400

Осыдан тура жыл бұрын Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы ақпарат айдынына қосылған болатын. Бір жасқа толған сәби қандай қылықтар шығаруы мүмкін, ол осы уақыт ішінде күлуді, жан-жағына көз жүгіртуді, өзіне назар салған адамды танып, оған жауап ретінде жымиюды ғана үйренеді. Сол секілді біздің порталымыз да алыс-жақын көпшілікке енді танылып жатса да, өзінің сүйікті, тұрақты оқырмандарының санын арттырып үлгерді. Әрине бұның барлығы сүйікті оқырмандарымыздың қолдауының арқасында. Қазір де порталдың тұрақты оқырмандарының күндік орташа саны 9-10 мыңнан асып жығылады.

Осыдан дәл бір жыл бұрын порталдың ашылу салтанатында сөз алған ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, белгілі ғалым, профессор Әділ Ахметов сынды ел ағалары портал ұжымына табыс тілеп, алдағы уақытта биіктерден көріне беруіне тілектестіктерін айтып, сенім білдірген болатын. Сол сенімді ақтау жолында әлі де табанды еңбек етіп келеміз.

Бір жылдың көлемінде алқымдаған кішігірім жетістіктеріміз бар. Солардың бірі жыл сайын ұйымдастырылатын «Award.kz» ұлттық ғаламтор-жүлдесінде порталымыз «Мемлекеттік тілдегі ең үздік» сайт номинациясы бойынша бірінші орынды иеленді.

Жақында ашылған блогтұғырымыз көпшіліктің көңілінен шыққанын, алғыстарын айтып, ізгі тілектерін жаудырып жатқан оқырмандардың ыстық ықыласынан байқадық. Блогтұғыр ашылғаннан бір адамдай атсалысып, өздерінің қызықты жазбаларын орналастырып, пікір білдіріп, көрігін қыздырып отырған оқырмандарымызға алғысымыз шексіз. Ермек Есқожа атты блог қолданушы өзінің «Сынық құмыра» деген жазбасында бір бәдауидің оқиғасын мысалға келтіре отырып, сөз соңын: «Иә, бұл әңгімеден не түсіндіңіз? Мен мынаны ұққандай болдым: "Ислам.кз рухани-ағарту порталы" өзінің кемерінен толып тасыған шалқар шабытты жазушылары, блогтұғырды маржан сөздерімен әрлеген майталман қаламгерлері, кез-келген сұраққа қайнардан кәусар тарататын ғалым, ғұламалары бар, көңілі кең, жаны жомарт, әкелгеніңді күлімдей қабылдап, қойын-қонышыңды қуанышты пікірлерге толтырып жіберетін парасатты патша іспетті. Ал, біз болсақ шөлдегі сынық құмырасымен жауын суын арқалаған бәдәуи сынды, өзімізге айдай болып көрінген нәрселерімізді әспеттеп, "патшаға мұнан артық қандай сый бар" деген оймен арып-ашып барымызды ұсынудамыз. Сүйкей салған жазбаларымызбен блогтұғырдың бір жағын бүтіндеген жандай масаттанып қалатынымыз да жасырын емес. Біздей "бәдәуилердің" әкелген сынық құмырадағы сыйын сыпайы ғана қабылдаған "Ислам.кз рухани-ағарту порталының" ұжымына ұлы жетістіктер мен сәттіліктер тілейміз. Ендеше менің де аз-сыйымды осы блогтұғырдан қабыл алыңыздар. Сонымен  ағайын, блогтұғырымның аты – "СЫНЫҚ ҚҰМЫРА", - деп түйіндейді.

Оқырмандардың сұранысын қанағаттандырып, түрлі тақырыпта мазмұнды, ғылыми, қызықты мақалаларын жолдап отырған тұрақты авторларымызға: Мұхан Исахан, Абай Хамза, Құдайберді Бағашар, Алдаберген Үсен, Салтан Сайранұлы, Марфуға Шапиян, Мәриям Әбсаттар т.б. үлкен алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ, біздің басты тірегіміз саналатын, сүйікті оқырмандарымызға қанша алғыс айтсақ та жарасады.

Алдағы уақытта порталымыз елдің бірлігін сақтап, ынтымағын арттыруда, діннің дұрыс насихатталуын қамтамасыз етуде сүбелі үлес қосады деген сенімдеміз!  

19 пікір
  • Qurmetti portal uzhimi Allah sizderdin zhumistarinizga bereke bersin!! Elimizdin ruhaniatinin artuina ulesterinizdi qosa barinizder!!!!
    2 жыл бұрын
  • Бәрекелді!!! 1 жастарыңыз құтты болсын! Бір жыл бұрын, ғаламторды ақтарып отырып, "20 сағат бұрын" деп тұрған ғылыми порталдың ашылғаны жайлы мәліметті оқып қатты қуанған едім! Қазірде қуанышымда шек жоқ. Қолдарым дірілдеп, осы бір кішкене пікірді толқып жазып отырмын. Істеріңізді Раббым мооол сауаптан жазсын! Өсе беріңіздер! Халықтың шөлін қандыра беріңіздер! Баршамыз Алланың разылығына бөленіп, соңында Жәннатта жүздесейік!!!
    2 жыл бұрын
  • ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!!
    Аллахым разы болсын сіздерге!
    2 жыл бұрын
  • Құтты болсын!!! Жетістіктен жетістікке жете беріңіздер. Талаптарыңызға нұр жаусын. Ниеттеріңіз қабыл болсын!
    2 жыл бұрын
  • Машалла! Құтты болсын! Алла берекесін берсін. Осындай порталдардың барына шүкір!
    2 жыл бұрын
  • Ассалаумағалейкум құрметті ұжым қызметкерлері, сіздерге Алла разы болсын!!!
    2 жыл бұрын
  • Уақыт деген қандай жүйрік! Бір жыл да өте шығыпты-ау! Құтты болсын!
    2 жыл бұрын
  • Рақмет! Жүрекжарды тілектеріңіз үшін алғысымыз шексіз! Сіздерге Алла разы болсын!
    2 жыл бұрын
  • Аумин!!!
    2 жыл бұрын
  • Жастарыңызға жас қосылсын!
    2 жыл бұрын
  • Assallamu alleikum kuttiktaimn bul portalga jii kirem kunine kirip turam kizikti okigalar janaliktar videolar kop
    sizderge Allah razi bolsin jetistikternz kop bolsin sattilik!
    2 жыл бұрын
  • Алла разы болсын
    2 жыл бұрын
  • Истеринизге береке берсин!
    2 жыл бұрын
  • Рухани дуниемизди байытудагы улестеринизге мын алгыс!Сиздердин сайттарынызга кун сайын миндетти турде киремин. Аллама сансыз шукирлик!Енбектериниз берекели болсын!
    2 жыл бұрын
  • Алла жұмақтық жетістіктермен сіздерді шарапаттандырсын. Әз Пайғамбар с.ғ.с ұжымдарыңызбен "Міне, менің сүннетімді жаңғыртушылар" деп мақтанатын болсын (әмин) Қуаныштымын. Әлхамдулиллаһ
    2 жыл бұрын
  • Ұзағынан болсын, Алла еңбектеріңізге мол сауаптан жазсын. Былтыр осы портал ашылғанда қуанғандардың ішінде мен де бар едім. Алла разы болсын.
    2 жыл бұрын
  • Қуаныштымыз. Осылай аз уақытта көп іс бітіріп берекелі жұмыс жасай беріңіздер. Алла жар болсын
    2 жыл бұрын
  • Бир жастарыныз кутты болсын,бизде жануямызбен кун сайын сиздердин сайыттарынызга миндетти турде киремиз,тарбиелик мани бар........ жане рухани азыгымызди толтырамыз.Сиздердин ужымдарынызга окырмандарынызды жаксы шыгармаларынызбен куанта бериниздер демекпин...
    2 жыл бұрын
  • Oljas
    Құттықтаймын сіздерге Аллаһ разы болсын
    2 жыл бұрын