Шешен боксшылары турнирді неге тастап кетті?
Шешен боксшылары турнирді неге тастап кетті?
9 жыл бұрын 3687

Халықаралық «Гладиатор» турнирі орта жолдан үзілді. Шешен боксшыларының Алексей Толстойдың “Аэлита” романына байланысты жасалған иллюстрацияның қабырғада ілулі тұрғаны себепті рингке шығудан бас тартты. «Лента.ру» ақпарат көзінің хабарлауынша, аталмыш турнирді ұйымдастырғандар боксшылар Уәисһан Мырзабеков, Мансұр Жүсіпов, Әлти Даутаев аталмыш роман кейіпкері – гуманоид Аэлитаны «зұлымдық күші» ретінде танитыны себепті оның бейнесі салынған картина алдында өнер көрсете алмайтындарын мәлімдеген. Сөз реті келгенде айта кетейік, «Аэлита» ғылыми-фантастикалық туындысы 1923 жылы жарық көрген болатын. Онда жер тұрғындары Марсқа сапар шегеді. Онда олар гуманоидтар өркениетіне тап болады. Ал «Гладиатор» турниріне келсек, бұл спорттық жарыс Ресейдің кәсіби бокс федерациясының қолдауымен өтеді. Турнирге жүздеген боксшы қатысып, ауыр салмақта әлемнің абсолютті чемпионы атану үшін күш сынасып, өнер көрсетеді. Жеңімпаз 2 млн долларды қанжығасына байлайды.

0 пікір
Мұрағат