Көкшетауда тегін дүкен жұмыс істеуде (фото)
Көкшетауда тегін дүкен жұмыс істеуде (фото)
8 жыл бұрын 7023 inform.kz

Көкшетаудағы Науан Хазірет атындағы орталық мешіт жанынан ашылған әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындар үшін тегін дүкен жұмыс істеуде.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысындағы өкілі, Науан Хазірет атындағы Көкшетау орталық мешітінің бас имамы Қанат Қыдырминнің айтуынша, осы күні дүкен өздеріне бекітілген әлеуметтік жағынан аз қамтылған 60 отбасына тегін қызмет көрсетуде.

Аталған отбасылары осы жерден тегін азық-түлік, киім-кешек және өзге де қажетті тұрмыстық заттарды ала алады. Дүкен қайырымды адамдардың демеушілік көмегінің арқасында жұмыс істеуде.

null

null

null

null

null

 

1 пікір
Мұрағат