Қазақстан банктері ай сайын 900 млрд. теңге табыс тауып келген
Қазақстан банктері ай сайын 900 млрд. теңге табыс тауып келген
8 жыл бұрын 2856 inform.kz

2016 жылдың жеті айындағы нәтижелер бойынша, Қазақстан банктері өз активтерін несие және өзге де пайдалы құралдарға бағыттау арқылы ай сайын орташа есеппен 900 млрд. теңге табыс тауып келген.

"Ranking.kz" аналитикалық сайтының хабарлауынша, банктердің кіріс активтерінің портфелі 20 трлн. теңгеден асып отыр, ал олардың рентабельділігі 4,4 пайыз деңгейінде тіркелген.

«2016 жылы шілде айында банктер өз активтерін несие және өзге де пайдалы құралдарға салу арқылы 922,4 млрд. тг кіріс тапты, бұл 2015 жылдың шілде айымен салыстырғанда 11 пайызға жоғары», - делінген талдамашылар жасаған хабарламада.

2015 жылы банк секторын санациялау жүргізілгеннен кейін (БТА-Банк токсикалық активтерін сектордан шығаруға бағытталған), кіріс активтерінің рентабельділігі күрт өскен болатын. Бұл тиімділік 5 пайызға жетіп, 2015 жылдың желтоқсан айына дейін сақталып келген еді.

«Содан бері рентабельділік төмендей берді және 2016 жылдың шілде айында 4,4 пайызға дейін түсті. Өздерінің кіріс аквтитерінен түсетін таза пайда көлемі бойынша көшбасшылықты несие экспансиясы арқылы қаржы ағымын ұлғайтуға қауқарлы ірі банктер иеленіп алған», - делінген хабарламада. 

0 пікір
Мұрағат