Жамбыл облысында 260 зейнеткер бизнес-қауымдастықты сәтті басқаруда
Жамбыл облысында 260 зейнеткер бизнес-қауымдастықты сәтті басқаруда
8 жыл бұрын 2943 inform.kz

Жамбыл облысының зейнеткерлік жастағы тұрғындары арасында еңбегін жалғастырып, тіпті кәсіби тәжірибесі жастардан озып жатқандары да бар.

 Бұл туралы ӨКҚ брифингінде облыстық қоғамдық ардагерлер бірлестігінің төрағасы Еркіндік Солтыбаев мәлім етті.

 «Бізде жұмыс істейтін ардагерлер көп. Қазір өңірде зейнет жасындағы 260  ардагер шаруашылық қожалығын, бизнес-қауымдастықты басқарып жүр. Олар өздерінің нақты істерімен жастарға нарықтық экономика жағдайында қалай тиісді жұмыс істеуге болатынын көрсетуде», - деді спикер.

Аға ұрпақтың рухани сұраныстарын қанағаттандыру үшін облыстық ардагерлер кеңесінің қолдауымен өңірде төртінші жыл облыстық «Ғұмыр-Дария» ардагерлер газеті шығады.

Жамбылдық ардагерлер өңірдің мәдени өмірінен, спорттық шаралардан жырақ қалмайды. «Таразда және аудандарда «Красная гвоздика», «Сударушка», «Асыл-Ана» және т.б. шығармашылық ансамбльдер жұмыс істейді. Аптасына екі рет ардагерлер «Тараз-Арена» спорт сарайына жиналады. Облыста волейболшылардың ардагерлер федерациясы құрылды, Алматы, ОҚО, Қызылорда, Жамбыл облыстарында ардагерлер арасында турнир өткізіледі», - деп атап өтті Е. Солтыбаев.

Миллионнан астам халқы бар Жамбыл облысында  114 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Облыстық ардагерлер ұйымы қатарында 85 мың зейнеткер бар.

null

      null

 null

    null

 null

null

0 пікір
Мұрағат