Солтүстік Корея арандатушылық жасаған жағдайда АҚШ әуе күштеріне ядролық соққы беретінін ескертті
Солтүстік Корея арандатушылық жасаған жағдайда АҚШ әуе күштеріне ядролық соққы беретінін ескертті
8 жыл бұрын 2734 inform.kz

Азия-Тынық Мұхит аймағында арандатушылық жасаған жағдайда КХДР АҚШ әуе күштеріне ядролық соққы беруге дайын. Бұл жөнінде ТАСС агенттігі хабарлады.

«Ескерту соққысын жасау құқығы АҚШ монополиясы емес. Корей халық әскерінің жедел бөлімшелері жау тарапынан зәредей арандатушылық байқаса, аяусыз соққы беруге дайын», - делінген хабарламада.

Корея орталық телеграф агенттігінің пкірінше, Оңтүстік Корея аумағына THAAD американдық зенитті-зымыран кешенінің батареясын орналастыру және Пентагонның Гуам аралдарына ядролық қару таситын үш B-2 Spirit стратегиялық бомбалаушыларын жіберуі - КХДР аумағын қарулы басып алу жоспарының бір бөлігі.

6 қаңтар күні КХДР ядролық сынақ жүргізіп, 7 ақпанда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын бұзатын жасанды Жер серігі бар тасығыш-зымыран ұшырғаннан кейін Корей түбегіндегі жағдай шиеленісіп кетті. Қарымта ретінде Қауіпсіздік Кеңесі Пхенянға қатысты санкцияны күшейту туралы бірауыздан қарар қабылдады. КХДР ядролық сынақты АҚШ басқыншылық саясатынан қорғану үшін өткіздік деп бұл қарарды қабылдамай отыр, ал тасығыш-зымыранды ғарышты зерттеу мақсатында ұшырғанын айтуда.

0 пікір
Мұрағат