Елімізде қанша адам ВИЧ-инфекциясын жұқтырған?
Елімізде қанша адам ВИЧ-инфекциясын жұқтырған?
7 жыл бұрын 3044 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі елімізде қанша адамның ВИЧ-инфекциясы бойынша тіркелгенін жария етті. Аталмыш ведомстваның келтірген мәліметіне қарағанда, биыл, яғни, 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында 1430 адам аталған дерт бойынша тіркелген екен. Өткен жылы, яғни, 2016 жылдың алғашқы бірінші жарты жылдығында бұл көрсеткіш 1346 адамды құраған. Өкініштісі, бұл дертке шалдыққандар қарасының елімізде жылдан жылға артып келе жатқанын көрсетеді. Алдыңғы орында Алматы қаласы тұр - 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында 224 адам тіркелген. Ал одан кейінгі орынға Қарағанды жайғасқан - 172, үшінші орынды Солтүстік Қазақстан тұйықтаған - 166. "ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету аясында ретровирусқа қарсы терапиядан өте алады, сонымен бірге, тиісті ем-дом қабылдайды, психологиялық көмек көрсетіліп, заң бойынша кеңес беріледі",- деп мәлімдеді министрлік. 

0 пікір
Мұрағат