Түркия Иранмен арадағы шекарасын дуалмен шегендемек
Түркия Иранмен арадағы шекарасын дуалмен шегендемек
7 жыл бұрын 2630 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркия Иранмен арадағы шекарасын мықтап шегендемек. Нақтырақ айтқанда, Иранмен шектесетін Агра провинциясы аумағынан өтетін шекарада дуал тұрғызуды көздеп отыр. Бұл жайында "Анадолы" ақпарат агенттігі хабар таратты. Екі елдің арасында тұрғызылатын шекарадағы дуал мемлекеттік шекараны заңсыз қиып өту оқиғаларының алдын алады немесе тосқауыл болады. Аталған провинция аумағындағы шекарада дуал тұрғызу бес кезеңді қамтиды. Дуалдың жалпы ұзындығы 144 шақырым қашықтықты құрайды. Дуал құрылысымен Түркияның министрлер кабинеті жанындағы тұрғын үйді дамыту жөніндегі басқарма (TOKİ) айналысады. Дуал тұрғызылған шекара сызығында 15 бақылау өткізу бекеті жұмыс істейтін болады. Естеріңізде болса, жаһандану мен интеграция қарқын алған бүгінгі таңда іргесі мықты, дамыған елдердің өзі шекараны дуалмен шегендеп жатқанын хабарлаған болатынбыз. Мұндай қадамға заңсыз миграцияға, дипломатиялық салқындық пен саяси бәсекелестік мақсатында барып жататынын да, әлемдегі қай мемлекеттердің шекарада дуал соғып жатқанын да айтқан едік. Әдетте едәуір шығынды қажет ететін шекарада дуал тұрғызу тек соған шамасы келетін мемлекеттердің жобасына айналып отыр. 

0 пікір
Мұрағат