Қала басшылығы тұрғындары салық төлемеген тұтас бір көшені сатып жіберді
Қала басшылығы тұрғындары салық төлемеген тұтас бір көшені сатып жіберді
7 жыл бұрын 3444 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сан-Франциско қаласындағы қалтасы қалың бай-бағландар, әртістер мен саясаткерлер ғана тұратын Presidio Terrace элиталық аудан тұрғындары өздерінің көшесі ендігі жерде өздеріне тиесілі емесін біліп, естерінен танғандай болып отыр. Артынан белгілі болғандай, жергілікті үй қожайындары қауымдастығының өкілдері жылдар бойы салық төлемей келген. Осыған байланысты қала билігі аталған көшені өзгелерге сатып жіберген. Бұл жайында Washington Post ақпарат көзі хабар таратты. Тағы бір белгілі болған жайт, Сан-Франциско билігі Presidio Terrace ауданындағы көшені 2015 жылдан бері сатуға қойған екен. "14,9 млн доллар - сенаторлармен және өкілдер палатасының өкілдерімен қоңсы қону үшін соншалықты қомақты ақша дей алмаймын",- деп мәлімдеді осынау элиталық ауданда тұратын Тина Лам және Майкл Чен есімді ерлі-зайыптылар. Presidio Terrace ауданы жасыл желекке бөленген аудан. Жергілікті үй қожайындары қауымдастығының өкілдері сонау 1905 жылдан бері салық төлемеген екен. Аталмыш көше тұрғындары жаңа қожайындарымен соттасуға дайындалып жатыр. 

 

0 пікір
Мұрағат