Ел жаңалықтары: Мәйітхана жұмысын тоқтатты
Ел жаңалықтары: Мәйітхана жұмысын тоқтатты
2 жыл бұрын 1324

Алматы қаласындағы мәйітхана соттың шешімімен жұмысын тоқтатты. Бұл жайында Сот-медицина орталығының директоры Ардақ Әлішев хабарлады. Біз сөз етіп отырған мәйітхана теміржол ауруханасының ғимаратындағы жалға алынған бөлмеде орналасқан. «Бұрын біз көліктерге санитарлық-эпидеомологиялық жоспарлы тексеру жұмыстарын жүргізген едік. Өйткені, бұл ғимарат СЭС талаптарына сәйкес келмейді. Олар филиаалдың қызметіне тоқтатуды сұрап, сотқа шағымданды. Артынан экономикалық сот шағымданушылардың пайдасына шешім шығарды. Біз өз тарапымыздан аппелациялық сотқа шағым түсірдік. Ақпан айының 18-і күні Алматы қалалық сотының апелациялық алқасы алдыңғы инстанцияның шешімін өзгертусіз қалдырды»,- деді ол. Алматы қалалық сотының аақпаратына қарағанда аталмыш орталық ғимараты бүгінгі таңда мәйітханаға айналған бұрынғы балалар ауруханасының ғимаратында орналасқан екен. «Тиісті аумақтағы тазалық талаптары сын көтермейді. Ғимараттың сыртқы көрінісі де оңып тұрған жоқ, кей бөлмелелерде линолеум төселмеген, едендері тек бетонмен жаабылған. Ол жерде тазалық жұмыстарын жүргізу мүмкін емес. Ғимаратта жұқпалы аурулардан өлген адамдарды соятын орын қарастырылмаған. Қалдық суды канализацияға ағызар алдында зарарсыздандыруға жағдай жасалмаған. Қалалық канализацияға сұйық медициналық қалдықтарды зарарсыздандырмай ағызуға рұқсат берілген»,- деді қынжыла тіл қатқан сот баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет.

 

«Қазақфильм» киностудиясы 3,4 миллиард теңгеге бағаланды

Мемлекеттік мүліктің реестріндегі мәліметке қарағанда қазақ киносының қарашаңырағы, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы 3 398 529 000 теңгеге бағаланған. Елімізде осымен екінші рет қолға алынып отырған жекешелендіру науқаны аясында аталмыш киностудияның 49 пайыз үлесі сатуға шығарылды. 1 665 279 210 теңгеге. Оны 2015 жылдың желтоқсан айында жеке қолға сатуға шығарылады. Айта кету керек, 2013 жылы операциялық шығын 92,6 миллион теңгені құраған болатын. Бұл көрсеткіш 2012 жылғыға («Қазақфильм» киностудиясы 50,7 млн теңге шығын көрген кезіне) қарағанда екі есе көп. Бұл мемлекет тарапынан бөлінген қаржының қысқаруына байланысты орын алған жағдай. Қазақ хандығының 550 жылдығын аатап өтуге байланысты түсірілетін, 10 сериядаан тұратын «Қазақ елі» тарихи-драмалық киносына ел бюджетінен жаарты миллиардтаан астам теңге бөлінеді. Сондай-ақ, осы тақырыптағы анимациялық фильмдерге 375 млн теңге қарастырылып отыр.

 

Елімізге гастарбайтерлер қаптады

Елімізге нәпақа іздеп ағылған гастрабайтелер қаптады. Сарапшылар осыған байланысты жұмыссыздар қарасының артатынын алға тартып, алаңдаушылық білдіріп отыр. Бір ғана Алматы облысының өзінде еңбек мигранттарының қарасы 20%-ға артқан. Гастрабайтерлердің елімізге қаптауын сарапшылар Ресейдегі еңбек мигранттарына қатысты талаптарының күшейтілуімен түсіндіріп отыр. Нақтырақ айтқанда, Ресей Федерациясында еңбек етіп, ақша тапқысы келетіндер орыс тілінен емтихан тапсырып, медициналық анықтама өткізуі керек. Оның үстіне, орыс рубілінің құнсыздануы да бұл елдегі гастрабайтерлердің азаюына себеп болып отыр. Ресейлік статисткалық мәліметке қарағанда биыл өткен жылғығы қарағанда гастрабайтерлер қарасы 70 пайызға кем болған. Олардың көбісі Қазақстанға ағылған. Бүған қоса, белгілі саясаттанушы Расул Жұмаұлы шетелден келетін жалдамалы жұмысшылардың арасында қылмыскерлердің де, сондай-ақ, түрлі ауру жұқтырғандардың да болатынын ескертіп отыр.

 

Еліміздің әскерилері қан тапсырды

Bag.kz ақпарат көзінің хабарлауынша ҚР Қарулы күштері Әскери полиция бас басқармасының 40 қызметкері "Үміт" акциясы аясында 20 литр қан тапсырды.
Мұндай қайырымдылық шараларын ҚР Қарулы күштерінің әскерилері жылына екі рет он жылдан астам уақыт көлемінде өткізіп келеді. Акцияға қатысушылар өз еріктерімен донор ретінде қан тапсырып, мұқтаж жандарға көмектесуді мақсат еткен. Әлемді емес, бір ғана Қазақстанды алған күннің өзінде елімізде донорлық қанның жетіспеуінен қайтыс болатын науқастар саны аз емес. Ал, осы тектес шаралар қаншама жанның өмірін аман сақтап қалуға мүмкіндік береді десеңізші. Бұл өз кезегінде «қан тапсырушы донордың да ағзасына өте пайдалы» дейді дәрігерлер. Ағзадағы қан жаңарып, ішкі органдарға, әсіресе, жүрекке игі әсерін тигізеді.

 

«Қазақ» этнонимі Х ғасырда қолданылған

"Қазақ" этнонимі Х ғасырда қолданылған. Отандық тарихшылар Иран мен Үндістан елдерінен табылған құнды жазбалардан осындай деректі анықтады. Айтуларынша, бұл үлкен жаңалық. Енді ғалымдар елге жеткізілген қолжазбаларды зерттеп, мектеп оқулықтарына енгізбек.
Шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері Ғалия Қамбарбекова Қазақ хандығының тарихына байланысты дерек жинау бойынша зерттеу экспедициясына жиі қатысады. Жуырда Үндістанның 4 қаласына барған ғалым қазақ жері мен хандарына қатысты тың мәліметтерді қазбалап алған. Негізгісі - Үндістан шаһзадасының Тәуке ханға жазған хаты. Бұдан бөлек, былтыр Ираннан «Моңғол тарихы» деген шартты атауға ие қолжазбаның көшірмесі елге жеткізілді. Онда "қазақ" сөзі 10-шы ғасырда қолданылған екен. Ғалымдардың айтуынша, бұл үлкен жаңалық. Қазір осы қолжазбалар зерттеліп, келешекте кейбір деректер "Қазақтан тарихы" оқулықтарына енуі мүмкін.
«Сол қолжазбаның ішінде «қазақ» деген сөздің кездесетіндігі біз үшін жаңалық. Өйткені моңғол шапқыншылығы кезінде жазылған шығармаларда «қазақ» деген этнонимді кездестірмейміз. Онда қаңлылар, қыпшақтар, қырғыздар бар. Бірақ «қазақ» этнонимі мүлде кездеспейді. «Қазақ» этнонимі көптеген парсы тіліндегі деректерде, кейінгі кезеңде, яғни 16 ғасырдан бері қарай кездеседі десек, бұл тарихты жаңартып, екі ғасыр арқта жылжытып отыр»,- деді шығыстанушы Ғалия ҚАМБАРБЕКОВА.
Иран елінде тарихи материалды жеке топтамада сақтап, оны сатуға заңды түрде мүмкіндік бар. Ол үшін арнайы комисия мүшесін де құрған. Десек те, елімізде бұл мәселе әлі қолға алынбапты. Айта кетсек, ұлт тарихын зерттеу жұмыстары «Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында жүзеге асқан. Алдағы уақытта, бұрын-соңды құлақ естіп, көз көрмеген көне құжаттар мен қолжазбалар екі тілде жинақ етіліп шығарылады. Бүгінде Иран елінен жалпы 28-ге жуық қолжазба әкелінсе, оның 4-еуі хат болып шықты. Ал Үндістаннан 12 тарихи жазба жеткізілген. Енді жыл соңына дейін олардың дублеті жасалмақ.
Мамандардың ендігі мәселесі - әлі толығымен зерттеліп бітпеген көне жазуларды аудару. Отандық тарихшылардың айтуынша, мұндай жұмыс 2-3 жылды талап етеді. Өйткені бір қолжазбаның өзі кем дегенде 97 парақты құраса, ең көбі 430 беттен тұрады. Сондықтан тың дерек көздерін зерттеп, саралап, ғылыми айналымға енгізу - алдағы уақыттың еншісінде.
«Көне тілден аудару үлкен жұмыс. Өйткені ол қазіргі тілмен мүлде ұқсамайды. Енді «маман жоқ» деп айтуға болмайды. Маман бар. Бірақ оларды ұйымдастыру, жұмыстарын кеңейту 2 маманның қолынан келмейді. Бірақ кешенді жұмыс істеу үшін көне тіл білетін ғалымдардың тобын жасақтау керек»,- деді тарих ғылымдарының кандидаты Жанымхан ОШАН.
Отандық ғалымдардардың ендігі жоспары - Пәкістан, Италия мұрағатын ақтарып, тың деректер табу. Еске сала кетейік, осыған дейін Иран елінен екінші Аббас шахтың Тәуке ханға жазған жауап хатының көшірмесі табылған еді. Ал, елге жеткізілген тың деректер арнайы ғылыми орталыққа өткізіледі. Қазір тарихи құжаттарға зерттеу жұмыстары жүргізіліп, оның электрондық нұсқасы да дайындалуда.

 

Шымкентте ерекше тиындар қолданысқа беріледі (ФОТО)

Ұлттық банктің Оңтүстіктегі филиалына жыл басынан бері пруф сапалы және 925 сынамасы бар алты күміс естелік тиын жеткізілді. Солардың бірі — «8 наурыз» күміс тиыны тікбұрышты пішінде құйылған.
Алдыңғы бетінде гүлдің бейнесі бар, ал ортасында республиканың Елтаңбасы бейнеленген. 100 теңгелік естелік тиын «Сыйлық тиыны» топтамасына жатады. Сондай-ақ, 28 қаңтардан бастап Дала қазыналары топтамасындағы 500 теңгелік Тайқазан тиыны да айналымға жіберілді. Ал 100 теңгелік Әмір Темір тиыны ұлы қолбасшылар топамасына кіреді.
Ұлттық музей мерейтойлық байқау жариялады
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі «Тарихи фотосуреттер» республикалық фотобайқауын жариялайды. Бұл туралы музейдің баспасөз қызметі хабарлады.
Байқау Қазақ хандығының 550 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы, ҚР Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып отыр.
Байқаудың мақсаты – қазақ тарихының аса маңызды оқиғаларына қоғам назарын аудару, осы арқылы жас ұрпақтың туған елінің болашағы мен төл тарихына деген құрметін арттыру.
Фотобайқау 2015 жылғы 18-ақпаннан 30-қазанға дейін жүргізіледі, ал жеңімпаздарды марапаттау 2015 жылғы 20-қарашада өтеді. Байқау жүлдесі – 1-орын 200 мың теңге (оған қоса, 1-орын иегерінің фотоларынан Ұлттық музейде жеке фотокөрмесі ұйымдастырылады), 2-орын 200 мың теңге, 3-орын 100 мың теңге. Байқау қорытындысына сәйкес Ұлттық музейде тарихымыздағы атаулы даталардың фотоқұжаттар мұрағаты жасалатын болады.

 

ҚР Ұлттық мұражайының ұйымдастыруымен өтетін «Тарихи фотосуреттер» республикалық фотобайқауының
ЕРЕЖЕСІ

Байқаудың тақырыбы:
Қазақ хандығының 550 жылдығы;
Жеңістің 70 жылдығы;
ҚР Конституциясының 20 жылдығы;
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы;

Байқаудың шарттары:
1. Байқауға кәсіби және әуесқой фотографтар қатыса алады, жасына шектеу қойылмайды.
2. jpg (jpeg) форматындағы түпнұсқа фотосуреттер қабылданады. Көлемі 300*1200-дан кем болмауы керек.
3. Байқауға ақ-қара түсті суреттер де қабылданады.
4. Фотоколлаж, арнайы эффектілермен өңделген фотосуреттер қабылданбайды.
5. Байқауға сапасыз, талапқа сай келмейтін фотосуреттер қатыстырылмайды.
6. Байқауға қатысушы әрбір тақырып бойынша 3 фотосуреттен, барлығы 12 фотосурет жолдауы тиіс.
7. Фотосуреттер қатысушы жайлы толық ақпаратпен (аты-жөні, тұрғылықты жері, жұмыс орны, байланыс телефондары, фотосуреттің тақырыптық атауы, қайда, қашан түсірілгені туралы т.б) қоса электронды поштамызға жіберілуі тиіс.
8. Байқауға фотосуреттер жіберу арқылы қатысушы байқау ережесінде көрсетілген барлық талаптармен келісетіндігін растайды. Яғни, байқауға қатысушы өзі жайлы ақпараттардың және оның фотосуреттерінің жариялануына қарсы еместігін мақұлдайды. Қазақстан Республикасының Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңның талаптарын толықтай сақтайтынына кепілдік береді. Авторлық құқық мәселесіне байқауға қатысушы тарап жауапты.
8. Суреттер арнайы мамандардан жасақталған қазылар алқасымен іріктеліп алынады.
Байқауға қатысатын фотосуреттерді іріктеу шарттары
– Байқау ережесінде көрсетілген барлық тақырыптардың қамтылуы;
– Көркемдік шешімнің сонылығы, байқау тақырыптарын ерекше жеткізу;
– Фотосуреттің сапалылығы: бейненің анықтығы, дәлдігі;
– Фотосуреттерді әзірлеудегі кәсіби көркемдік талғам.

Байқау жүлдесі:
1-орын 200 мың теңге (оған қоса, 1-орын иегерінің фотоларынан Ұлттық музейде жеке фотокөрмесі ұйымдастырылады)
2-орын 200 мың теңге.
3-орын 100 мың теңге.
Байқаудың мерзімі
Байқау ІІІ кезеңнен тұрады:
І-кезең. Фотосуреттерді байқауға қатысушылардан қабылдау – 2015 жылғы 16-ақпаннан 30-қазанға дейін.
ІІ-кезең. Фотосуреттерді іріктеу, бағалау – 2015 жылғы 10-қарашаға дейін.
ІІІ-кезең. Фотобайқау жеңімпаздарын марапаттау – 2015 жылғы 20-қарашада өтеді.

Ұйымдастыру комитеті және байқаудың қазылар алқасы:
1. Байқаудың ұйымдастыру жұмыстарын Байқаудың қазылар алқасының қызметін атқаратын Ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады. Ұйымдастыру комитетінің құрамын Ұлттық музей директоры бекітеді.
2. Ұйымдастыру комитеті ұсынылған материалдарға талдау жасап, бағалап, ең үздік материалдарды анықтайды және Фотобайқаудың жеңімпаздарын марапаттауды ұйымдастырады.
3. Қазылар алқасы тарихшы-ғалымдар, белгілі кәсіби фотографтардан жасақталады.
4. Қазылар алқасы қатысушылардың жұмысын фотобайқаудың барлық тақырыбы бойынша бағалайды.
5. Қазылар алқасының әрбір мүшесі қарастырылған жұмыстар бойынша хаттама толтырады.
6. Ұйымдастыру комитеті қосымша номинацияларды, арнайы жүлделерді, ынталандыру дипломдарын жариялай алады.
Байланыс:
Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 54 үй,
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің
Ақпараттық-имидждік орталығы.
Email: ulttyqmuzei@mail.ru
Тел: 8(7172) 91-90-35 (ішкі 344).
«Қазпошта» АҚ Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған маркаға байқау жариялады
«Қазпошта» акционерлік қоғамы мен Beeline Kazakhstan компаниясы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған үздік көркемсурет миниатюрасына байқау өткізеді. Ол пошта маркасына басылады.
Бұл үшін компания сайтында жарияланған бірқатар талапты орындау қажет. Байқау талаптарында сурет парақтың ортасында орналасу керектігі, жазба, номинал құны немесе шығарылған жыл сияқты цифрлар болмауы тиіс екендігі аталып өтілді.
Қатысушылар осы басылымның бұл түріне тән ерекшеліктерді ескеру қажет: суретте мәтінді орналастыру үшін орын қалдырылуы тиіс - «Казахстан, Kazakhstan». Марканың/блоктың номиналы, сонымен қатар, басылым жылы және марканың/блоктың сюжетінің тақырыбы болуы керек.
Байқау жұмыстарын байқау аяқталған соң 10 жұмыс күні ішінде арнайы комиссия бағалайды. Олардың құрамында «Қазпошта» АҚ қызметкерлері, суретшілер, дизайнерлер, өнертанушылар болады.
Байқау 2015 жылдың 17 ақпанынан 12 наурызына (Астана уақытымен сағат 17:00) дейін өтеді.

0 пікір