Ұшаққа найзағай түсті
Ұшаққа найзағай түсті
9 жыл бұрын 3500

Мәскеудегі Шереметьево әуежайына қонбақшы болған "Боинг 737" ұшағына жай түскен. Бұл жайында LifeNews ақпарат көзі хабар таратты.

Лайнер Чита-Мәскеу бағытында ұшқан. Ұшақ сәтті қонды, жолаушылар мен экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ. Ұшақ қонғаннан кейін тексеру барысында найзағайдың локатор жамылғысын зақымдағаны анықталды, басқа еш жері бүлінбеген. Мамандар найзағай соққысының зиян келтірмегенін айтады. "Боинг" қалыпты режімде ұшатын болады.

 

0 пікір
Мұрағат