Биыл Меккеге бару билеттерінің құны неге қымбат?
Биыл Меккеге бару билеттерінің құны неге қымбат?
8 жыл бұрын 5981

Бүгін халық алдында есеп берген инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек биыл қажылыққа баратын қазақстандықтар үшін ұшақ билеттерінің қымбаттауына не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды "Baq.kz" ақпарат көзінің тілшісі.

«Жолаушылар тасымалына кететін шығындардың 50 пайызын «Эйр Астана» компаниясы өз мойнына алады деген жоспар болған. Негізі, ережеге сәйкес, оны Сауд Арабиясының компаниясы алуы шарт. Қалған 50 пайызын туристерді жіберіп жатқан мемлекеттің өзі өтейді. Бас кезінде «Эйр Астана» келісті. Бірақ, артынан ол бастамадан бас тартты. Себебі, оған арналған ұшақ зауыттан уақытында жеткізілмеді. Ал басқа әуе компаниялары Сауд Арабиясының азаматтық авиациясына тиісті құжаттарды тапсырып үлгермеді», - деп атап көрсетті Ж.Қасымбек.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде осы жұмысқа басқа компания тартылды. Бірақ, Меккеге баратын билеттердің құны 150 доллардың айналасында болып тұр.

«Келесі жылы біз ертерек қимылдайтын боламыз. Ол кезде 50 пайыздық жеңілдік сақталады. Мен оған кепіл бере аламын», - деді Ж.Қасымбек.

0 пікір
Мұрағат