Есіміне бола аккаунтын бұғаттап тастады
Есіміне бола аккаунтын бұғаттап тастады
8 жыл бұрын 3007

«PlayStation Network» ресурсының модераторлары Сауд Арабиясының геймерінің аккаунтын есімі үшін бұғаттап тастады. Ғаламтор пайдаланушының есімі – «Жиһад». Артынан белгілі болғандай 26 жастағы жігіттің бұл есімі лақап ат емес әдетте ғаламторға тіркелуде қолданылып жататын. Шынында, есімі осылай аталады. «Расында, менің есімім – Жиһад. «Жақсылыққа ұмтылсын» деп осылай қойған»,- деді ол. «Sony» бүгінгі таңда бұл діни термин саясаттың құралына әрі содырлардың ұранына айналғандықтан теріс мағынада қолданылып, әлем елдерінің үрейін ұшырып отыр. Сол себепті, ғаламтор пайдаланушысына есімін өзгертуге кеңес берді.

0 пікір
Мұрағат