Ыстамбұл әуежайындағы теракт: 36 адам қаза тапты, 60 адам ауруханаға жеткізілді
Ыстамбұл әуежайындағы теракт: 36 адам қаза тапты, 60 адам ауруханаға жеткізілді
8 жыл бұрын 2706 tengrinews.kz

Түркияның премьер-министрі Бинали Йылдырым Ыстамбұлдағы Ататүрік әуежайының рейстерді қабылдап жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости агенттігі Haberturk телеарнасына сілтеме жасап.

"Біз әуежайды аштық, әуе хабарламалары қалпына келтірілді", - деп келтіреді премьердің мәлімдемесін телеарна.

Осыған дейін Ыстамбұлдағы Ататүрік әуежайында таңғы сағат 8.00-ге дейін барлық рейстің тоқтатылғаны хабарланған еді. 

Ататүрік халықаралық әуежайындағы автотұрақта, шығаберісінде және кіреберісінде үш бірдей жарылыс болған еді. Оқиға Астана уақытымен сағат 01.00-де болды. Соңғы мәліметтер бойынша, терактіден 36 адам қаза тапты. Шамамен 60 адам ауруханаға жеткізілген.

Алдын ала мәлімет бойынша, Ыстамбұлдағы әуежайда шабуылды екі лаңкес жасаған, олар граната лақтырған.

0 пікір
Мұрағат