БАЛАҒА ҚАНДАЙ ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРІЛЕДІ?
БАЛАҒА ҚАНДАЙ ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРІЛЕДІ?
7 жыл бұрын 5480 Қайыржан ТӨРЕЖАН

Назарларыңызға «Кәмелетке толмаған адамға қандай ықпал ету шаралары тағайындалуы мүмкін», «Ата-ана қандай жағдайларда ата-ана құқығынан айырылады?», «Мемлекет бала тәрбиелеп отырған отбасыларға қандай қолдау көрсетеді?» деген секілді еліміздің әрбір азаматына пайдалы құқықтық кеңестерді ұсынамыз.

Қылмыстық құқықбұзушылық жаса­ған кә­мелетке толмаған адамдарға жаза та­­ғайын­далуы немесе оларға мәжбүрлі-тәр­­биелік ықпал ету шаралары қолданылуы мүм­­кін деп көрсетіледі «Прокурордың 100 кеңе­сі» құқықтық анықтамаларында. Сот мы­­надай мәжбүрлі-тәрбиелік ықпал ету ша­раларын тағайындауы мүмкін:
– ескерту;
– ата-анасының немесе олардың орнын басатын адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалуына беру;
– келтірілген зиянның орнын толтыру мүм­кіндігін жүктеу (бүлінген мүлікті қал­пына келтіру, ұрланған мүлікті қайтару, ақ­шалай өтемақы төлеу, дәрі-дәрмек сана­тор­лық-курорттық жолдамалар сатып әпе­ру және т.б.);
– кәмелетке толмаған адамның дема­лыс уақытын шектеу және оның мінез-құл­қына ерекше талаптар белгілеу;
– ерекше режимде ұсталатын білім беру ұй­ы­мына орналастыру;
– жәбірленушіден кешірім сұрау мін­детін жүктеу (кәмелетке толмаған адам жә­бірленушіге келтірілген зиян үшін өз аты­нан одан кешірім сұрайды);
– бір жылға дейінгі мерзімге про­бация­лық бақылау белгілеу (уәкілетті мемлекеттік ор­ган жүзеге асырады және сот шешімі бойын­ша көзделген міндеттерді орындау кі­реді).
Бірнеше мәжбүрлеп тәрбиелік ықпал ету шаралары бір мезгілде тағайындалуы мүм­кін. Кәмелетке толмаған адам мәж­бүрлеп тәрбиелік ықпал ету шарасын бір жыл ішінде екі және одан да көп рет қа­са­қана орындамаған жағдайда, маман­дан­дырылған мемлекеттік органның ұсынымы бойынша сот бұл шараның күшін жояды және егер қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзі­мі өтіп кетпесе, материалдар кәмелет­ке толмаған адамды оны қылмыстық жауап­тылыққа тарту үшін жіберіледі.
Егер қылмыстық құқықбұзушылық
жа­саған күннен бастап мынадай мерзім-дер өтіп кетсе, адам ол қылмыстық жауап­ты­лық­тан босатылады:
– қылмыстық теріс қылық жасағаннан кейін бір жыл;
– онша ауыр емес қылмыс жасағаннан кейін екі жыл;
– ауырлығы орташа қылмыс жаса­ған­нан кейін бес жыл;
– ауыр қылмыс жасағаннан кейін он бес жыл;
– аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін жиыр­ма жыл.
Бұл ретте кәмелетке толмаған адамды қыл­мыстық жауаптылықтан немесе жаз­а­ны өтеуден босату кезінде бұл мерзімдер жар­тылай қысқарады деп ескертеді заң­герлер.
Қазіргі кезде ата-ана құқығынан айыру де­ректері көп кездеседі. Ата-ана ата-ана­лық құқығынан келесі жағдайларда айы­ры­лады деген мәселеге келгенде көп­шілі­гіміз біле бермейтін сұрақтар туындайды. Бұл мәселеге қатысты мынаны білуіміз ке­рек:
– ата-ана міндетін орындаудан жал­тар­са, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жал­тарса;
– дәлелді себептерсіз өз баласын пер­зент­х­анадан (перзентхана бөлімшесінен), же­тім балаларға, ата-анасының қам­қор­лығынсыз қалған балаларға арналған ұйым­дардан және тағы басқа ұйымдардан алу­дан бас тартса;
– өздерінің ата-аналық құқықтарын те­ріс пайдаланса (мысалы, баланы оқытуға қа­сақана кедергілер келтірсе; балаларын қайыр­шылыққа немесе ұрлықшылыққа бау­лыса; баланы жезөкшелікпен айна­лысу­ға итермелесе; балаларды спирттік ішім­дік­тер немесе есірткі тұтынуға тартса);
– балаларына қатал қараса, оларға фи­зи­калық немесе психикалық зорлық-зом­бы­лық көрсетсе, оны жыныстық қылмысқа итер­мелесе;
– спирттік ішімдіктерді немесе есірткі құрал­д­арын, психотроптық заттарды және (не­месе) соның аналогтарын пайдаланса. Ата-ана өз баласының, жұбайының немесе от­басының басқа мүшелерінің өміріне не­месе денсаулығына қарсы қасақана қыл­мыс­тық құқықбұзушылық жасаған кез­де, ата-аналық құқығынан айырылады. Ата-ана­лық құқығынан айыру сот тәр­тібінде, про­курордың және қорған­шы­лық немесе қам­қоршылық қызметімен айналысатын ме­кеменің қатысуымен жүргізіледі.
Әрбір ата-ана білуі тиіс, әрбір отбасы үшін маңызы бар мына заң актілерінен де ха­бардар болған дұрыс. Мемлекет Қазақ­стан Республикасының заңнамасында бел­гіленген тәртіпте әлеуметтік көмек беру ар­қылы, бала тәрбиелеп отырған отба­сы­лар­ға көмек көрсетеді. Мұндай отбасылар мы­надай мемлекеттік жәрдемақылар ала ала­ды:
Бала тууға байланысты төленетін бір жол­ғы жәрдемақы (бұдан әрі – бала туу жәр­демақысы). Бала туу жәрдемақысы (ай­лық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) өзгеруін ескеріп) мынадай мөлшерде бел­гіленген: бірінші, екінші, үшінші балаға – 31,41 АЕК; төртінші және одан кейінгі ба­лаларға – 52,35 АЕК.
Бала 1 жасқа толғанға дейін бала кү­ті­мі­не байланысты төленетін ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы (бұдан әрі – бала күту жәр­демақысы). Бала күтімі жәр­де­ма­қысы мы­надай мөлшерде белгіленген: бірін­ші ба­лаға – 5,76 АЕК; екінші балаға – 6,81 АЕК; үшінші балаға – 7,85 АЕК; төр­тінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК.
18 жасқа дейінгі балаларға төленетін айы сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұ­дан әрі-ба­ла жәрдемақысы). Бала жәр­дема­қысы әр­бір балаға 1,05 АЕК мөл­шерін­де бел­­гі­ленген (01.01.2018 ж. бастап қол­да­ныс­қа ен­гізіледі). Мүгедек бала (мүгедек ба­лалар) тәр­биелеп отырған анаға немесе әкеге, асы­рап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын ай сайынғы мемлекеттік жәрдема­қы. Бұл жәрдемақы 1,05 ең төменгі жалақы мөл­шерінде белгі­лен­ген. Бала туу немесе бала күтімі жәр­де­ма­қысын тағайындауға жүгіну мерзімдері ба­ла туған күннен бастап он екі айдан ас­пайды.
Патронаттық тәрбиешілерге берген ба­ланы (балаларды) асырауға мынадай мөл­шерлерде ай сайынғы төлем жүргізіледі: мек­теп жасына дейінгі бір балаға тамақтану – 6 АЕК; мектеп жасындағы бір балаға та­мақ­тану – 7 АЕК; бір балаға киім, аяқкиім, жұмсақ керек-жарақ – 3 АЕК. Жетім бала (же­тім балалар) мен ата-анасының қам­қор­лы­ғынсыз қалған баланы (балаларды) асыру­ға қорғаншыларға немесе қам­қор­шыларға төленетін төлемнің мөлшері айы­на 10 АЕК-ті құрайды. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты, бір жолғы ақшалай төлем төленеді, оның мөл­шері 75 АЕК-ті құрайды.
Газеттің келесі нөмірінде «Алимент бойын­ша борышкер болсаңыз…», «Бала асы­рап алғыңыз келсе…», «Баланы бала­бақ­шаға қалай орналастырып, балалар ла­ге­ріне жолдаманы қалай алу керек?» деген мә­селелер бойынша прокурор кеңестерін бере­тін боламыз.

0 пікір
Мұрағат