Еурокомиссия босқындарды қабылдаудан бас тартқан мемлекеттерге санкция салатынын жариялады
Еурокомиссия босқындарды қабылдаудан бас тартқан мемлекеттерге санкция салатынын жариялады
7 жыл бұрын 2283 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Еурокомиссия қазіргі уақытта Италия мен Грекияда шоғырланған босқындарды қабылдаудан бас тартқан Еуроодаққа мүше мемлекеттерге санкция салатынын ескертті. Бұл жайында ішкі істермен, көші-қонмен және азаматтық мәселесімен шұғылданатын еурокомиссар Димитрос Аврамопулос мәлімдеді. Айта кетейік, қазіргі уақытта Грекия мен Италиядан және бірқатар Еуропа елдерінен 15 мыңға тарта босқын ЕО-ға мүше мемлекеттерге орналастырған. Еурокомиссия өз мойнына алған міндетті орындау үшін 40 мың мигрантты ЕО-ға мүше елдерге бөліп орналастыруы керек. 

0 пікір
Мұрағат